Жаңа жылдағы таң-ғажайып ертегілер

Балалар билеп шығады. Орындары жайғасып отырып алған кезде, жүргізуші шығады. Осылай билеп жатқан уақытта жалмауыз кемпір балалардың арасынан 2-баланы алып кетіп қалады.

Жүргізуші: Салеметсіздер ме, ата-аналар, ұстаздар! Бүгін біз, № 5 бөбекжай балабақшасындағы «Көгершін» тобы жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. Құрметті ата-аналар бүгінгі ертеңгілік-қойылымымызды ашық деп жариялаймыз!  Ал олай болса іске сәт!

  Ертегі: Ерте,ерте,ертеде, ешкі жүні бөртеде, күндердің бір күнінде қоян балаларды жаңа жылмен құттықтауға ертегілер әлемінен жер ғаламшарына келеді.  

Қоян(Әбді): О, міне, менің алғыр балақайларым! Қалайсыңдар? Мен сендерді өте қатты сағынып кеттім. Келе жатқан жаңа жыл мерекелерін құтты болсын! Балалар сендер ата-аналарынды тыңдап жатырсыңдар ма? Жарайсыңдар! Ал енді маған кім жаңа жылға арнап жаттаған тақпақтарын айтып береді?! 

  1. Бейбарыс:Жаңа жыл,жаңа жыл.

                    Жасыл шырша  жанында,

                     Жадырап,Көгершін тобының балаалары жүр,

                      Кәне, достар тұрмайық,

                    Қарсы алайық жыл басын,

                    Қызықтан бос қалмайық,

                    Шырша жыры самғасын.

                    Құтты болсын, Жаңа жыл

                    Құтты болсын Жаңа жыл.

2.Райымбек:Құтты болсын ағайын

                   Жаңа жылың тағыда

                   Қол соғып қарсы алайық.

                   Шақырайық ортаға,

                   Ертеңгілік басталсын.

3.Нурали:Жаңа жылыңмен,Жаңа жылыңмен,

                 Құттықтаймыз әрине,

                 Әкемізді анамызды,

                  Қонақтардың бәрінде.

4.Айша:Біздің балабақшада

            Шырша тойы басталды,

              Аяз ата, Ақшақар,

             Біздермен мәз болды.                       

Қоян(Әбді):Сендердің араларыннан 2-бала жоғалып кетіпті ғой! Жоғалған екі баланы кім көрді? Олар қайда кетуі мүмкін? (залдан іздейді).

Осы кезде ортаға түлкі(Ұлпан) шығады.
Түлкі(Ұлпан
): Мен түлкімін,түлкімін. Әлемдегі ең әдемі, ең қу жануармын. Мен барлық жағдайдың шешуін табамын!

Түлкі билейді. Өзі билейді-1минут.

Қоян(Әбді):  Түлкі, сен өзіңді қатты жақсы көресің ғой! Бір уақыт бізге де көңіл бөлші! Маған сенің көмегін керек! Балақайлардың арасынан екі бала жоғалып кетті. Бұл жұмыспен жалғыз өзім ештене бітере алмаймын. Сені жайдан-жай жұрт айлакер деп айтпайды ғой. Сен маған көмектес?!

Түлкі(Ұлпан):Эмммм, ия, мен әлемдегі ең қу жануармын! Барлығынан айламды асырып, барлығын алдап кете аламын! Ия, сонша сұрап тұрсыңғой, көмектессем, көмектесейін. Білесіңдер ме, балалар, сендер маған тақпақтарынды айтып беріңдерші. Сендерді көрмегелі көп болды емеспе.

5.Айзере:Мұздан моншақ  тағынып,

               Күміс қырау жамылып,

               Ортада тұр Ақшақар,

               Көптен күтіп сағынып.

6.Рамазан:Біздің  байтақ далада,

                Асқар тауда,қалада,

                Биыл ғажап іс болды

                Таңғажайып қыс болды.

 7.Фатима;Тақпақ өлең жаттады,

                Би үйрендік көрсін деп,

              Аяз ата шаттанып,

             Бізге  риза  болсын деп.

8.Аңсар:Жаңа жылым  мол болсын,

            Басқан қадам оң болсын,

            Төрле, төрле жаңа жыл,

             Бізге құтты жыл болсын.

Түлкі(Ұлпан): Жарайсыңдар! Бірақ менің оны шешуге күш-қуатым жетпейді! Мен ата-аналардан көмек сұрайыншы?! Ата-аналар, сіздер балаларыңызға жаттатқызған тақпақтарыңызды жатқа білесіздер ме? Мүмкін, балалар сіздердің дауыстарыңызды естіп, адасып кеткен жерден дұрыс жолды табатын шығар! Ата-аналар, қане, белсендірек!

Қоян(Әбді):  Мүмкін сенікі де дұрыс шығар. Көрейікші. Қане, ата-аналар бізге көмектесіңіздерші?!

Ата-ананың біреуі түлкі мен қоянға қарап тақпақты айтып береді.

Қоян(Әбді):  Не деген өнер? Қандай күшті ата-ана . Баласының нағыз қамқоршысы!

Түлкі(Ұлпан): Балалар оралды мекен?! Жооқ, олар жоқ қой. Бұл да көмектеспеді.

Қоян(Әбді):  Байғұс балақайлар қайда екен? Қыстың ызғарлы күні далада жаурап қалған жоқ пекен? Олар тіпті кішкентай ғой. Қазір нестеп жатыр екен? (Әбді жайлап жылаған секілді болып айтады)

Түлкі(Ұлпан):Әбді,сен менің де көңілімді түсіріп жібердің ғой! Енді не істедік? Біздің қолымыздан ештенке келмейді ғой. Біз де кішкентаймыз.

Олар шыршаның қасына барып,жылап отырады.

Осы уақытта ортаға Үлкен Түлкі мен Қоян билеп кіріп келеді.

Қоян(Аружан):Оооо, Балақайлар, сәлем, қалайсыңдар? Сендерді көрмегелі көп болды!

Түлкі(Диана): Қоян, біздің балаларымыз да осы жерде екен! Шыршаның қасында не істеп отыр? Кеттік,барып көрейікші.

Түлкі(Диана), Қоян(Аружан) шыршаның қасында жылап отырған кішкентай түлкі (Ұлпан) мен кішкентай қоянның(Әбдінің) қасына барады.

Түлкі(Диана):Не болды сендерге? Неге бұлай отырсыңдар?

Қоян(Аружан): Неге жылап отырсыңдар? Айтсаңдаршы, неге көңіл күйлерін жоқ.

Қоян(Әбді):  Білесіңдер ме, балалардың арасынан 2-бала жоғалып кетіпті. Олардың қайда екенін білмейміз!

Түлкі(Ұлпан): Біз не істерімізді білмей отырмыз! Бізге көмек қажет. Себебі біз өзіміз кішкентаймыз ғой!

Қоян(Аружан):Аааа, түсінікті! Сендер уайымдамаңдар біз балаларды олардың достарының көмекгімен табамыз.

Түлкі(Диана): Ия,қоян. Балалар бізбен бірге шығып бір би билесінші. Соған қарай балалар келетін шығар.

Би- «Зима-красавица»

Түлкі(Диана):Жарайсыңдар,балалар! Қараңдаршы екі балақай арамызға оралды ма?

Қоян(Аружан):Жооқ, түлкі біз оларды оңай таппаспыз! Ааа, айтпақшы, мен бір ханшайымды білемін! Оның қолынан бәрі келеді. Соны шақырайықшы. Бізге ханшайымның көмегі керек!

Қоян(Әбді):  Балалар ханшайымды ортаға шақырайық! Ханшайым деп айқайлаңдар. Ханшайым,ханшайым,ханшайым.

Ортаға ханшайым кіріп келеді.

Ханшайым(Бота): Сәлем, қоян,түлкі. Қалайсыңдар,балақайлар? Сендерді сағынып кеттім! Не болды, қоян, не себепті шұғыл шақырттыңдар? Мен ертегілер әлемінде бәрі күтіп отыр ғой. Менің артық уақытым жоқ!

Түлкі(Ұлпан): Ооо, ханшайым неткен кереметсіз! Сұлулығыныз көз тамсандырады.

Ханшайым(Бота): Рахмет! не болды, не себептен жедел шақырттыңдар? Менің көп адамға көмегім қажет. Олар менің көмегіме мұқтаж. Тез-тез айтыңдаршы, мені ертегілер әлемінде күтіп отыр.

Қоян(Әбді): балалар жоқ! Тапшы соларды? Сен бізге көмектесе аласын ба?! Аяз-ата келсе, біздің сазайымызды береді. Ол балаларды бізге табыстап кетіп еді. Ал енді, біз кеткенше оларды біреу ұрлап кетіпті. Еш жерде жоқ!

Ханшайым(Бота): Бірінші балалар маған өнерлерін көрсетсін дейді. Балалар тақпақ айтады.

9.Аслан:Тоғайда, бауларда

            Ақ күміс жамылды,

             Балада ,тауларда.

             Өзіңді сағынды.

 10.Сезім:Оралды өлкеме.

             Жаңа жыл армысың,

            Оралды ақ корпе

             Асқар тау қарлы шың.

11.Інжу:Ақ қар жапты даланы,

          Ақ жамылды айнала,

         Жарқыратып шамдарын,

         Шырша келді ортаға.

12.Нұрсәт:Тілеймін мен бар әлемге

             Дос көп болсын.Жаңа жыл!

              Ата,әже,Ата,әже.

              Құтты болсын Жаңа жыл!

Ханшайым(Бота): Жарайсыңдар, не деген ақылды балалар! Менің қолымнан ештенке келмейді. Бұған күшім жетпейді. Мен құрбымды шақырайыншы ол сиқырлы таяқшасымен балаларды тауып береді.

Ханшайым(Аяулым) ортаға шығады.

Ханшайым(Аяулым): Не болды, құрбым? Не жайт? Неге шақырдың?

Қоян(Әбді): Ханшайым бізге көмектесші. Сенің таяқшан сиқырлы ғой. Соның көмегімен жоғалған екі баланы табайықшы.

Ханшайым(Аяулым): Мен қазір сиқырлы таяқшалардан сұрап көрейін. Сиқырлы таяқшам,біздің екі балақайды қайда?,- деп айта бастағанда жалмауыз кемпір кіріп келеді.

Жалмауыз кемпір(Дара): Хахаха, сендер жан таласып іздеп жатырсыңдар, ал мен болсам жаңа жылдың сәнін құртып жатырмын. Мен ол сүйкімсіз балаларды өзіме бала қылып аламын.

Ханшайым(Бота): эй, жалмауыз кемпір,сен олай жасай алмайсын. Аяз ата мен ақшақар білсе не болады?

Қоян(Әбді) : сен біздің балаларды сүйкімсіз деме, олар өте ақылды, алғыр балалар.

Жалмауыз кемпір(Дара):Ахахахаааха, жақсы, жарайды. Балалар маған өнерлерін көрсетсін.

Қоян(Аружан)Балалар ортаға  шығып жаттаған тақпақтарынды айтып беріңдерші!

Түлкі(Ұлпан): Ия, сендердің өнерлерінді жалмауыз кемпір көріп қызғанып кетсін, өнерлеріңді көрсетіңдер!

Балалар тақпақ айтады.

13.Рақымжан:Жасыл желек жамылған.

                  Асыл моншақ тағылған

                 Міне сұлу шыршамыз,

                 Көптен  күтіп сағынған.

                                         

 

  1. М.Санжар:Жылдың әнін бастайын,

                    Аяз ата кеп қалды.

                   Майысады жас қайың,

                 Көтере алмай ақ қарды.

 15.Алихан:Тамаша.Тамаша.

               Шыршамыз тұр тамаша.

               Басында әсем жұлдызы.

                Көз тартады қараса

Жалмауыз кемпір(Дара): Маған сендердің түкке тұрғысыз балаларыңның жаттаған тақпақтары мүлдем ұнаған жоқ! Мен ол балаларды қайтармаймын! Тіпті армаңдамаңдарда! Ахахаххаахаха.

Ханшайым(Аяулым): Қалай сенің дәтің жетеді, жалмауыз кемпір. Не деген мейірімісізсін!

Жалмауыз кемпір(Дара)Ахахаххаха, сендер ме мені түзейтін?! Сендер ең алдымен өз балаларыңның бар, жоғын тексеріп, соларды қарап алыңдар. Ахахахаха.

Түлкі(Диана): Ханшайым, жалмауыз кемпірмен сөйлескеннен пайда жоқ. Сен дым түсінбейсін, жалмауыз кемпір. 

Түлкі(Ұлпан): Не себепті сен сонша тасжүрексің?

Қоян(Әбді) :Қайтаршы бізге оларды, мыстан кемпір? Өтінеміз? Олар бізге ауадай қажет! Олар кішкентай балалар емес пе? Ең болмаса соларды аясаншы. Олар да біреудің балалары ғой. Мыстан кемпір, қайтаршы балақайларды өтінеміз?

Қоян(Аружан)Қоян, сен жыламашы. Мыстанмен сөйлескенннен пайда жоқ. Біз одан қайта ортаға аяз атаның немересі, айдай сұлу ақшақарды шақырайық. Ол бізге балаларды қайтару міндетті түрде көмектеседі.

 Түлкі(Диана):Ия,қоян. Балалар ақшақарды шақырайықшы. Ақшақар деп айқайлайық. Ақшақар,ақшақар,ақшақар.

Ақшақар ортаға билеп кіреді.

Ақшақар(Гүлназ) балалармен амандасады. .

Ақшақар(Гүлназ): балалар, қалайсыңдар? Жаңа жылдарынмен! О, түлкі, қоян,ханшайым сендерде осы жерде екенсіңдер ғой.  

Балалардың арасынан Арлан ақшақарға арнап тақпақ айтайық деп шығады.

13.Арлан:Қуантып бақшаны,

             Жаңа жыл келді,Өсетін болдық

           Бір жылға енді.

          Жаңадан тақпақ,

         Аламыз жаттап,

          Жаңа жыл келді,

          Жаңа жыл аппақ

Ақшақар(Гүлназ): Дұрыс, жарайсың балақай! Өте ақылды екенсің!

Қоян(Әбді): балалар ақшақарға билеп берейікші.

Би-«Буратино». Билейтін балалар ортаға шығып билейді.

Жалмауыз кемпір(Дара): Мен оларды қайтармаймын! Қанша ойлансамда ол балалар менің өзіме қажет. Жақсы, менің көзім толық жетуі үшін балалар тағы да тақпақтарын айтып берсін.

Ханшайым(Бота): Балалар, жалмауыз кемпір сендердің өнерлері екендеріне күманданып тұрғой деймін.

Қоян(Аружан): Балалар жаттаған тақпақтарыңды айтып жіберіңдерші?!

Түлкі(Диана): Оййй, мыстан кемпір сен босқа күманданасың! Біздің балалар өнерлі.

Түлкі(Ұлпан): Олардың өнерін тамашалағын келіп тұр екенғой, мыстан кемпір.

Қоян(Әбді):  Балалар мыстан кемпірге өлең айтып берейікші. Ол сендердің ақылды екендеріне сеніп тұрған жоқ!

Өлең –«Жаңадан тақпақ».

Ақшақар(Гүлназ): Біздің балалар неткен ақылды. Олар тақпақ та ,өлең де, биде біледі.

Қоян(Әбді):   Ақшақар, бұл ештене емес қой. Олар өте алғыр балалар. Сабақтарын жақсы оқиды.

Ақшақар(Гүлназ): Достар, балалар, одан қайта аяз-атаны шақырайықшы. Ол бір шешімін табады емес пе?

Қоян(Әбді):   Ия, жалмауыз кемпір, аяз ата сені жыртады! Балалар ортаға аяз атаны айқайлап шақырады. Аяз ата, аяз ата, аяз ата.

Ортаға аяз ата кіреді.

Аяз ата(Рита апке): Салеметсіндер ме,балалар? Қалдарын қалай? Ооо,менің балақайларым алыс жолдан дорбаланып мен сендер үшін келдім. Жаңа жылға қарай өзімнің сыйлығымды алып келдім.

Қоян(Әбді): аяз ата, аяз ата біздің балақайларды мыстан кемпір алып кетіпті. Ол бізге оларды қайтармай жатыр.  

Ханшайым(Аяулым): Аяз ата сізге арнап балалар тақпақ жаттапты. Сіз оларды тыңдаңызшы.

Аяз ата(Рита апке): Тыңдайын, балалар айта қойыңдар!

17.Інкар:Ақ таяғын таянып,

               Таңмен бірге оянып,

               Аяз ата келіп тұр

                Ақ көрпе оранып.

            Ал, балалар тұрмайық

         Би билейік ойнайық

           Аяз ата қуансын

           Дөңгеленіп зырласын.

            Көрдіңбе Аяз атаны

          Аппақ екен сақалы

          Аппақ екен мұртыда

         Аппак екен шапаны.

  23.Нұрсултан:Аяз  ата ақ сақалды,

                     Ақ таяқты пәк ата

                    Асып өтіп, асқар тауды.

                    Жеттің бізге таң ата.

24.Әмірхан:Ақ қырауға  малынған

                 Сақалы да мұртыда.

                 Аяз ата сағынған,

                 Сәлем берем жұртыма.

25.Нурай:Жаңадан тақпақ.

                      Аламыз жаттап.

                       Жаңа жыл келді,

                      Жаңа жыл аппақ.

26.Медина;Ақ қар жапты даланы.

                    Ақ жамылды айнала

                    Жарқыратып шамдары,

                    Шырша келді ортаға.

Түлкі(Диана): Балалар тек қана тақпақ жаттап қойған жоқ, олар тіпті сізге ән айтып бергісі келіп жатыр. Аяз ата, сіз оларды да тыңдаңызшы.

Ю(Әбді):   Мен айттым ғой біздің балақайлар өтпе алғыр.

Ән-«шырша жыры»: Бейбарыс, Фатима, Айзере, Санжар.

Аяз ата(Рита апке)Жарайсыңдар! Менің балақайларым. Мені өте қатты таңғалдырдыңдар! Сендер сияқты ақылды балаларды бірінші рет көріп тұрмын. Ал енді айтшы жалмауыз кемпір, сен менің балаларымның ақылды екендігіне көзін жетті ғой. Енді қайтар оларды.
Жалмауыз кемпір(Дара): Аяз ата, маған балалардың өнері өте қатты ұнады. Мен өзім ұрлап кеткен екі баланы қазір қайтарып беремін.

Жалмауыз кемпір бір қолында мысығы, бір қолында Арланды алып шығады. Қоян(Аружан) мен Түлкі(Диана)  барып Мариямды қолдарына көтеріп алып шығады.

Жалмауыз кемпір(Дара): Аяз ата мен сендерге уәде беремін, мен екінші жамандық жасамаймын. Менікі дұрыс болған жоқ. Кешіріңдергі мені.

Аяз ата(Рита апке): Ештпене етпейді, мыстан! Сүрінбейтін тұяқ болмайды. Қателесіп қателігінді түсінгенін дұрыс болды. Енді тек қана жақсылық жаса. Егер жақсылық жасасан, сол жақсылығын өзіне мың есе болып қайтады.

Ақшақар(Гүлназ):  Мыстан, одан да бәріміз бірге  ән айтып, би билейік. 

«Жаңа жыл»-ән хоровод.

 Аяз-атамен би-«Танец с Дед Морозом»

Автор: осылайша ертегіміз соңына жетті! Осы бір жайтттан кейін жалмауыз кемпір жамандық жасауын азайтып, жақсы жаққа өзгерді.   Ертегінің соңы. Назарларыңызға мың да бір рахмет!

Балалар билейді-«Современный» би
Автор: 
ертегінің кейіпкерлерін қарсы алыңыздар. Бір би биледі.

Автор: бүгінгі қойылымымызды өткізуде зор еңбегі сіңген музыкалық жетекшіміз- Мусаханова Венера Тиленшиевнаны қарсы алыңыздар.

Автор: Ал ендігі кезекте қойылымымыздың ұйымдастырушылары, тобымыздың тәрбиешілері, балаларымыздың екінші аналарын ортаға шақырайық. Сонымен қарсы алыңыздар Даулетбаева Раушан Адильбековна,

Темирхан Маржан .

Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге, тәрбиешілермен бірге билейді.

Аяз ата сыйлық береді.

 

Даулетбаева Раушан Адильбековна, 
№5 бөбекжай балбақшасының тәрбиешісі
Алматы қаласы. 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу