Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету; жол қауіпсіздігін, өз өмірмерін сақтай білуге тәрбиелеу. Көше тәртібін бұзбауға баулу.

Көрнекілік: бағдаршам, сызылған жол, жол белгілері.

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:

  • Құрметті балалар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгердік, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:

1)Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ, тоқта, жүр дейді.

  • Бағдаршам

2) арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

Табыңдаршы, балалар

Бұл жұмбақтың шешуін

  • Жол
  • Жарайсыңдар, балалар!
  • Бағдаршам дегеніміз не?
  • Бағдаршам неше түрлі болады?бағдаршам жарықтарының қызметі жайында айтып бере аласыңдарма?
  • Қане, балалар, бәріміз жолда жүру ережесімен танысайық. Мынау қандай белгі?
  • Сақтандыру, ескерту белгісі
  1. Тыйым салу белгісі

Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар,  бағдарла, көз салып жан — жаққа

  1. Міндеттеу белгісі

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

  1. Нұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын, тұратын,

Үн – түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын

Күндіз де, түнде де от болып жанады.

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

 

Тәрбиеші қалада қозғалыстардың көп болса да, бір – біріне кедергі келтірмейтін айтады. Бұл көлік жүргізушілеріне және жаяу адамға да арналған қатаң ереженің сақталуынан екендігін түсіндіреді. Көшенің екінші бетіне өтудің өзі жай емес, бұған бізге бағдаршамның үш көзі: жасыл, сары, қызыл көмектеседі. Бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Реттеушінің қолында таяқшасы болады.

МАИ қызеткері қонаққа келіп, балалармен амандасып, өзін таныстырып, көше немесе жол заңы деп «Жолда жүру ережесін» айтады.

— Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін еске салып бір рет қайталап көрейік.

  1. жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт
  2. егер жолдан өтуге үлгермесең. Орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт
  3. жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақпен кейін оңға қар
  4. жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
  5. жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды

Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтді)

— жарайсыңдар, балалар бәріңде жолдан дұрыс өттіңдер. Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.

— міне, сендер жолда жүру ережесін және жол белгілерін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер. Ендеше біз ойынымызды аяқтаймыз.

Енді, балалар бағдаршам мүсінін әдемілеп жасап шығарайық!

Қалимолла Базаргүл Ануарқызы. БҚО Сырым ауданы, Жетікөл бастауыш мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу