Менің туған өлкем — Абуов Жалғас Абайұлы

Скачать “Менің туған өлкем” Tuganzher.docx – Загружено 6 раз – 14 KB

«Балдәурен-Шымкент» Республикалық оқу сауықтыру орталығы

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылы.

Тарих пәнінің мұғалімі Абуов Жалғас Абайұлы

 

«Менің туған өлкем»

    Мен ұлыңмын аманатқа берікпін,

    Бабалардан ұлылықты көріп шын.

    Жар саламын бар әлемге айқайлап,

    Туған жерім Қазақстан көріктім!

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, Нысанбек ауылында орналасқан «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның орналасқан жері,тарихы. «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ы  17 га аймақты алып жатыр. Онда оқу корпустары,жатаққаналар,спорт кешені,медицина кешені,акт залы,конференция залы  орналасқан.Тау бөктерінің әсем де,табиғаты керемет өлкесінде орналасқан «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның өзіндік сырға толы ерекше тарихы бар.Осы сырға толы тарихи өңірде Нысанбек ауылы орналасқан.Бұл өңірде бұрыннан қапал руы тұрады.Қапал-Дулаттан тараған Жаныстың баласы.Осы жөнінде Шоқан Уалихановтың «Ұлы Жоңғария очеркі» деген еңбегінде мәліметтер беріліп өткен.Орталық территориясы арқылы тарихы тереңде жатқан Тоғыс өзені ағып жатыр.Өзеннің Тоғыс аталуы да тарихтан үлкен сыр шертеді.Тарихына тоқталар болсақ жаугершілік заманда қазақ пен жоңғар арасындағы шапқыншылық кезінде жоңғар қонтайшысы Қалдан Церенге қарсы осы өзен маңында қазақ әскерлері тоғысып,күш біріктіріп жеңіске жетеді.Жеңіске жетуге үлкен үлес қосқан осы өзен Тоғыс өзені деп аталып кеткен.Өзеннің бірінші бастауы «Қайнар»,екіншісі «Шайдана» деп аталады.

Қайталанбас әсем де,көркем табиғатымен талай жанды тамсандырған  «Балдәурен-Шымкент» өлкесінде мынадай таулар орналасқан.

«Балдәурен-Шымкент» РОСО-нан қарағанда мынадай әсем жерлерді көруге болады.

Сарқырама,Диірмен(осы жерде тау шаңғысы орналасқан),Ордақонған,Үйген тас,Ақ тас,Қабанбай сай,Күйген арша,Тоғыстың төрі,Үш сала

Ал «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның сол жақ беттеріне қарайтын болсақ

Тас қара,Сарымсақ сай,Үш темір,Темір аққан,Науыт сай,Ырғайлы,Суық сай,Ұлар тау,Кипник таулары т.б орналасқан

Ал оң жақ беттеріне келер болсақ

Әмір сейіт,Қайнар,Тамшылы,Доңыз тау,Сарқырама,Сухой балка,Тасқара,Майдан тал т.б

Таудың артқы беттеріне келер болсақ

Су сіңген,Тотайын көл,Қара тас,Айғыр жыққан,Ақ көйлекті келіншек,Қазан шұңқыр,Теке ойнақ,Иір жол,Аю сай,Баймаштың жайлауы,Ұларлы,Ақ тау,Қақ тау,Бәйбіше(Бірінші жайлау),Бәйбіше (екінші жайлау),Кіші өгем,Үлкен өгем,Тоған бұрған т.б

«Балдәурен-Шымкент» РОСО-на Республика өңірлерінен демалушы балалар келіп жатыр.Орталық балалардың қабілетін шыңдайтын,балалардың бас қосып,достасып келешекте үлкен ғылым әлеміне жол істейтін ізгі арнаға айналған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.