ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР 

Сабақтың тақырыбы:

Таулардан  өзен  ағар   сарқыраған

Мектеп: «Атамекені орта мектебі» КММ

Күні:

 

Мұғалімнің аты-жөні: Абытова  А.

СЫНЫП:6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы

жүзеге  асатын оқу  мақсаттары:

6.О2.Ауызекі  сөйлеу  және  көркем  сөйлеудің  стилдік   ерекшеліктерін  қолданылған  тілдік  құралдар  арқылы  тану.

Сабақ  мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады(білу, түсіну):  жетекші сұрақтармен негізгі ойды анықтай алады, мәтінді түсініп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады (қолдану, талдау): жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, нақты ақпаратты тауып оқиды.Мәтіннің   жанрлық   ерекшелігін   ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады (жинақтау, бағалау): мәтіндегі жасырын ойды анықтайды, негізгі ақпаратты сақтай отырып, мәтіннің   стильдік  ерекшелігін   таниды.

Бағалау критерийі

 

 

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Өмірмен байланыстырады.Тілдік   құралдар  арқылы   мәтіннің   стильдік   ерекшелігін  таниды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Мазмұнын және  нақты ақпаратты табу үшін оқиды.Негізгі ақпараттарды  сақтай отыра жинақы  мәтін құрады.

Пәнге қатысты  сөздік қор мен терминдер:орман,тоғай,ну,тау.

 

Диалог   құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: аққан  бұлақ,қарлы   тау,тізілген  тау.

Талқылауға  арналған  сұрақтар:

          Биіктікті   неге  таумен  өлшейміз?

          Қалай  ойлайсың, тау   биік  пе, әлде  арман   биік  пе?

Құндылықтарға баулу

Ишара: қол  шапалақтау

«Қазақстанның  Тәуелсіздігі  және  Астана»  атты құндылықтың  тұғырына сәйкес  оқушылар  бойындағы патриотизм  сезімін  және  азаматтық  жауапкершілігін  арттыру  арқылы  іске  асырылады.

Пәнаралық  байланыс

География  пәні

Алдыңғы  оқу:

Оқушылар  Қазақстанның  табиғаты,таулары  жөніндегі  мәліметпен, ақпаратпен  таныс.

Жоспар:

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған   жаттығу  түрлері:

Ресурстар

Сабақтың  барысы.Ұйымдастыру.

3мин.

«Ынтымастық атмосферасы»

Түрлі – түсті ленталардан  бүгінгі көңіл– күйлеріне байланысты өздеріне ұнаған түсті таңдайды. Таңдаған түсті ленталардың ұшында түрлі — түсті  стикерлерге  өткен сабаққа қайталау ретінде жіңішке сұрақтар беріледі.

Стикерлердің түстері  бойынша топқа бөлінеді

Слаид, оқулық, түрлі – түсті ленталар,

Білу

5мин.

 «Ой қозғау»

Ж. Түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойын тыңдау.

1. Қазақстанның   таулары  туралы  не  білесің?

2. Сен  тұратын  мекенде  қандай  тау  бар?

3. Әлемге  әйгілі тауларды  ата?

4. Тауларға  қандай  экологиялық  қауіп  төнуі  мүмкін?

5. Биіктікті   неге  таумен  өлшейміз?

6. Қалай  ойлайсың, тау   биік  пе, әлде  арман   биік  пе?

Дескриптор:

— өз ойын  жүйелі, еркін  жеткізеді;

— сөйлеу  әрекетінің  түрлерін  әлеуметтік  ортада  қолдана  алады;

— мысалдар  келтіреді.

ҚБ. Оқушылар дайындаған көріністер қол шапалақтау арқылы бағаланады.

 

Түсіну

6 мин.

Жұптық  жұмыс.

1.Өлеңнің  атауына  қарап  оның  не  туралы  екенін  болжау.

2.Басқа  атау  ұсыну.

3. Өлеңді  сүйемелдей  алатын  сурет  табу.

Дескриптор:

— өлеңге  болжау  жасайды;

— басқа  атау  ұсынады;

— өлеңге  мазмұнына  сәйкес  сурет  табады.

ҚБ. Оқушылар  мәтінмен жұмыс жасаған соң күлдіргіштер арқылы бағаланады

 

Қолдану

7мин.

Ж.Жабаевтың  «Алатау» өлеңі.Мәтінді  оқы.

Бүкіл  сынып  болып   өлеңді   оқып шығып,  өлеңдерді   хормен ұсыну  үшін,сыныптағы   әрбір  оқушы  өлеңнің  бір  жолын  жаттайды.

Дескриптор:

          мәтінді оқиды;

          мәтінді  түсінеді;

          бір жолын жаттайды.

ҚБ. Оқушылар  мәтінмен жұмыс жасаған соң күлдіргіштер арқылы бағаланады.

 

Талдау

10мин.

ТЖ.

1-топ:Өлең  мазмұны  бойынша  ақпаратты  ретімен  орналастыр.

Дескриптор:

— мәтіндегі  ақпаратпен  танысады;

— мазмұнын  меңгереді;

— ақпаратты  ретімен  орналастырады.

ҚБ. Оқушылар дайындаған көріністер қол шапалақтау арқылы бағаланады.

2-топ:Қазақстан  таулары  мен  өзендері  туралы  мәліметтің  дұрыс-бұрыстығын  анықтап, кестені  толтыр.

Дескриптор:

— Қазақстан  таулары  мен  өзендері  жайлы  ақпаратпен  танысады;

— мәліметтің  дұрыс-бұрыстығын  анықтайды;

— өз көзқарасын аргумент келтіріп, дәлелді  пікір  айтады.

ҚБ. Оқушылар дайындаған көріністер қол шапалақтау арқылы бағаланады.

3-топ:Өлеңдегі  көркем сөйлеудің  стильдік  ерекшеліктеріне  сәйкес   айтылған  ойды  кестеге  салып  жаз.

Дескриптор:

— ой жүйелілігін  сақтайды;

— сөздерді  тақырыпқа  сәйкес,орынды  қолданады;

— өз  ойын  білдіреді.

ҚБ. Оқушылар  мәтінмен жұмыс жасаған соң күлдіргіштер арқылы бағаланады

 

Жинақтау

5мин.

Бес  жолды   өлең. «Синквейн»  әдісі

1.Тау

2. Тамаша,биік

3.Мұнартады,жаңғырады,асқақтайды.

4. Көрінген  таудың  алыстығы  жоқ.

5.Жота,шың

 

Бағалау

2мин.

Топтар  бір-бірін бағалайды.

Қызыл түсті  шаршы – жетілдіретін тұстары.

Сары  түсті шаршы — жағымды тұстары

Жасыл  шаршы – топтағы  бірлескен әрекеттің жүзеге асуы.

 

Суреттер

Кері  байланыс.

2мин.

Түстер бойынша парақтарға кері байланыс жазады. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

 

Қосымша  ақпарат

 

Саралау-оқушыға  мейлінше  қолдау  көрсетуді  қалай  жоспарлайсыз? Қабілетті  оқушыға  тапсырманы  қалай  түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді  қалай жоспарлайсыз?

 

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен  байланыс

(тәрбие  элементі)

 

 

          Мазмұнын түсінеді, оз ойын айтады, мәтін жазады, өзіндік ой қосады.

          Сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа сай диалог құрады, дәлел келтіре алады.

Өмірмен байланыстыра сыни ойлайды.

 

 

 

Рефлексия

Сабақтың  мақсаты  мен  оқу  міндеттері  орындалды  ма? Бүгін  оқушылар  не үйренді? Сабақ  қалай  өтті, қандай деңгейде өтті?  жоспарланған  саралау  жақсы  іске асты ма?(тапсырмалар  сәйкес болды ма?) Уақытты  қалай пайдаландым? Жоспарыма  қандай өзгеріс  енгіздім  және  неге?

 

Қорытынды  бағалау

Ең  жақсы өткен екі  нәрсе (оқыту мен  оқуға  қатысты)

1:

 

2:

Қандай  екі  нәрсе  немесе  тапсырма  сабақтың  одан  да  жақсы  өтуіне  ықпалын  тигізер  еді  (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

2:

 

 

Осы сабақтың  барысында  барлық  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  жөнінде  келесі  сабағыма  қажет  болуы  мүмкін  қандай  ақпарат   білдім?

1:

 

2:

 

 

 

 


 Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Атамекен орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Абытова Айжан Амандаулетовна

 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу