Абуов Жалғас Абайұлы: Менің – Президентім!

 

Абуов Жалғас Абайұлы

«Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның

Тарих пәнінің мұғалімі

Түркістан облысы

 

Менің – Президентім!

«Мемлекет басқару өнері – өнер атаулының төресі»

Домикрит

 

Тарихқа көз жіберетін болсақ, жер бетінде адам баласы биліксіз, басқарусыз өмір сүре алмайды? Өмірдің өзі жалқы мен жалпыдан, билеуші мен халықтан тұрған. Мемлекет басшысы өз елінің тұтқасы, тәрбиешісі. Қалған ел соған қарап бой түзейді, іс істейді, сөз саптайды.

Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, егемен ел болдық, әлем елдері бізді тани бастады. Мақсатымыз айқын – озық дамыған отыз елдің қатарына кіру, қадамымыз нақты — «Мәңгілік Ел» болу. Әлемнің көшбасшысы елдерінің қосылу үшін бізде қажетті нәрсенің бәрі бар. Әрине оның бәрі де, тікелей себепкері де әрдайым халқына адал қызмет етіп келе жатқан – Елбасымыздың арқасы.

Тәуелсіз еліміздің іргесін қалап, шекарасын айқындап, халықтың әл-ауқатын арттырып, болашаққа нақты бағдар беруде Елбасының халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, дініміз мен діліміз қайта жаңғырып әлемдік картада «Қазақстан» деген атпен еліміз қарыштап өркендеп өсуде. Қазақстанды қазір әлем мойындайды, оған дәлел Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық, Халықаралық ЭКСПО 2017 көрмесі, әлемнің 180-нен астам елінен туристер келіп қазақ елімен танысты.  Әлемдік дәстүрлі діндердің басқосулары біздің елімізде өтуі, біздің бейбітшілікті жақтаған ел екенімізді дәлелдеп отыр.

Елбасы мемлекеттің дамуына нақты жоспарлар мен мақсаттарды әрқашан айқындап тіпті оның орындалу барысын да жүйелеп отырады. Ол индустриялды-техникалық материалдық жағы ғана емес қазақ елінің рухани болмысын да шет қалдырған емес. Оған дәлел Елбасымыздың 2017ж жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. Онда ұлттық код, ұлттық мәдениет болмаса, сақталмаса ешқандай ел болмайды. Тәуелсіз еліміздің кемелді келешегі жолында өткен ғасырлардан жеткен ұлттық құндылықтарымыз, қасиетті туған жеріміз, дініміз бен тіліміз тарихи ескерткіштерімізді сақтап, бағалай білу адамның азаматтық борышы екенін атап өтті.

Елбасымыз «Қазақстанның  болашағы – жастар» деп білімді жастарға үнемі алғашқы орынға қойып келеді. 2018ж 5 қазан «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында 2019ж «Жастар жылы» деп жариялануы Елбасымыздың жастарға үлкен міндет пен үмітпен қарауы тәуелсіз еліміздің «Мәңгілік Ел» болуға деген алысқа жоспарланған болашағының кепілі.

Бұл біз жастарға үлкен абыройлы міндет пен мақсат жүктейді. Елін сүйген, жастарына жағдай жасаған мемлекет басшысының үмітін ақтау әрбір жастың, әрбір азаматтың ел алдындағы үлкен міндеті деп білемін.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Скачать “Менің – Президентім!” Abýov-Jalǵas-Abaıuly.docx – Загружено 8 раз – 14 KB

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.