Еңбек нарығында жастарды жұмыспен қамтудың мәселелері мен перспективалары

Ербол Бақытжан Ерболқызы

Қазақ инновациялық – гуманитарлық заң университеті, Семей қ.

Э – 421 тобы, 4 курс, мамандық «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

 Ғылыми жетекшісі: экономика магистрі, аға оқытушы Аубакиров Ф.М.

Қазақ инновациялық – гуманитарлық заң университеті, Семей қ.

 

Қазіргі кезде маңызды әлеуметтік саясат – тұрғындарды, әсіресе жастарды  жұмыспен қамту мәселесі. Осыған сәйкес әлеуметтік көмек көрсету саясаты – әлеуметтік топтардың барынша жоғары деңгейде еңбекпен қамтамасыз етілуін жақсарту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында халықты еңбекпен қамту, әсіресе жастарға мүмкіндіктер жасауға ерекше көңіл бөлінген. [1]  Сонымен қатар біздің елімізде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Мұнда мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы, мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері көрсетілген. [2]

Мақаланың мақсаты – еңбек нарығын қарастыру, жастарды жұмыспен қамтуды реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау, Семей қаласы бойынша жастарды жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттік мекеменің жұмысын қарастыру.

Экономикада тұрақты түрде экономикалық өсім бола бермейді. Кейде тұрақсыздық, инфляция және жұмыссыздық орын алады. Осындай жағдайда халықты жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе.

Жұмыспен қамту саясатының мақсаты, мiндеттерi мен принциптерi оны жүзеге асырудағы негізгі бағыттарын алдын ала айқындайды;

— экономиканың балама, мемлекеттiк емес секторларында жұмыспен қамтуды дамыту мен кеңейту үшін жағдайлар жасау;

— экономиканың дамуы мен оның құрылымдық қайта құрылуының факторлары мен мiндеттерiн ескере отырып мемлекеттiк сектордағы жұмыспен қамтуды қолдау;

—  жас мамандарды жұмысқа орналастыру;

Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі.      Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті – мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру. [1]

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылық жүргізетін мемлекеттік орган. [4]

Бөлімнің функциялары:

1) халықты жұмыспен қамту саясатын және мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын орындайды;

2)  жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, қаладағы еңбек нарығының жай – күйі туралы жергілікті атқарушы органдарды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті облыстық органды ақпараттандырады;

3) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай – ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік – еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

Мемлекет Басшысы Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халықына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын орындауда, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту үшін, 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі 2017 – 2018 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жаңа Бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітті. [3] Осы бағдарламаға сәйкес Семей қаласы бойынша  2017 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 11435 адам қамтылды. Оның ішінде, 4444 адам – жұмыссыздар санаты бойынша, 3738 адам – өзін – өзі жұмыспен қамтылғандар, 3253 адам – жұмыс іздеуші тұлғалар. (1 сурет)

1 – сурет. Семей қаласы бойынша 2017 жылғы жұмыспен

қамтылғандар саны

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында (Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік білімін және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1697 адам жолданды, жылдық жоспар 1422 адам. Оның ішінде бірінші транш бойынша – 500 адам, жылдық жоспар 450 адам, екінші транш бойынша – 1197 адам, жылдық жоспар 972 адам.

Жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқан Бағдарлама қатысушыларына әр кез мониторинг жүргізеді. Кәсіби оқытуды аяқтағандар қатарынан тұрақты жұмысқа орналастырылғандар 534 адам немесе 35,6 % аяқталғандар санына – 1498 адам. Қатысушыларды жұмысқа орналастыру жалғасуда.

Бағдарламаның екінші бағыты асында (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шағын несиелендіру мәселесі бойынша өтініш беруші үміткерлердің саны 166 адам, олардан 69 – іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге және 97- өз ісін ашуға, оның ішінде 56 өтініш ауылдық елді мекендерінен және 110 – қаладан. Орталық 115 жолдама берді, оның ішінде 43- өз ісін ашуға, 72- іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге. Олардан, 111 жолдамалар – екінші деңгейдегі банктерге және 4 жолдамалар – «Аграрлық кредиттік корпорация» арқылы.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында ( Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбектік ресурстар ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 9345 қатысушыларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу көрсетілді, оның ішінде 6989 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. [5]

Жастар тәжірибесіне 709 оқыту мекемелерінің түлектері қатысты, жылдық жоспар 555 адам. Республикалық және жергілікті бюдеттен 153,215 млн.теңге бөлінген. Игерілген сомма 153,208 млн.теңге немесе 100% жылдық жоспарға. Қоғамдық жұмыстарға 450 адам жұмысқа орналасты.  Орталық 9455 қатысушыға, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастарға – 3594 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетті. [5] Тұрақты жұмыс орындарына 6989 адам, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар – 2531 адам жұмысқа орналастырылды.

Мемлекетімізде 2017 жылы электронды еңбек биржасы құрылды. Жастарды, оқу орындарын аяқтаған жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуде сертификатталған, «enbek.gov.kz» сайтын қолдану осы шараларды жылдамдатуға, жетілдіруге мүмкіндік береді. [6] Бірыңғай электронды биржадағы ақпарат жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына жіберіледі. Нәтижесінде әр адамның мәртебесі жайлы мәлімет біздің қолымызда болады. Жұмысқа мұқтаж азаматтарды мемлекеттік кірістер комитетінде тіркеу процесі біршама жеңілдейді. Сондай – ақ жаңа жүйе қағаз күйіндегі еңбек кітапшаларынан бас тартуға мүмкіндік береді, мемлекеттік және жеке жұмыспен қамту орталықтарының ақпаратын, азаматтар мен жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарының басын біріктіретін Бірыңғай электронды алаң болып табылады.

«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс.

Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады. Мемлекетіміздегі тұрғындарды еңбекпен қамту, оның ішінде жастарды жұмысқа орналастыру арқылы қоғамдың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға болады. Осы мақсатта ҚР Үкіметінің бағдарламаларын уақтылы орындау маңызды. Сондықтан  Қазақстан жағдайында мемлекеттік әлеуметтік саясатты жетілдіру үшін «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасы маңызды құжат. Осы бағдарламада көрсетілген атқарылуға тиісті жұмыстардың барлық деңгейде орындалуы жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге, әлеуметтік саясатты жетілдіруге негіз болады деп айтуға болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы (akorda.kz)
  2. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Астана 2013
  3. «Жұмыспен қамту – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы
  4. vko – egov.kz
  5. аkimsemei.qov.kz
  6. enbek – egov.kz

Скачать “Еңбек нарығында жастарды жұмыспен қамтудың мәселелері мен перспективалары” Статья.docx – Загружено 0 раз – 64 KB

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу