Сыбайлас жемқорлықпен күрес — бүгінгі күн талабы

«Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

«Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады ?»-деген сауал бүгінгі күннің  өзекті мәселесі болып отыр.  Әрине, «Тәрбие басы-тал бесік»-деп ата -бабамыз бекер айтпаса керек, сол тәрбиені ұстаздарымыз, ата -аналарымыз , болашақтың бастауы -балаларды тәрбиелеп жатыр.

Құқық қорғау органдарының , сондай-ақ аудандық мәжіліс кеңестерінің отырыстарында сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша іс жүргізу сатысында заңдылықтың сақтауы мақсатында өзекті мәселелер талқыланып, осы бағытта ауданымызда бірлескен жоспар мен іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылуда. Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназияның директоры Г.Б. Ережепованың басшылығымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, 4-11 cынып оқушыларының арасынан 88 оқушы өз еріктерімен мүшелікке сайланды. Мектебімізде мұғалімдермен,ата -аналармен және оқушылармен Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  бағдарлмасының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  заңының негізінде жоспар құрылып , жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсам, оқушылар арасында сынып сағаттары,пікір -талас,дөңгелек үстел,сурет байқаулары болса,мектеп ұжымымен педагогикалық кеңестерде,мектеп директорының қатысуымен болған жиналыстарда өзара талқылап жұмыс атқарылуда.

26.01.2019 жылы  «Д.Снегин атындағы № 30 мектеп-гимназия» КММ әкімшілігі және мұғалімдеріне  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодекс талаптарын сақтау мәселелері» тақырыбында Алматы горнизонының әскери прокуратурасының прокуроры әділет капитаны Мұсабеков Мейірбек Ділдаханұлы  дәріс  өткізді. Кездесудің мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларының бұзылуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралардың ауқымын кеңейту болып табылды. Сондай-ақ мектебіміздің оқушыларымен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында  Алматы горнизонының әскери прокуратурасының прокуроры әділет капитаны Мұсабеков Мейірбек Ділдаханұлымен кездесу  өткізілді.

Кездесу барысында жемқорлықтың қоғам мен мемлекеттің дамуына тигізетін кері әсері, жемқорлық көріністеріне қарсы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы айтып, арнайы бейне роликтер көрсетілді.Өз кезегінде оқушылар жемқорлық пен оның күнделікті өмірде алдын-алу шаралары туралы ойларымен бөлісті.Кездесу соңында қатысушылар жемқорлықты әлеуметтік қауіп деп танып, онымен күресті үдете түсу қажеттігіне тоқталды.

Бұл дерттің жаппай жойылу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Олай болса, сыбайла жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұрпақпен жұмыс істеу керек.Бала кезінен қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеп өсіру — біздің міндетіміз.

Жиганбаева Мадина Кенжебековна,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Д.Снегин атындағы №30 мектеп гиминазиясы.
Алматы қаласы, Медеу ауданы.

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу