«Журналистика негіздері» атты авторлық бағдарлама

Токтагулова  Нуржамал  Шәленқызы

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылы

«Балдәурен-Шымкент» республикалық оқу-сауықтыру орталығы

Скачать “«Журналистика-негіздері»-атты-авторлық-бағдарлама.docx” «Журналистика-негіздері»-атты-авторлық-бағдарлама.docx – Загружено 3 раза – 24 KB

«Журналистика  негіздері»  атты  авторлық  бағдарлама

Бағдарлама  мазмұны:

1.Түсініктеме

2.Оқу- тақырыптық  жоспар

3.Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

Түсініктеме

«Журналистика негіздері» курсы бейімді оқыту тұжырымдамасына негізделген. Әлемдік сахнадағы қоғамның ғылыми,техникалық жетістіктеріне байланысты аталған курсты оқыту маңызды болып саналады. Еркін білім мен ақпарат алуда журналистика тілдің стильдік сапасын жақсартуға бағытталған ғылым.Қоғамдағы адамның қазіргі өмірі жаппай коммуникацияның қарқынды дамуымен байланысты(радио,телевидения,интернет т.б.) Жоғары сынып оқушылары осы аталған бағдарлама барысында стилистика бойынша білімдерін тереңдетіп,кеңейтеді. Бағалық бағдарламадан тыс публицистикалық стиль жайлы және жаңа ақпарат алады. Болашақ журналист,редактор,тілші,репортер мамандықтарына қатысты бағдарлама оқушылардың білімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

  1. Бағдарламаның өзектілігі:

—    Тілдік сауаттылықтарын арттыру;қоғамдық және күнделікті өмірде қажетті ауызекі тілдік сауаттылықтарын дұрыс қолдана білуге үйрету;
—   Мектеп түлектерін қызықтыратын журналист, репортер, редактор, тілші мамандықтарын теория және практика жүзінде таныстыру;
—    Дәстүрлі емес жазба жұмыс түрлері арқылы тіл мәдениеттерін,сөздік қорларын арттыру;

—    Бағдарлама арқылы оқушылардың теориялық және шығармашылық білімдерін практикалық тапсырмалар орындау арқылы белсенді игеруге бейімдеу

 

  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

«Публицистика — шығармашылық шеберханасы». Әдеби жұмыстың шығармашылық қырын таныту арқылы баланың журналистік жазу шеберлігін қалыптастыруға тікелей әсер ететін басты пәндердің бірі.

 Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында журналистік кәсіби шеберлікті арттырып, өзіндік творчестволық шыңдалуға жеткізу. Пән бірнеше дәрістерден, семинарлардан және тәжірибелік сабақтардан құралған; олар төмендегідей негізгі міндеттерді қамтиды.

Міндеттері:

— оқушылардың жеке жазу стилі мен ойлау қабілеттілігін жоғары дәрежеге жеткізіп, творчестволық даму үрдісін жетілдіруге бағыттау;

— бүгінгі таңдағы жас буынды жаңа методологиялық ізденістерге жетелу, журналистика саласын қазіргі кезеңге сай шебер журналистермен толықтыруға бірден-бір үлес қосу. Сол мақсатта қазіргі қоғамдағы шебер журналистердің жазу ерекшеліктеріне үңіле отырып,  шығармашылық даралық әдіс мен шеберлігін арттыру формаларына назар аудару;

3. Күтілетін нәтиже:

Бағдарлама барысында  оқушылар қоғамның дамуының қозғаушы күші саналатын журналистиканы игеру қазіргі кезеңде маңызды екеніне назар аударады. Білімдік үрдісте шығармашылықпен өзін — өзі дамытуына негіз болатын коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана алады. Оқушылар болашақта заманауи мәселелерді тиімді шеше білуге қабілетті, жаңашыл, кәсіби құзыретті маман болуға мектеп қабырғасынан бейімделеді. Күтілетін нәтиженің бірі –  өмірде және қоғамдық ортада, әр түрлі жағдайларда алған білімдерін қолдана білетін стилистикалық-дифференциялық тіл мәдениетімен қаруланған жастар тәрбиелеу.

4.Бағдарламаны іске асыру шарттары:

— Оқушылар қазіргі қазақ журналистерінің ғылым, өнер, әдебиет, экономика тақырыптарына жазған мақалаларын жинақтап, талдай алады;

— Стиль даралығы тұрғысынан мақала түрлері  мен ерекшелігін анықтай алады;

-Қазіргі баспасөздегі материалдармен танысып, пікір білдіруді үйренеді;

— Қоғамдағы ақпараттарды аудиторияға түсіндіре алуды меңгереді;

— Публицистиканың жаңа талаптарын жетік біліп шығады;

— Журналистік тіл мәдениеті мен пубилицистика жүйесін  ғылыми тұрғыда зерделеуді үйренеді.

 Білу керек:

  •  заман талабына сай журналистика жанрының алуан түрін;
    •    публицистикалық басылымдағы жазу ерекшеліктері мен түрлі жанрды рәсімдеу;
    •    газет-журнал беттерінің рәсімделуіне қойылатын талаптар;
    •    көпшілікпен тілдесу,араласу технологиясы

Игеру:

  •  қазіргі журналистика жанрларын қолдану;
    •    очерк.репортаж,мақала т.б.жазу;
    •    газет  беттерінің үлгісін құру;
    •    аудиториямен араласу және кейіпкермен тілдесу мәдениетін меңгеру.

Мұғалімнің пайдаланатын қосымша  құрал – жабдықтары:

  • Бейнежазбалар;
  • Аудио-оқулықтар;
  • БАҚ материалдары;
  • Ақпараттық –коммуникативтік құралдар;
  • Көркем шығармалар;
  • Буклеттер;
  • Кесте-плакаттар

 

 

 

Негізгі  қағидалар:

Ерекшелігі: Газет, журнал материалдарымен өзіндік жұмыс жүргізу. Газет жанрында материалдың берілу стилін сақтау,қалыптастыру.

Тиімділігі: Тақырыптар  оқушылардың  жас ерекшелігі  мен  қызығушылығы ескеріле  алынып отыр.Жәрналистика теориясы  мен практикалық  жұмыстар арқылы жүзеге  асыруға  оңтайландырылды. Бағдарлама практикалық сабақтарда лекциялық материалдарды түгел қарастыруға негізделген. Авторлық түзетулер, редакциялық, шығармашылық тапсырмалар басты орынға қойылған.

 Маңыздылығы: Тәрбиелік маңызы бар,поэзия  арқылы  эстетикалық      тәрбие  беру  көзделді.Танымдық,зерттеушілік ізденіске жол  ашады. Тірек конспект құру, кәсіби қарым-қатынасқа арналған тренинг жүргізу (дұрыс сұхбаттаса білу, аудиторияның назарын өзіне тарта алу); кәсіби дауыс ырғағын қалыпқа келтіру бойынша жұмыс, этикалық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру; газеттің пішінін құру және нөмір шығару.Оқушылар  даяр  білімді  оқып  ала  салмастан,өздері  зерттейді,зерделейді,практикалық  жұмыстар  арқылы тәжірибеден  өткізеді.Сөз  өнерінің  сырларына  қанығып,сөз  қолданыс әдебі қалыптасып,қазақтың иірімді,бай тілінде  сауатты және  оралымды сөйлеуі  мен  ойлауы  қалыптасады.

Практикалық бөлім оқушылардың келесі жұмыс түрлерінде көрсетіледі:

  •  Практикалық дәлелдеулер табу
    •    Материалдар жинау
    •    Шығарманың мазмұны мен тілі жайлы топтық және ұжымдық жұмыс
    •    Газет беттерін шығару

Бағдарламаның жалпы  сағат  саны -34 сағат.Сабақ  барысында  мынадай  әдіс –тәсілдер  қолданылады:

  • Баяндау;
  • Сұрақ –жауап;
  • Лекция;
  • Сұхбат;
  • Рольдік ойын;
  • Монолог;
  • Диалог;
  • Дискуссия

Бағдарлама  оқушының таным  кеңістігін ашып,қосымша  ақпарат алуына,теориялық және  практикалық білімін  жетілдіруіне ықпалдаса  құрылымданған,өзара мағына  аясы  үйлесе байланысқан тақырыптар  тізбегінен тұрады.Әр  тақырып  бойынша оқушы  іскерлігі  мен идеясын  дамытуға арналған  тапсырмалар  қарастырылды.

 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

  1. (Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу) 
Сабақ  тақырыптары Өтілу формасы Сағат саны
1. Журналистика пәні туралы түсінік лекция
2. Қазақ журналистикасының тарихы лекция
3. Қазіргі қазақ журналистикасы сұхбат
4. Журналистік шеберліктің көрінісі ізденіс
5. Қазіргі қазақ басылымдары дөңгелек үстел
6. Шығармашылық даралық,Журналистің өзіндік стилі. ізденіс
7. Практикалық сабақ  «Журналист болу –арманым!» практикалық сабақ
8. Тақырыпты таңдау және оның өзектелігі дискуссия
9. Журналистің  авторлық  құқығы сұхбат
10. Оқырманмен байланыс.Аудиториямен жұмыс жүргізу. рольдік ойын
11. Материалды дайындау,аргумент және фактілер зерттеу сабағы
12. Бас тақырып,жанама тақырып лекция
13. Материал дайындауға әзірлік(Теориялық және тәжірбиелік әзірлік) ізденіс сабағы
14. Материалды  редакциялау  және коррекциялау  жұмыстары практикалық сабақ
15. Публицистік диалог,сұхбат алу шеберлігі диалог сабақ
16. Қазіргі баспасөздегі танымал журналистер дискуссия
17. Тележурналистика және танымал тележурналистер пікірталас
18. Практикалық сабақ «Менің сүйікті бағдарламам» практикалық сабақ
19. Мерзімді баспасөздегі ақпараттық жанрлар.Репортаж және оның түрлері ізденіс сабағы
20. Практикалық сабақ «Мен репортаж жүргіземін» зерттеу сабағы
21. Корреспонденция кіріктірілген сабақ
22. Очерк және оның  құрылымдық ерекшеліктері лекция
23. Тақырыптық очерк сұхбат
24. Жолсапар очеркі,аналитикалық очерк ізденіс сабағы
25. Хабарландыру мен жарнама диалог сабақ
26. Практикалық сабақ.Баспасөздегі жарнама,жарнамалық роликтер дайындау практикалық сабақ
27. Газет беттерін дайындау.Рубрика ізденіс сабағы
28. Газет бетін әрлеу жұмыстары практикалық сабақ
29. Фельетон лекция
30. Интервью және интервью түрлері сұхбат
31. Практикалық сабақ «Кейіпкермен сұхбат» практикалық сабақ
32. Новелла зерттеу сабағы
33. Суреттеме лекция
34. Қорытынды сабақ «Жас журналистер алаңы» ( дөңгелек үстел) Практикалық

сабақ

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. «Мен журналистпін» Ә.Нұршайықов
  2. «Публицистика»  С.Әшімбаев
  3. « Стиль –өнер ерекшелігі» Қ.Жұмалиев
    4.     Оралова Л. Сенің стенгазетің. М., 1996г.
    5.    «Жалын» журналы,1998 жыл.
  4. «Тіл ғылымының негіздері» Ә.Қоңыратбаев
Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу