Сабақ жоспары: «ҚҰСТАР»

11122018-1

Сабақты онлайн оқу…

МКҚК  «Нұр-Шуақ»  бөбекжай балалар бақшасы

«Шығармашылық» білім беру саласының

Ортаңғы  (А) «Еркемай» тобы үшін ұйымдастырылған

мүсіндеу ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тақырыбы: «Құстар»

Бейнелеу өнері маманы: Серғалиева А. 2018жыл

 

Айы: қараша

Аптасы: III апта                          Күні: 14.11.2018

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Өзіңе және өзгелерге көмектес»

Сабақтың тақырыбы:  « Құстар »

Мақсаты: Тұтас бөліктен шымшу тәсілі арқылы құстың бейнесін мүсіндеуге үйрету, қызығушылықтарын арттыру.Саусақты жаттықтыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Слайд видео роликтер, геометриялық пішіндер, шариктер,жылтыр қағаз, ермексаз,тақтайша, сулық.

Қос  тілділік  компонент:  қарға-варона, кептер-голубь, торғай-воробей.

қарлығаш- ласточка, үйрек-утка, аққу-лебедь.

 

Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтің оқу қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері.

Кане, балалар бір-бірімізбен амандасайық.

—  Сәлеметсізбе, ашық аспан!

—  Сәлеметсізбе, күннің көзі!

—  Сәлеметсіңдерме, құстар мен жануарлар!

— Сәлеметсіңдерме, қадірлі қонақтар.

Видео роликке назар аударайық.

—   Балалар біздер не тамашаладық, не көдік?

—  Қандай құстарды көрдік? Тамашалаған видео роликке байланысты айналамыздан не көріп тұрмыз.

—  Ендеше балалар ашық оқу қызметімізді құстарға арнайық.

 

Шаттық шеңберін педагогпен бірге орындайды.

— Амандасады .

 

 

 

—  Балалар құстарды көріп тұрғандығын айтады.

—  Құстарды көріп тұрғандығын және аттарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік  

—         Балалар құстар екіге бөлінеді: жылдық құстар және маусымдық құстар.

—         Жылдық құстар деп қарға, кептер, торғай т.б құстар жатады.

Өйткені олар суыққа  шыдамды және мамықтары өте қалың болады.

Қос  тілділік:

   қарға-варона

   кептер-голубь

   торғай-воробей.

                 

Ал, маусымдық құстар күн жылыда келіп салқындағанда жылы жаққа ұшып кетеді.Маусымдық құстарға:  қарлығаш, үйрек, аққу т.б.құстар жатады. Бұл құстар күн жылыда ғана елімізде қонақта болады.балалар құстарда адамдар сияқты олдарда еңбек етіп, өздеріне ұя салып тамақтанып су ішеді. Ұрпақ қалдырады.

Қарлығаш- ласточка

 үйрек-утка

 аққу-лебедь.

Жарайсыңдар балалар.

— Ал, балалар құстар немен қоректенеді?

—  Құстар бір-біріне ұқсайды, қай жағынан?

 

 

 

 

— Жалпы құстар қайдан  пайда болатынын білесіңдерма?

Жарайсыңдар, балалар дұрыс айттыңдар.

 

«Пішіндер» дидактикалық ойын.

(тақтамен жұмыс)

Шарты : «Геометриялық пішіндерден құстарды құрастыру».

(торғай және қарлығаш )

 

 

«Бұл қандай құстың дауысы?»

Шарты: құстардың үнін табу.

 

 

 

Балалар біздер торғай туралы қандай тақпақ білеміз.

 

 

Балалар соңғы дауысқа мұқият назар аударайықшы ненің дауы болды екен.

Я жарайсыңдар, ендеше біздер бүгін торғайды шымшу тәсілі арқылы мүсіндейік.

 

 

Саусақ жаттығуы.

Мүсіндемес бұрын саусақтарымызды, алақанымызды шынықтырып алайық.

Жасалу жолы. Алдымызда шариктер мен жылтыр қағаз тұр. Енді осы шарике жылтыр қағазды орап , алақанымызды, саусақтарымызды шынықтырып алайық.

Ендеше  балалар мүсіндеуге кірісеміз.

 

 

 

Жарайсыңдар, балалар.

 

 

 

Балалар тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

— Педагогпен қайталайды.

 

 

Педагогті мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

—  Құрт, құмырсқа, жәндіктермен.

—  Жүнімен, қанатымен, аяқтарымен, құйрығымен, тұмсықтарымен және жұмыртқасымен ұқсайды.

— Құстар жұмыртқадан пайда болады.

 

 

— Балалар тақтадағы геометриялық пішіндерден торғайды және қарлығашты құрастырады.

 

 

—  Аққу, көкек, қаз, үйрек, қарға, сауысқан, торғай.

 

— Үйге кірші торғайым.

Мен аяздан қорғайын,

Жем шашайын тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың.

 

—  Торғай

 

Балалар педагогтің көмегімен мүсіндеуді бастайды. Торғайды мүсіндейді.

 

 

Балалар педагогтің айтқанын тыңдап алақандарын, саусақтарын шынықтырады.

 

 

Балалар торғайдын мүсінін мүсіндейді, педагогқа не мүсіндегенін айтып береді.

 

Рефлексиялық-түзетушілік —  Балалар қарайықшы біз қай құсты мүсіндедік?

— Торғай қай топтағы құстарға жатады?

 

— Маусымдық құстарды айтайықшы?

 

 

— Жылдық құстарды атаңдаршы?

 

 

Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі ашық оқу қызметіне өте керемет қатыстыңдар. Сендерге ризамын балалар.

Ендеше балалар ашық оқу қызметіміз аяқталды қонақ апайлаға сау бол айтайық.

 

 

 

 

— Торғайды

 

— Жылдық құстарға жатады.

 

— Аққу ,үйрек, қарлығаш т.б.

 

— Торғай , кептер, қарға т.б.

 

Балалар ризашылықпен жақсы көңіл күймен ашық оқу қызметін аяқтайды.

 

 

—  Сау болыңыздар апайлар.

 

 

 

 

 

 Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: торғайды ермексаздан мүсіндеуді.

Қандай түсініктерді игереді: жылдық, маусымдық  құстарға  қандай құстар жататынын.

 Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана  алады:  тұтас бөліктен торғайды шымшу тәсілі арқылы мүсіндеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.