Х.Доспанова атындағы №30 орта жалпы орта мектебі,
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы.
Сынып жетекшісі:  Тулегенова Сауле  Сатыбалдиевна
Сыныбы: 3 «А»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы –адамзат баласын тербеткен ұя».

Мақсаты:

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  есте ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтүрі: сыныптан тыс шара.

Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.

Сәттілік біздер тілейік

Мен саған,сен маған

Күндей күліп жүрейік

Күннің нұрын төгейік

Мен саған,сен маған

 

ІІ. Негізгі бөлім.

-Балалар қазір бір жұмбақ жасырамын.Сендер жауабын табу керексіздер?

Онда әкем ,шешем тұрады,

Ата,әже, бауырым

Бәрі бірге қосылып,

Бір ұғымды құрады

(Отбасы)

— Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.

-Бүгінгі тәрбие сағаты да «Отбасы –адамзат баласын тербеткен ұя».деп аталады.

Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді.  Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше.  Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес,  қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады.Отбасын-адамзат баласын  тербеткен  ұяға теңестіруге болады.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке — тірек, ана – жүрек, бала – тілек.

Ендеше үш топқа бөлінейік.

«Ана» тобы.

Ана туралы жыр. (1.40)

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

«Әке» тобы.

Әке туралы жыр. (1.10)

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

«Бала» тобы.

Қошақаным әні

Жазда атамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнап жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен?

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

 Әр топ отбасындағы әкенің ,ананың,баланың  рөлін айтады.

1-кезең.Бейнеролик көрсету.

«Бақытты отбасы үлгісі»

Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады./Ұжымдық жұмыс/

-Ертегінің кейіпкерлері кімдер?

-Бай Сабырға қандай сұрақ қояды?

-Сабыр неге төртке бөлді?

-1,2,3,4 бөліктерді кімге берді?

-Не үшін берді?

-Ертегіден қандай ой түйдіңдер?

Қорытынды.

2-кезең.1-топ. «Отбасы» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.

2-топ. «Бақытты жанұя» постер қорғау.

3-топ.Отбасы туралы шағын көрініс қою.

3-кезең. «Білімдіге дүние жарық»деп аталады.Викториналық сұрақтарға жауап береді.

1 топ.

  1. Балдан тәтті не? (Ананың сүті)
  2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
  3. Білім мен тәрбиенің ордасы (мектеп)
  4. Әкеден балаға беріледі. (мұра)
  5. Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)

2 топ.
1. Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  1. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
  2. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі,

іні.)

  1. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
  2. Отбасының әдет — ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан

ақылдарын тыңдау, үлкендер — кішіге ақылшы, кішіге — көмекші.

3 топ.

  1. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп,

айтқандарын істеу керек.)

  1. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
  2. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

4 Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)

5.Жеті ата ( ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)

 

4-кезең. «Тіл өнер» Мақал-мәтелдердің  жалғасын табады.

1топ.

1.Әкеге қарап — ……………,

Анаға қарап — ………………

  1. Ананың көңілі балада, ……………………..
  2. Ата-ананың қадірін — …………………………..
  3. Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқанда соны ілерсің)

2 топ.

  1. 1. Балалы үй базар, …………………………….( баласыз үй қу мазар)
  2. 2. Ата көрген оқ жонар, ……………………..( ана көрген тон пішер)
  3. 3. Ананың сүті – бал, …………………………..( баланың тілі – бал)

4.Ана сүтін ақтамаған      ………………….. ( ешкімді жақтамайды)

3-топ.

  1. 1. Әке – асқар тау, ………………………..( ана- шалқар көл)

2.«Жеті атасын білмеген: …………….(жетесіз»),

3.Ата көрген оқ жонар, ……………………..( ана көрген тон пішер)

4.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

 

Мәнерлеп оқу.

Аналарға.

Естеу Нүсіпбеков.

Ана.

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

 

2 – оқушы:

Әкем біреу, анам да біреу менің.

Ф.Оңғарсынова.

Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
лар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана — тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.

Қорытындылау.
— Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата — әжеміз, аға — әпкеміз, іні — қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!

Х.Доспанова атындағы №30 орта жалпы орта мектебі,
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы.
Сынып жетекшісі:  Тулегенова Сауле  Сатыбалдиевна
Сыныбы: 3 «А»

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу