Биология сабағында  диалогтық оқытудың маңызы(баяндама)

Түркістан облысы,
Ордабасы ауданы,
Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы  жалпы орта мектебі КММ,
Биология пәні мұғалімі
Ершебекова Марина Есенбековна

Баяндама

Тақырыбы: «Биология сабағында  диалогтық оқытудың маңызы»

Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұн қамтамасыз ету міндеті қойылған.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге болады және де, оқытушы тек қана білімді алып жүруші емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт–бағдар берушісі болып табылады.

Оқушының ойын жүйелеуде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады:

—    Жаңа материалды меңгеру;

—    Оқушыға бағыт беру, түрткі сұрақтар қоя отырып, реплика беру;

—    Оқушының өзін көбірек сөйлету;

—    Тақырыпты ашу;

—    Игерілген білімді тиянақтау;

—    Сыныптағы диологтың маңызы;

Диологты оқытуды таңдаған себебім – оқушының  сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсіл деп ойлаймын.

Диологты оқыту – мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп , оқушылардың сол оқу материалын дайындап және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақты реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Күтілетін нәтиже:  Мұғалімдердің ықпалдастырылған жеті модульдің бірі – диологтік оқыту жайлы түсініктері қалыптасады, оны өз сабақтарында тиімді пайдаланады.

Күтілетін нәтиже:  Мұғалімдердің ықпалдастырылған жеті модульдің бірі – диологтік оқыту жайлы түсініктері қалыптасады, оны өз сабақтарында тиімді пайдаланады.

Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диолог көбәне мұғалім мен оқушы арасында диолог өтілетін , онда да диологка оқушыларды таңдап алынатын , сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай тұйықталып калатын.Сабақтан кейн бәріміз бірлесе отырып , сабағымызды талдау барысында диологты оқытуда жақсарту үшін не істеуіміз керек деген сұраққа сабағымызды күнделікті диологты пайдалану арқылы жүзеге асырамыз.

Ең алдымен сабақ  бастамас бұрын, атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыруды оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын амандасудан бастап алып, сабағымды үй тапсырмасы бойынша берілген «Сұрыптаудың мақсаты мен міндеттері» атты тақырыпта Құрбанов Нұржігіт озінің дайындап келген слайдтарын көрсетіп  оқушы өзін сан қырынан көрсетіп өз ойын толық түсіндіре білді.

Қазірдің өзінде сыныптағы  оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті;

. оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

.  оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;

.  оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;

Сыныптағы талқылау жұмыстары мұғалімнің басқаруымен сол тақырып бойынша оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі түрінде болады. Көптеген сыныптарда оқушыларды  әңгімеге  тарту  қиын.

Выйготскийдің оқу моделі оқушы диолог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға  қолдау көрсете білу мұғалімнің ролі ерекше.

Мұғалімге сұрақ қою негізінен «бастама –жауап-кейнгі әрекет» үлгісінде болады.

Мысалы:

Бастама(мұғалім): Селекия кандай мағынаны білдіреді?

Жауап(оқушы): Сурыптау деген мағынаны білдіреді.

Кейінгі әрекет(мұғалім): Дұрыс.

Бұл модель әңгімеге бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын мұғалім.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ  дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданылады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды.Бұл жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар.Ал жоғарғы дәрежелі сұрақтар қойылғанда оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға талдауға тиіс болады.

Бірлесіп ойлау оқушылармен диолог құру арқылы іске асады. Дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың  оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады . Әңгіменің үш түрі бар. Олар:

  1. Әңгіме дебат:

— ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады:

— қарым-қатынас көбіне «Ия +Солай» «Жоқ олай емес» деген бағытта жүзеге асады.

— орта бірлесуден гөрі көбіне бәсекелестәкке бағытталған.

  1. Кумулятивтік әңгіме:

— айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әркайсына механикалық түрде келісе береді.

— әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идялардың төзімділікпен тыңдайды.

  1. Зерттеушілік әңгіме:

— әркім ақылға қонымды мәләмет ұсынады.

— әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен мұқият бағаланады.

— қатысушылар бір- біріне сұрақ қояды.

Біздің көз алдымызда жанарлары жәудіреп, білсем екен, үйренсем екен деп шәкірттеріміз отырады. Біз осындай қарқынды дамып жатқан заманда дәстүрлі білім берумен шектеліп қала .алмаймыз. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан–жақты зерттегендердің бірі. Ол былай деген еді: «мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді». Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады

Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушылар үшін ең маңыздысы – қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар  берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.

Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білімді жетілдіру сәйкесінше пәндердің оқу бағдарламаларын күрделендіру арқылы жүзеге аспауы тиіс, керісінше оқыту үдерісі оқушылардың практикалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын орындаудағы креативтілік ойлауын қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметтерінде қолдана білуге дайындауға бағытталуы тиіс.

– өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан түрлі әдістер мен технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету;

– жазбаша   жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.

 Пайдаланған әдебиеттер

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012ж

2.Дәріс материалдары.

  1. «Қазақстан мұғалімі» республикалық журнал 2012ж.

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық 38-42 бет.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.