«Абай шыңы» конкурстық іс-шарасы. Рымжанова Алмагуль Салимовна

«Абай шыңы» конкурстық іс-шарасы. Рымжанова Алмагуль Салимовна

Скачать “Абай шыңы” Abaı-shyńy-konkýrstyq-is-sharasy.docx – Загружено 9 раз – 36 KB

Abaı shyńy konkýrstyq is-sharasy

Тақырыбы:«Абай шыңы»

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.

Әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау,түсіндіру, өлең оқу, ән айту,

Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Өту орыны: «Науалы балалар үйі»КММ

Өту күні: 29.01.2017 жыл

Тәрбиеші сөзі:  Құрметті тәрбиешілер , оқушылар тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! «Тіл-тірегім» үйірмесінің жылдық қорытындысының негізінде ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Абай-шыңы»  атты ашық тәрбие сағатымыз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Мұнда Абайдың өмірі, өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Қорытынды конкурстық сайыс ретінде ұйымдастырылып отырған іс-шарамызда жыл бойына үйренген тіл дамыту жұмыстарының нәтижесін бағалаймыз. Белсенді ат салысуларыңызды сұраймын.

Әділ-қазылар алқасын таныстыру: __________________________________

_________________________________

_________________________________

1-жүргізуші Света: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2-жүргізуші Лена : Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

 

Сахнаға Абай шығады (Чуканов Роман):

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

 

1-оқушы Өзбеков Ерік: Өмірбаян.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр  балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан  арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе  араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.

 

 

2- оқушы Асхатқызы Айгерім: Фотосуреттерді сөйлету.

 

34 оқушы Гусева Настя, Стафурова Катя: Абай туралы сөз

Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші  болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда  данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде  туды да, қорлықпен өтті.

Шәкәрім.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан  бұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы.

Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Мұхтар Әуезов.

Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

Ғабит Мүсірепов.

Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели…. қандай  ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай  теңдессіз құбылыс.

Қайсын Кулиев.

Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді…. Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық  бауырласы екенін таныттты.

Шыңғыс Айтматов.

Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев

1- жүргізуші Света: Абай қазақ халқының біртуар  ұлы екені белгілі. Халқы «Ақыным» деп қастерлі атақ берген, әдебиет көгіне шығарған Абай Құнанбаевтың есімін әнге қоса шырқап ұлықтау біздің парызымыз. Олай болса алаш алыптарының қасиетін әнге қосатын Арманның орындауында «Халық қасиеті» туындысымен ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!

(Ән.  Жиенбаев Арман «Халық қасиеті»)

2-жүргізуші Лена: Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М.Лермонтовтың,Л.НТолстойдың,Салтыков–Шедриннің,Гетенің шығарма-ларын аударды. Абайдың төл шығармаларының қатарына поэмалары, 45қара сөзі, өлеңдері кіреді. «Ескендір» поэмасынан үзінді. Оқитын Тарасова Настя.

1-жүргізуші Света: Туғаннан  дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кіреді денең

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен.- деп, Абай атамыз жырлағандай, кезекті Абайдың қаламынан туған шығармаларға берейік. Осы тұста «Тіл-тірегім» үйірмесінің өлең оқу бағыты бойынша ең үздік оқырманы таңдалады. Әділ- қазы алқалары ескере отырыңыздар.

5-оқушы Варфаломеев Вова: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

6-оқушы Гула Вика: «Ғылым таппай мақтанба»

7-оқушы Степаненко Карима: «Әсемпаз болма әрнеге»

8-оқушы Слесаренко Лидия : «Интернатта оқып жүр»

9-оқушы Варфоломеева Аня: « Сенбе жұртқа тұрса да сені қанша мақтап»

10- оқушы Гетрянцев Ринат:___________________________________

11-оқушы Қаңтарбаева Анеля: _________________________________

12- оқушы Педенко Никита____________________________________

13- оқушы Тарасова Света «Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»

2- жүргізуші Лена: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, домбыраның құлағында емін-еркін ойнайтын Максимді «Ерке сылқым» күйімен ортаға шақырайық.

1- жүргізуші Света: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп ұлы ақын жазып кеткендей, біздің де ортамызда Абай ата сияқты өлең сүрлеуіне аяқ басқан ізбасарлары өсіп келеді. Ортаға ақынға арналған «Дана Абай» өлең жолдарымен Ленаны шақырайық. Қарсы алаңыздар.

Ендігі кезекті Абай шығармашылығына арналған сұрақтарға берейік. Бұл арада дұрыс жауап берген оқушылар ескеріледі. Әділ-қазылар әр дұрыс жауапты  5- баллдық жүйемен бағалайды.

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).
  2. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоғжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

  1. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
  2. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).
  3. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
  4. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
  5. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
  6. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
  7. Абай кімге ғашық болды? (Тоғжанға)
  8. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

 

2-жүргізуші Лена: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырған, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған. Ұлы Абайдың «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей » деген өлең жолдары халық арасында кең айтылып, мақал-мәтелге айналғанын білеміз. Кезекті мақал-мәтел сайысына берейік. Бұл жерде өзіне сенімді деген оқушылар шықса. сіздер өзара сайысасыздар. Біріңіз мақалдың басын бастасаңыз, екіншіңіз аяқтау керексіз. Дұрыс жауапқа 5 балл беріледі.

1-жүргізуші Света: Іс-шара барысында сіздер Абай туралы деректермен таныстыңыздар деп ойлаймыз. Олай болса ой-сергіту сәтіне өтейік. Бұл арада Абай туралы көз-қарастарыңызды білдіресіздер. (Абайды топтастыру, көрермендермен)

2- жүргізуші Лена: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- дей келе, кезекті әнге берейік. Ән «Ана тілім», орындайтын Настя.

1- жүргізуші Света: Тіл-тірегім үйірмесінің назарға алып отырған, таза сөйлеу және тіл дамытуды қалыстастыруға әсер етуші, септігін тигізуші қазақ халқының қолданыстағы жаңылтпаштарының рөлі зор. Осы ретте кезекті «жаңылтпаштар әлеміне» берейік.  (Жаңылтпаштар жарысы)

2- жүргізуші Лена: Бүгінгі кешті қорытындылай келе, әділ-қазылар алқасының шешімі дайын болғанша, алдарыңызға «Мереке» әнін ұсынамыз. Орындаушылар Женя және Арман. Қарсы алыңыздар

 

 

Марапаттау рәсімі

 

Қош сау болыңыздар!

«Тіл-тірегім» үйірмесінің жылдық жұмысын қорытындылау негізінде өткізілетін «Абай шыңы» конкурстық іс-шараның бағдарламасы

 

  1. Өмірбаян А. Құнанбаев, Өзбеков Ерік
  2. Фотосуреттерді сөйлету Асхатқызы Әйгерім
  3. Абай туралы сөз Гусева Настя, Стафурова Катя
  4. Ән: «Халық қасиеті» орындайтын Жиенбаев Арман
  5. Поэма «Ескендір» Тарасова Настя
  6. Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, А. Құнанбаев өлеңдерін мәнерлеп оқу, 6-7-8 сынып оқушылары
  7. Күй «Ерке сылқым», Кирьянов Максим
  8. «Дана Абай», Дымченко Лена
  9. Сұрақ-жауап кезеңі
  10. Мақал-мәтел сайысы
  11. Топтастыру «Абай шыңы»
  12. 12. Ән «Ана тілім», Гусева Настя
  13. Жаңылтпаштар әлемі
  14. 14. Ән «Мереке», Женя және Арман
  15. Марапаттау рәсімі

 

Жұмысты толық оқу үшін жүктеп алыңыз

Скачать “Абай шыңы” Abaı-shyńy-konkýrstyq-is-sharasy.docx – Загружено 9 раз – 36 KB

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.