Сарымбетова Алия Аскаровна,
Әлеуметтік педагог.
Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Тараз қаласы.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы

Жеке тұлғаның қалыптасуында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі, оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп қабырғасында жүргенде өзіне үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен  еске түсіруі жиі кездеседі. Мұалім мен оқушы қарым-қатынасы өте күрделі мәселе болып отыр, себебі оқушының өзін қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы оқушы мен мұғалім екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады, сондықтан бұл қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.

Ал екінші жағынан,   педагог  М.Шульцтің  көзқарасынша: «мұғалім  мен  оқушының жеке қарым-қатынастары  іс-әрекеттер  атқару  нәтижесінде туындауы қажет», осы пікірімен ол этикалық фетишизмге қарсылығын білдіріп, бүкіл педагогикалыцқ назарлы оқу-тәрбие үрдісіне жұмылдыру  қажет деп табады.  Мұғалім мен оқушы – әртүрлі  екі субъект.  Мәселенің  негізгісі осы әр түрлі  рухани дүниені бірлестіру.  Педагогикалық қарым-қатынас —  мұғалім мен оқушының рухани  баюы.  Бұл нәтижеге тек қана мұғалім оқушыға тең қарағанда ғана  жетуге болады. Бұл қандай қарым-қатынасты білдіреді?

Біріншіден, мұғалім оқушының рухани дүниесіне үлкен құрметпен қарап , оның  еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу хұқына және іс-әрекетті таңдау хұқына ие екендігін  тануы.

Екіншіден, оқушының дүниеге деген  көзқарасын түсініп, оның қайғысы мен қуанышына ортақтасу.

Үшіншіден, оның өзіне тән жеке қасиеттері  мен  ерекшеліктерін   қабылдай   білу.

Қарым-қатынаста мұғалім  ұстанатын арақашықтықтың да өзіндік маңызы бар. Бұл әр мұғалімнің балаға деген  көзқарасының  әр түрлілігінде.  Мұғалім өткізетін сабақ немесе  тәрбие сағаттарында   оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының  қызықты түрлері байқалады. Олардың арақашықтығын бақылай отыра, біз жарасымды қарым-қатынастардың  куәсі  бола  аламыз.

Әрине, бұл  тек  мұғалімнің   технологияны шебер қолдана алуының  нәтижесінде болады. Мұғалім оқушы бойында кәзіргі заман мәдениетіне сай мінез қалыптасуына жауапты. Беделділік және өзіне деген сенімділік оқушыда,  сонымен  қатар   мұғалімде  міндетті түрде болуы  керек.  Ақылды мұғалім ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді. Ал егер мұғалім  баланың кемшілігіне көңіл аударса, сол сәтте бірден оған оның жақсы қасиеттерін қарама-қарсы қоя білуі керек.  Мұғалім мен оқушы  арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату педагогикалық шеберлікті талап етеді.

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу