Түркістанды түлеткен тарихи шешім

Өз шығармамды ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінен үзінді арқылы бастасам: Бақытым бар үшінші — Отан деген. Кім мықты десе — Отан дер ем! Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. «Отан» жай ғана айтылған сөз емес. «Отан» деген сенің жүрегің, қаның және жаның. Отан — сенің үйің. Ол сенің туған жерің ғана емес, ол сенің атамекенің. Отан десең алпауыт ұғымда естіледі. Өйткені Отан — сенің жүрегің. Менің Отаным — Қазақстан. Қазақстан — Тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1-желтоқсанда өзіміздің президентімізді сайладық. Ел басшымыз – Нұрсұлтан Назарбаев. Тәуелсіздік алу — еліміздің барлық халықтары үшін аса маңызды тарихи оқиға. Қазақ елін әлемнің басқа да елдері тани бастады. Туған жерімізде әр түрлі маңызды өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Біздің ең үлкен жетістігіміз — бейбітшілік. Еліміздің өз армиясы бар. Қазақстанның жер қойнауында барлық кеннің түрлері бар. Ақырын қадам басып біздің Отанымыз дамыған елдердің қатарына ене бастады. Біздің мақсатымыз бен міндетіміз — Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау. Біздің болашағымыз — жаңа технологиялар. Болашақта әр адам қазақ тілінде сөйлуге тиісті. Біз басқа да тілдерді меңгеру керекпіз. Әр азаматтың білім деңгейі жоғары болу керек. Отанымыз тек қана жоғары деңгейде дамуы керек. 2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 өтті. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. V ғасырда көшпенділер мен отырықшы халықтың шекарасы түйісетін тұста бой көтерген Түркістан екі жақтың да өркениеті мен мәдениетінің орталығы болған. Сол күйінен бүгін де танған жоқ. Қазір бүкіл түркі әлемі Түркістанды рухани орталығы санайды.Ұлы Жібек жолының бойында орын тепкен Түркістан қаласы ерте заманнан мәдени, саяси шаралар өткізілетін әрі сауда-саттықтың орталығы болған. Мұнда түрлі дін тоғысып, халықтың дүниетанымына орай бірін бірі алмастырып отырды. ХІІ ғасырдан бастап Түркістан Орталық Азияның рухани, саяси және идеологиялық мекеніне айналды. Қазақ хандары астанасын осында орналастырды. Есімханның кезінде өзінің теңгесі басып шығарылған. Ал Абылайды халық ақ киізге отырғызып 3 жүздің ханы етіп көтерді. Қазақтың біртуар азаматтары өзін Түркістанға жерлеуді аманат еткен.Абылай хан осында жатыр, Есім хан осында жатыр, Қазбек би де осында. Қаншама басқа хандар осында жерленген. Міне, осы жағынан алып қарағанда біздің Түркістан шын мәнінде қазақ үшін ең қасиетті қала екендігі, тек қазақтар үшін емес, түркі тілдес азаматтар үшін де осындай қасиетті екендігі айдан анық.Түркістанның рухани астанаға айналуына ислам дінін уағыздаушылардың бірі Қожа Ахмет Яассауидің орны бөлек. Оның хикметтері, пәлсапалық шығармалары адамзат ойының жауһары саналады. Бүгінде Түркістанға келген адам бір сәт күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, тарих қойнауына бойлайды, рухани баййды.Түркістан Қазақ хандығының ордасы болған әрі рухани тағылымы мол тарихты мекен екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, Президент бұл қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан үлкен өркениет орталығы екенін қадап айтты. «Тек қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі жұртының зиярат жасайтын қастерлі орны. Оның рухани өмірінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үлкен орны бар екенін білеміз. Тарихы терең Түркістанның туризм үшін де маңыздылығы ерекше. Қаланың тоғыз жолдың торабында орналасуы сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындар үшін өте қолайлы. Сондықтан Түркістан қай жағынан алсақ та, облыс орталығы болуға әбден лайық», — деп атап өтті Елбасы. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірді. «Мен қол қойған «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Ал қазақ хандығы мен түркі әлемінің жүрегіне айналған Түркістан қаласы ел басшымыздың жарлығына сәйкес 19 маусым 2018 жылы облыс орталығы болып бекітілді», — Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша бұл өңір енді Түркістан облысы деп аталатын болады.»Бұл әкімшіліктің аумақтың құрылымдық өзгерістері осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруін көздеген тарихи құжат болады. Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік, логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ. Биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент Қазақстанның ең ірі үш мегаполисінің қатарына қосылды», — деді Нұрсұлтан НазарбаевЕкі бірдей қала қайта түлейді. Бұл Президенттің көптің көкейіндегісін дөп басып тосыннан жасаған сыйы болды. Оңтүстік Қазақстан өңірі халқының саны жағынан да, экономикалық жағынан да, халқының менталитеті жағынан да Қазақстанның басқа облыстарынан ерекшеленіп тұратын өзгешелеу аймақ екені жұрттың бәріне бұрыннан белгілі жайт. Осындай өңірдің орталығын Түркістанға қарай ойыстыру идеясы тектен тек туындамаса керек. Рухани жаңғыру идеясының шын мазмұны енді ашылғандай күллі қазақ халқы қуанып, бірінен бірі сүйінші сұрап жатқанына куә болудың өзі бақыт. Түркістан – еліміздегі ең көне қалалардың бірі. Түркі әлемінің талбесігі, тірегі болатындай міндет . Түркістан өз халінше дамыды, мәдени, сауда орталығына айналып, өсті, халқының саны да артты. Ендігі жерде оның рухани, экономикалық әлеуетін одан әрі өрістету үшін өз алдына облыс орталығы етіп құрылып жатқанын өте батыл әрі маңызды қадам ретінде қабылдады. Түркістанымыз ежелден әлемге әйгілі қалалардың бірі болып келгені аян. Әсіресе, атақ-даңқының шығып, түбі бір түркі жұртымен жақындасып, алыс-жақынға танылған кезі Әзірет Сұлтан мешітінің салынуымен байланысты өрістеді. Түркістан – түркі жұртының орталығы. Бүкіл тарихи тұлғаларымыздың, қазақ көшін алға сүйреген ұлыларымыздың сүйегі сонда жатыр. Бұл онсыз да бұрыннан рухани астана болып келген еді. Енді, міне, арнайы Жарлықпен бекітіліп, айрықша мәрте­беге ие болып отыр. Ондағы мәдени ошақтар, ондағы аудандық көлемдегі көпте­ген кеңселер ендігі жерде облыстық деңгейге көтеріледі. Мағжан Жұмабаевтан бастап Түркістанды жырға қоспаған ақын жоқ. Мағжан «Тамаша Түркістандай жерде туған, түріктің Тәңірі берген несібесі ғой» деген еді, болашақты айна-қатесіз болжағандай өлең болды. Дулат Исабеков, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлтты ұйыстыратын мекен болады. Түркістан облысының құрылуы Қазақстан халқы үшін өте үлкен мәртебелі іс болды. Бұл – тарихи шешім. Біз Түркістанды айтқан кезде, түркі әлеміндегі рухани орталықты көзге елестетеміз. Түркістанды дамыту, әлеуетін арттыру, экономикасын көтеру, туризм және дін саласындағы орнын толықтыру үшін дәл осындай шешім сұранып тұрған болатын.

Елбасы осының бәрін терең ойластыра келе, уақыты келген сәтте тарихи шешім қабылдады. Енді Түркістанға инвестиция ағылады, инвесторлар, туристер, шетелдік компаниялар көптеп келіп, өңір халқының әл-ауқаты жақсара түспек. Ең бастысы, халықтың саны өседі. Тұрғындар саны енді бес-алты жылда жарты миллионнан асуы мүмкін. Қаланың дәрежесі де жылдан-жылға арта түспек. Жалпы, облысты екіге бөле отырып, Шымкент қаласына республикалық мәртебе берілуі, Түркістан облысының құрылуы – құрылымдық өзгерістер жасауға қауқарлы мемлекеттің ғана қолынан келетін іс. Бұл – еліміздің экономикалық әлеуетінің жоғары екендігінің белгісі. Осының әсерінен алдымен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы оңала түспек. Мысалы, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табысы арта түседі. Әдетте халық ірі қалалардың маңайына шоғырланып, демографиялық ахуал да жақсара түсетіндігі ғылымда дәлелденген.Сондықтан Елбасы шешімінің саяси, тарихи маңызы жоғары. Киелі мекен – Түркістан барша түркі халық­тарының рухани астанасы ретінде дами түседі. Енді Түркістанды облыс орталығына айналдыру үшін жаңадан әкімшілік ғимараттар салынады, тұрғын үйлер көбейеді. Бұл өз кезегінде мыңдаған жұмыс орындарын құрып, кәсіпкерліктің дамуына жол ашады. Ең бастысы, қаланың инфрақұрылымы – жарық, жылу жүйелері жаңаланып, автокөлік жолдары жөнделеді. Бұл игілікті істер түркістандықтардың бас қосып, туған жерінің гүлденуіне үлес қосуына ықпал етері сөзсіз

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Tengrinews.kz

 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу