Суясинов Бахытжан Сембаевич, 29 С.Сейфуллин атындағы ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Мектеп:  С.Сейфуллин атындағы ЖОМ №29

Мерзім:_________ж

Мұғалім:  Суясинов Бақытжан Сембайұлы

Сынып: 3

Оқушылар саны: ___

Тақырып: Мейірімділік – асыл қасиет

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік , бауырмалдық , татулық

Сабақтың мақсаты: Мейірімділік  асыл қасиеті туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу .

Міндеттері:
Білімділік:
мейірімділіктің, бауырмалдықтың, татулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылық: мейірімді, бауырмал, тату болу  іскерліктерін дамыту ;
Тәрбиелік: мейірімділікпен тату, бауырмал болуға тәрбиелеу .

 

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 

 Шаттық шеңбері

  Шеңбер аясында бір-бірімен сәлемдесіп ,бір-бірінің бойындағы ұнайтын  жақсы , жағымды қасиеттерін айта отырып, жылы лебіздерін білдіру .(Маған сенің … ұнайды )
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтың 104-ші  бетіндегі тапсырманы орындап келу .
«Дос туралы жарнама»
«Сынып жетістігін жарнамалау»
«Оқулықты жарнамалау »

 

Сауалдар: . Жарнамалау кезінде неге сүйендің?

. Қайсысын жарнамалау оңай болды?

. Қайсысын жарнамалау қиын болды

Ресурстар: (құралдар,мәліметтер) интербелсенді тақта, дәптер, оқулық , бейнебаян

 

5 Т-ны сақтау керектігін еске түсіру (Тәртіп,талап, тыныштық, тазалық,татулық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.      Дәйексөз . (Әр қатар жеке қайталау, бәрі бірге айту)

 

 «Мейірімділікті анадан үйрен» . Халық даналығы

 

Сауалдар: Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Анадан нені үйрену керек?

Не себепті мейірімділікті анадан үйрену керек?

 

-Ана халық ұғымында жаратушы . Олай дейтініміз табиғатты да , адамды да дүниеге әкелуші ана . Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады . Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында (Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады )

 
4. Мұғалім сыйы  : «Үлгілі оқиға» бейнебаян.

·         Бейнебаянда не жайлы айтылған?

·         Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

·         Ағайындылар бір-біріне мейірімділікті қандай істерімен көрсетті ?

·         Ал сендер мейірімділікті, жақсылық жасауды кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

·         Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

·         Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

 
5. Шығармашылық жұмыс

Дәптерде берілген бос жолдарға «Мен мейірімді баламын » тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады .

 
6. Топпен ән орындау

«Сағындым, әже, сағындым!» Сөзі мен әні: Б.Бейсенова

 

1.Сағындым, әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзіңді.

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

«Құлыным» деген сөзіңді.

 

Қ-сы

Сағындым, әже, сағындым,

Мейіріміңе табындым.

Демалысқа шығамыз,

Аяғында мамырдың.

Сағындым, әже, сағындым,

Ағайын,туған бауырды.

Қуат алып келейін,

Топырағынан ауылдың.

Сағындым, әже, сағындым.

 

2.Сағындым әже сені шын,

Даналықтың кенісің.

Құрт, майыңды сағындым,

Сақтап қойған мен үшін.

Сағындым әже сені шын,

Даналықтың кенісің.

Құрт, майыңды сағындым,

Сақтап қойған мен үшін
Қ-сы

 

 
7.Үй тапсырмасы

Тапсырма бойынша оқушылар «Мейірімділік» кестесін толтырады .  Мұндағы бірінші бағанға – мейірімді істерді , екінші бағанға  мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасайды .

 
8.Соңғы тыныштық сәті

—          Бүгінгі сабақты аталған құндылықты жүрегімізге сақтап алыңыздар! Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу