Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып математика»

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта,фигуралар
1. Ұйымдастыру.
Армысыздар қадірлі  ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы ат салысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе — бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Ғажайып математика» атты сайысымызды бастаймыз.Сайысымызды бастамас бұрын оқушылар қорап ішінен геометриялық фигураларды алып, топқа бөлініп отырады.Әр топта 4 оқушыдан.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүйрік топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік!

Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алайық.
1.

2.

3.

Және әділқазыларға кішкентай көмекшілеріміз қосылып отырады.

Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.

І-кезең. Таныстыру.

Оқушыларымызды шақырып, топтарымызды таныстырып өтейік.

І топ –Шаршы

ІІ топ – Үшбұрыш

ІІІ топ – Шеңбер

Әр топтан бір оқушы оздерінің топтары туралы айтып береді.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп екінші бөліміміз

ІІ –кезең.Логикалық сұрақтар

1-топ «Шаршы»

  • Нешінші сыныпта оқисыңдар? — 1
  • Шаршының неше қабырғасы болады? — 4
  • 4 тышқанның құлағы нешеу – 8

2-топ «Үшбұрыш»

  1. Сыныпта неше оқушы бар? — 22
  2. Үшбұрыштың неше қабырғасы болады? -3
  3. 2 құста неше аяқ болады? -4

3- топ  «Шеңбер»
          1. Тобыңда неше оқушы? -4

2.Шеңбердің неше қабырғасы болады? Жоқ

3.2 мысықта неше аяқ болады? — 8

ІІІ-кезең.Қалт етпей қағып ал,

         Жауабын тауып ал.

дегендей, бұл кезеңде оқушылар берілген есептерді жылдам әрі қатесіз тауып жарысады. Қане, қай топтың балалары жүйрік екен……..

ІVкезең. Геометриялық фигураларды ата.

Төмендегі көрсетілген суреттерге қарап, жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды атаңдар.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік! – деп, мұнда отырған әрбір топқа геометриялық фигуралар таратылып беріледі.Сол фигуралардан сурет құрастыру керек.
Берілген геометриялық фигуралардан төмендегідей сурет құрастыру

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
V  кезең «Кім жылдам?»
Мұнда оқушыларға есептер беріледі, сол есептерді шығарып,орындайды. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады.

Ендігі кезекті «Ойлан тап!» берейік! Әр топтың жанкүйер оқушылары берілген амалдарды орындай отырып, шыққан өрнектің мәніне сәйкес әріптерді ретімен орналастыру керек. Жауабы: «Жарайсың»

VI — кезең: «Кішкентай математик»
Әр топтың топ мүшелері ойлана отырып берілген есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.

VІІ – кезең. Марапаттау.

Алдыңызда әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Ғажайып математика» атты сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу