Скачать “Нағыз қазақ-қазақ емес...” домбыра.doc – Загружено 1 раз – 53 KB

2018 жылғы «Химия — ел ырысы, ғасыр үні»  атты Республикалық

менделеевшілер турнир 3 ауысымның

«Нағыз қазақ – қазақ емес…»

 

Іс-шараға жауапты:

Ермекбай Бекжан Ерғалиұлы

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

 

Өткізілу орны: Қазақ тілі және әдебиеті кабинеті

Өткізілу уақыты: 21.11.2018 ж.

Іс шара түрі:    ашык тарбие сагаты

Мақсаты:1.Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың  сабаққа ынтасын, қызығушылығын  арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Әдісі:  сұрақ-жауап, көрнекілікпен түсіндіру, әдеби- музыкалық  монтаж.

Пәнаралық байланыс:  өмірмен, тарих, музыка.

Көрнекілігі:Музыкалық аспаптар, суреттер, нақыл сөздер, слайд, компьютер

Сабақтың өтілу барысы:

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

 

Кезеңдері
1.Домбыраның тарихы
2.Домбыраның құрылымы
3.Әуенді ойын

 

«Ой қозғау»

«Тақырыпты ашу»

Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспабы болады.Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал.

Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар — домбыра мен қобыз аспабы. Уақыт өте келе аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: қылқобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, асатаяқ, сазсырнай, дауылпаз, тұяқтас және т.б.  (Суреттері көрсетіледі)

 

1.Домбыраның тарихы

   1989 жылы Алматы облысы, Майтөбе жайлауында профессор С.Акитаев жартас суреттерінен бір адамның аспапта ойнап, оның айналасында билеп жүрген адамдардың бейнесін көрген.  XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Аңыз…

    Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.

Музыкалық аспаптар аңшы немесе бақташы, кейде жылқышымен байланыстырылады. Бұндай сюжеттер моңғол халқында бар. Ал қазақтағы мәтін былай: «Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған аңын сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жіберсе, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты.

Күндердің бір күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жатса, құлағына ерекше бір жағымды әуен, құйқылжыған үн, үзілмейтін сарын естіледі. Жан-жағына қараса бір бұтақтан бір бұтаққа керіліп қалған қос ішекті көреді. Жел соқса ішек ызыңдап қоя береді екен. Қамбархан әлгі ағашты кесіп алып, шауып, жонып, домбыра жасапты да, күй шертіпті. Қамбарханның бұл жаңалығы бүкіл қазаққа аңыз болып таралыпты».

Қамбархан туралы бұл әңгіме қырғызда бар. Қырғызда Қамбархан қыз бейнесінде, ол ғашығына қосыла алмай күйік тартып, орманды кезіп жүріп, түлкінің ішегі керілген ағашты кездестіріп, содан комуз аспабын жасап, «Қамбархан» деген алғашқы күйді шығарған деседі.

Қорыта айтқанда, домбыраға халық рухының, ділінің, арман-шерінің, сағынышы мен сырының нілі әбден жұғып, алтын аңыз боп сіңгенін, домбыра өткенді оралтып, өлгенді тірілтетін құдіретті аспап екенін бұл мысалдардан анық байқауға болады.

 

.Жұмбақтар шешу.

Бұл аспап-ата көзі, баба мұра.

Қазақ үшін теңі бар ма, бағалы да,

Тербеліп кетсе шектер, теріп перне.

Теңіз күйлер төгіледі шанағында.   (домбыра)

 

Қос желі, үш жерінен қазығы бар,

Құбылған қоңыр желден азығы бар.

Желіні сабалайды дыңылдатып,

Байғұстың соншама не жазығы бар?

 

Екі ішекке бір тиекті қондыра,

Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.

Білсең егер айта қойшы балақан,

Бұл қай аспап?  (Бұл- кәдімгі домбыра)

 

Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап – домбыра аспабы. Домбырада әр түрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау тіпті классикалық шығармалар да орындауға болады.

Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік соғыс кезінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ер жүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал, ұлы күйшілер күй өнерінің  негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттер домбыра аспабында өте шеберлікпен ойнағанын мақтанышпен айтамыз. Домбыра аспабы бір сөзбен айтқанда қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады.

Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда домбыра ұлттық болмысты бейнелейтін симбол, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.

Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады. Шанағы(кеудесі) мойны және басы.

Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып тұратын түйме орналасқан. Мойны он тоғыздан жиырма екіге дейін пернелерге  бөлінген.

Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші қызмет атқарады.

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.

— Домбыра аспабында ойналған қаралы қайғыны естірткен аңыз күй «Ақсақ құлан»

(Сурет бойынша ауызша түсіндіру)
Домбыра туралы өлең шумақтары

  1. Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл –сәл кем бұра.

Қазақ –нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ — домбыра.

  1. Домбыра – шертіп тартылатын ішекті аспап.
  2. Домбыра, мұнша шешен болдың неге,

Күй талғап көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің

Саусағың тиіп кетсе ішегіңе.

4.Домбырамен сөйлеткен

   Махаббаты халқымның

   Жігер беріп күй деген

    Шақырады алтын күн.

  1. Домбыра тілегімді қуаттасаң,

Үніңе үзіле бір құлақ тосам.

Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,

Бойдағы қуатыма қуат қосам.

  1. Қос ішек толқынды өзен, сұлу арна,

   Екпіндеп еркін аққын, тұрып алма.

   Мен білсем, домбыра сен –махаббатсың,

   Махаббат тіршілікте суынар ма?

  1. Әдемі сенде әуен бар сезінгенге,

Менің де оны ұқпаған кезім кем бе?

Үніңе құлақ тосам құлап түсіп,

Тірліктің  у –шуынан безінгенде.

  1. Тарт күйіңді, домбыра,

    Төгіл –төгіл тәтті күй

    Тау суындай сылдыра,

    Тауда тұман тұрмасын,

    Ойды, қырды қыдыра

    Күй әлемді шарласын.

  1. Төксін десең сырын саз,

Құлағын тек оң бұра

Үніне ерсең, жұртың мәз.

Ел мақтаны домбыра.

«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны.

Күй тыңдалады.

Кімнің күйі және атын табу керек.

1 Құранғазы «Балбырауын»

2 Қазақ халық күйі «Кеңес»

3 Тәттімбет «Сарыжайлау»

4 Құрманғазы «Адай»

5 Дәулеткерей «Қосалқа»

 

Сабақты қорытындылау:

Ойынның шарты: Қазіргі кезде домбырамен ән айтатын әншілеріміздің  суреттері көрсетіледі. Сол әншінің кім екенін табу.

                                  

«Бәйге» ойыны арқылы  сабақты қорытындылау.

Оң жақтағы  —   60                   Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы.

Ортадағы      —   50                  Күй атасы мен анасы кімдер?

Сол жақтағы —  70                  Аңыз күй қалай аталады?

Оң жақтағы   —  30                  Кімнің баласы аңға шығады?

Сол жақтағы —  10                  Хан баласының өлімін кім естіртеді?

Ортадағы       —  40                  Хан не деп жарлық

 

шығарды?

Загрузка...
Загрузка...
ЖариялағанЕрмекбай Бекжан Ерғалиұлы
Бөлісу