Скачать “Саусақпен көбейту тәсілдері” Sausaqpen-kobeitu-tasilderi.docx – Загружено 2 раза – 13 KB

      «Балдәурен-Шымкент» Республикалық оқу сауықтыру орталығының математика пәні мұғалімі Аманбаев Әуелхан Абдыханұлы

Тақырыбы: Саусақпен көбейту тәсілдері

Беталысы күнде күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол-білім. Білімнің қайнар қөзі –ұлттық дүниетаным. Қазақ халқының әрбір әрекеті бала тәрбиесі оның санасының кемел болуына бағытталған.

Елбасымыз:

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен өлшенеді. Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдыаспаны деген болатын.

Халқымыз ежелден есептеудің еркін әдіс-тәсілдерін қолданған. Қазіргі таңда ментальды арифметика тәсілі арқылы математикалық амалдарды тез арада үрдісі қолға алынып жатыр. Ұлттық есептеу үлгілері туралы Ж.Аймауытовтың «Қирағат» атты оқу құралында баяндайды. Осы ретте бала күнімде әке-ағаларымыздан үйренген көбейту амалдарымен бөлісуді жөн көрдім.

Төменгі сыныптарда балалар көбейту кестесін жаттау керек болады. Ал оларды жаттау балаларға саусағымен көбейтуді үйретіп жіберсе және шатасқан кезінде өзін-өзі түзеуге көмектеседі.

Ол үшін бала 1-ден 5-ке дейінгі көбейту кестесін жаттаса жеткілікті қалған 6-дан 9-ға дейінгі сандарды саусақты пайдалана отырып көбейтуге болады. Олай болса түйіндірейін әрбір қолда бес саусақтан бар, осыны пайдалана отырып көбейтеміз.  Мысалы 6 жердегі 7-тің 42 болады. Ал саусақпен бес саусағыңды 5-тен 6-шы бір қолыңдағы саусақты бүгіп келесі, 7-ні келесі  қолыңа 6,7-ден екі саусақты бүгеміз. Бүгілген саусақтарды қосамыз (бір қолыңда 1 саусақ, екінші қолыңда 2-саусақ жалпы 3 саусақ) 3 болады бұл  жатқандарды ондықтар деп аталады, яғни 30 болды. Бүгілмеген саусақтарды көбейтеміз ( бірінші қолда 4 саусақ, екінші қолда 3 саусақ 4-пен 3-ті көбейтсек 12 болады. Олай болса бүгулі жатқан 3 саусақты 30-дан алып оған 12-ні қосамыз. 30+12=42 болды. Олай болса 6 жердегі 7-тің 42 болады. Дәл осылай 8 жердегі 9-ды да дәл осылай көбейтуге болады.

Бірінші қолдан 6,7,8-ден үш саусақты бүгемін, екінші қолдан 6,7,8,9 деп төрт саусақты бүгемін. Бүгілген саусақтарды ондық деп қосамын. (3+4=7), демек 70 болады. Бүгілмеген бірінші қолдағы екі саусақпен екінші қолдағы бір саусақты көбейтеміз, яғни 2*1=2. Олай болса 8 жердегі 9-ым 70+2=72 болады. Дәл осылай кез келген 5-тен үлкен екі санды көбейтуге болады.

 

Загрузка...
Загрузка...
ЖариялағанАманбаев Әуелхан Абдыханұлы
Бөлісу