Сабақтың тақырыбы: «Нүктелі  графика »                         

Пәні ; Графика.                                                                                                              Сыныбы: 3-4«б»сынып                                                                                    Уақыты:                                                                                                                Берілген уақыт саны:

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Графика туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.

Дамытушылығы: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы,  пропорциясын, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету.Фантазиялық ойлау  қабілеттерін қолдану арқылы дамыту.Өнер түсінігін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие        беру.

Сабақтың түрі:  Нүктелеп немесе штрихтап сурет салу.

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер,слайд Суретшілердің туындылары.

Құрал-жабдықтар: А3 формат, түрлі конструктор қарындаштар, өшіргіш, гельді қалам/ қара/ т.б.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сурет салу.

Сабақтың барысы:                                                                                          І.Ұйымдастыру кезеңі-2минут

ІІ.Өткен сабақтарды қайталау-13минут

ІІІ.Тәжірибелік кезең-25минут

ІV. Қорытындылау,бағалау-5минут

 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару.  Салған суреттерінің құрылымын үйрету арқылы суатты сурет салуға баулу . Ең алдымен бейнеленген суреттің жалпы пішіні қағаз бетінде дұрыс нүктеленіп немесе штрихталғанын қадағалау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан бірнеше теориялық сұрақтар қою.

ІІ.Өткен сабақтарды қайталау сұрақтары:                                                І.Графика дегеніміз не? Графика —-( гр.  graphein, жазу, тырнау,  cалу) деген ұғымды береді.      Бейнелеу  өнерінің  бір түр .

ІІ. Компоновка   дегеніміз не?   Қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру

ІІІ.Пропорция дегеніміз не?   Бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу.

Графикада кескіндеме жанырындағыдай акварель,гуащь, пастель пайдаланылады.Графиканың көп ғасырлық тарихы бар.Батыс Европаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт  орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов,  Василий Перов, Илия Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнерінің қорын байытты. Қазақстандағы графика суреттердің ежелгі (полеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б.  жерлерде жартастарға салынған сутреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930-50 жылдар аралығында қалыптасқан.

ІІІ.Тәжірибелік кезең.    Бүгінгі сабақта   графикалық  жұмыстар орындаймыз. Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайм түрлерімен танысалық .Ол үшін қажетті материалдар мыналар; ағаш сабы бар өткір инелер, пышақ немесе алмас, қара тушь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.                                                                                                Қара тушьты қағаз  бетіне толық жағып шығу  қажет. Тушь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді.Осылайша графиканың ең жеңіл түрін бейнелеуді үйренеміз.

Графика   —   бейнелеу өнерінің бір жанры.  Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса,графикада сызықтар,штрихтар,ашық және қара дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады,сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады.                                                                          Графикаға гравюраның барлық түрлері  (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет  түрлері  жатады.

ІV.  Қорытындылау  бағалау. Салыстырмалы түрде жұмыстарды саралау.Оқушылардың деңгейлерін тексеріп,сабақты аяқтап бағалау.

Куанова Айгуль Каримоллаевна
Атырау облысы.Жылыой ауданы,Құлсары қаласы
Құлсары балалар өнер мектебі
Көркем сурет бөлімінің мұғалімі
Материал тақырыбы: ашық сабақ «Нүктелі графика»

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу