Ашық сабақ жоспары

Мамандығы : «Ферма шаруашылығы»

Тақырыбы : «Мотоблоктар»

Сабақтың мақсаты : Мотоблоктардың жалпы құрылысын студенттерге таныстыру, оларды бөлшектеу, жинау, реттеу әдістерін үйрету

Сабақтың тәрбиелік мақсаты :  Студенттерді топтасып жұмыс жасауға, жұмысты ұқыпты, мұқият және еңбек қауіпсіздігін қадағалап атқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың оқу материалдық жабдықталуы:

Техника қауіпсіздік ережелері:

Технологиялық нұсқау карталары

Плакаттар

Стенділер

Үлгі «макет»

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1.Студенттермен амандасу:

Отырыңыздар.

2.Студенттерді түгелдеу.

  1. Студенттердің сабаққа әзірлігін тексеру
  2. Студенттердің құрал-жабдықтарын тексеру, жұмыс орындарын тексеру

Сабақтың құрылысы:

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
  2. Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту (сұрақ-жауап)

Студерттерге сұрақтар:

А. Мотоблоктардың маркаларын атаңыз?

Б. Мотоблоктарда қолданылатын қозғалтқыштарының техникалық көрсеткіштерін атаңыз?

В. Мотоблоктардың жалпы құрылысын атаңыз?

Г. Мотоблоктардың басқа тракторлардан айырмашылығы?

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру. (қысқаша конспект)

Мотоблоктар-арнаулы қозғалтқыш қондырғысымен жабдықталған бір осьті машиналар. МТЗ-0,5 мотоблогы. Минскінің трактор зауытында шығарылады және ол мотоблоктардың ауыр түріне жатады. Оның жұмысшы жылдамдығы кең мөлшерде өзгере алатындығына байланысты онымен көптеген ауылшаруашылық жұмыстарын атқаруға болады. Мотоблок қозғалтқыштан, ілінісу муфтасынан, беріліс қорабынан, басты берілістен, біріктіріп тастайтын қондырғысы бар дифференциалдан, соңғы берілістен, қуат алу білігінен және басқару жүйесінен құралған. Олардың басқа тракторлардан айырмашылығы-тек барлық механикаландыра алады. МБ-1 мотоблокы. Пермь қаласындағы «Мотостроитель» өндірістік бірлестігінде шығарылады. Ол мотоблоктардың орташа түріне жатады. Мотоблокта ДМ-1 маркалы төрт тактылы,  карбюраторлы, ауамен салқындатылатын бір цилиндрлі қозғалтқыш қолданылады. Қозғалтқыш  құрылысының  жоғарыда айтылған мотоблок қозғалтқыштан айтарлықтай айырмашылығы жоқ, тек оталдыру жүйесінде электрондық жүйе пайдаланылады. Мотоблок әр түрлі машиналармен агрегатталады. ПЛ-1 соқасымен, БН-90 тырмасымен, ФНМ-1 топырақ фрезасымен, ОК-2 түптегішпен, КН-1100 шөп шапқышпен, СМБ-1 қар күрегішпен, ПД-401 ағаш өңдегішппен, суаруға қолданылатын су сорғыларымен және сол сияқты басқа машиналармен агрегатталады. М-3 мотоблок. Бұл мотоблокты Харьковтағы трактор зауыты жасап шығарған және ол самағы 70 кг-ға дейінгі жеңіл мотоблоктар қатарына жатады.

Супер-610 Кутанси мотоблогы. Бұл мотоблок Кутаисидің шағын тракторлар зауытында жасалған және ол орташа мотоблоктарга  жатады.

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру.

Студенттерді үш бригадаға бөлемін. Мақсатым студенттерге мотоблоктар мен олардың құрылысын меңгерту.

ІІІ.  Оқушылардың жаттығу және өз бетімен жұмыс түрі.

Студенттерге шағын тракторларды бөлшектеп жинап үйрету. Студенттерге трактор арқылы жаттығуларын өз бетімен орындай білуін меңгерту.

ІV. Бекіту құрылымы.

  1. Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау.
  2. Студенттерді жақсы жұмыс көрсеткені үшін бағалау. Студенттерге жұмыс барысын айту, жұмысқа талдау жасау, жақсы және шамалы жұмыстар болады ма?
  3. Студенттердің жұмыс барысында жіберілген қателіктерін көрсету, болдырмау тәсілдерін үйрету.
  4. Жабдықтарды, жұмыс уақытын және еңбек амалдарын тиімді пайдалану. Жұмыста құралды мұқият ұстауға және тазалықты айтамын.
  5. Өндіріс оқу журналына баға қойылады.
  6. Үйге тапсырма беру.

Мотоблоктар мен шағын тракторлар.

  1. Жұмыс оры\нын жинастыру. Өндіріс оқу шеберханасын 2 студент жинайды, құралдарды орнына қояды.

Студенттер, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Алданышов Руслан Берекетович,
Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу