СПИД- ғасыр дерті

СПИД –иммундық қуаттың әлсіреуіне соқтыратын жұқпалы ауру. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, ауру адамның иммундық жүйесіне зақым тигізіп, қорғаныс қабілетінің кемдігіне әкеп соқтырады. СПИД-пен аурыған кезде адам денесінде Т-лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны азайып, дененің ауруға қарсылық күші жойылады. Кесел баяу адамды әлсіретеді. СПИД- өте қауіпті қатер, оны « ХХ ғасырдың обасы» деп бекер атамаған. Қорқынышты жағдайдың себебі – ауруды жұқтырған адамды емдейтін дәрі-дәрмек жоқ.

Вирустың жұғу жолдарының үш түрі белгілі;
1.Қорғану тәсілдерін қолданбай жыныстық қарым-қатынаста болған кезде жұғады.
2.СПИД вирусын жұқтырған адамның және сол қаннан жасалған препараттар арқылы (қан препараттары, қан жұққан шприц пен ине, сондай ақ тазаланбай қайта пайдаланған дәрігерлік құрал -саймандар).
3.СПИД вирусын жұқтырған анадан бойдағы балаға, яғни нәрестеге жұғады.

СПИД вирусы әдеттегі тұрмыстық жағдайда жұқпайды: қол алып амандасқанда, құшақтасып сүйгенде, тұрмыстық құрал жабдықтар және түрлі транспорттардың ішіндегі тұтқалар арқылы вирус таралмайды.
Вирус адамға жұққаннан кейін, бірнеше апта өткен соң ауру белгілері байқала бастайды. Адам себепсіз дел-сал болады, қызуы көтеріліп, басы ауырып, іші өтеді. Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстіндегі бездер үлкейсе – ол аурудың өте күдікті белгілері болып саналады. СПИД вирусы орталық ми жүйесіне әсер етіп, есалаңдыққа шалдықтырады.

Қазіргі кезде Республикамызда СПИДке қарсы күрес жұмысын атқаратын арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Д.Снегин атындағы №30 мектеп гимназиясында қараша айында Медеу ауданы мемлекеттік органдарының «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы» іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Ведмоство аралық штабы «Аманат КӨМЕК» Қоғамдық Қорымен бірлесе отырып, Медеу ауданы «Нашақорлыққа қарсы» акциясының шеңберінде жоғарғы сынып оқушыларының арасында баяндамалар оқылып, видео роликтер көрсетіліп, оқушылармен пікірлесу өткізілді. Бүкіл дүние жүзіндегі СПИДпен ауырғандарды зерттеп, және осы ауруға қарсы күресуші галымдар мен мамандардың айтуы бойынша СПИДтен қорғанудың бір-ақ жолы бар. Ол-білім.

Қорыта айтқанда, тәртіпті өмір сүріп, арақ-шарап, нашалардан алыс болып, кездейсоқ жыныс жақындасудан бас тартса, әрбір адам өзін-өзі СПИДтен қорғай алады. Сонда халқымыз арасында СПИД ауруының тарамауына қарсы күресуге өз үлесін қосады.

Скачать “СПИД- ғасыр дерті” ma-ala-spid.docx – Загружено 5 раз – 16 KB

Загрузка...
Загрузка...
ЖариялағанКенжалиева Сания Жанатбековна
Бөлісу