Қазақ балалар әдебиетінің бүгінгі күнгі дамуы

МдОжТ-31 тобы студенттері
Садуакасова Анелдя, Расол Венера
Жетекшісі: филология ғ.к., доцент
Сарыбаева Баян Жумашқызы

Аннотация

Бұл мақалада қазақ балалар әдебиетінің негізінің салынуы, оның дамуы қарастырылған. ХІХ — ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің қалай негізі қаланғандығын, дамығандығын қарастырдық және сол кездегі жазушылар мен олардың шығармаларын тізіп айттық. Және де біздің ойымызша бір шығарманың тәрбиелік маңызы зор, ол – «Сауда Ишан» дастаны. Бұл мақалада біз балалар әдебиетінің қазіргі кездегі жағдайын аңғардық. Осыдан біз қазіргі кезде балаларға арналған кітаптармен туындайтын проблемаларды айқындадық. Және де осы проблемаларды шешеуге болатын бірнеше азаматтардың кеңестері жайлы айтылады.

В этой статье рассмариваеется основание детской казахской литературы и ее развитие. Здесь говорится о том как появилась казахская детская лиетратура в ХІХ веке и  о писателях этого века. Дальше мы рассматрели как развивалось казахская детская лиетратура в ХХ  веке и перечислили писателей и их работы. А также мы разобрали одну работу, которая по нашему мнению имеет большую воспитательную роль в формировании мировозрения ребенка. Так как в этой статье мы рассматрели развитие казахской детской лиетратуры, мы также рассматрели состояние казахской детской лиетратуры в нынешнее время. И после этого мы выявили некоторые проблемы с книгами для детей. И мы перечислили несколько советов от сочувствующих людей и студентов нашего вуза.

In this article the basis of children’s Kazakh literature and its development are considered. It says about how there were Kazakh children’s lietrature in the XIX century and the writers of this century. Then we considered as developed in Kazakh children’s lietrature in the XX century and the listed writers and their work. And we also took a look at one work that we do not think is very famous.  It’s Dastan about «saúde the Ishan» in which we think a lot vospitannyh moments. Since in this article we considered the development of the Kazakh children’s lietrature, we also considered the state of the Kazakh children’s lietrature at the present time. And after that, we identified some problems with books for children. And we listed a few tips from sympathetic people and students of our University.

Балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім – тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.

Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.

Балалар фольклорындағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады [1].

«Халықтың көкейкесті ой – арманын, тілегін бейнелеген, оның рухани және эстетикалық қажеттеріне сай келген халық ауыз әдебиеті тәрбиелік, білімділік, танымдық, эстетикалық қасиеттері мол мәңгі өшпес үлгілерімен де балалар әдебиетін дамытудың сарқылмас қайнар бұлағы ретінде қызмет етіп отырғандығымен де қымбат» [2] ,- дейді М.Қ.Қаратаев.

Қазан революциясына дейін қазақ балалары тек қана қазақ ауыз әдебиетінің ғана мұраларын пайдаланып келсе, содан басқаны білмеген. Қазан төңкерісінен кейін орыс халқының және туысқан одақтас республикалардың халықтық шығармалардың бай мұраларын пайдалануға мүмкіндік алды.

Бізде балалар әдебиетін жасау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алына бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап балаларға арналған жаңа типті орыс-қазақ мектептерінде оқытылатын “Букварь” (1892) , “Әліппе”, “Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1876) “Қазақ хрестоматиясы” (1879) шыға басталды. Мұның өзі жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына байланысты туған игілік еді. Қазақ балалары үшін ашылған мектептер, соншама аз болса да, қазақ халқының арасында олар орыс білімінің тарауына көмектесті. Балалар ендігі жерде Діни медреселерде оқымасын, олардың бастарын Діни уағыздарын мектептеріне тартылсын деген пікірлер туа бастады. Бұл кезде Діни медреселерде оқитын шәкірттерге ислам дінін дәріптейтін өлеңдерді, түсініксіз аяттарды хормен айтқызып, еріксіз жаттауға мәжбүр ететін:

Қайрауат-ау, қайрауат,

Баймұғамет салауат.

Елімізге сәулет бер,

Бай, мырзаға дәулет бер,

Молдамызға нәубет бер,

Молдеке, Бізе рұқсат бер,-

деп , молда алдана иіліп тәджім беретін. Мұның өзі бала миын жас кезінен діни сүрелермен

уландырып, қай нәрседен болса да қорқып, бұқпантайлап өмір сүруге кіріптар етіп қоятын. Балалар үшін сол кездегі келелі тақырыптардың бірі хайуанаттар, жан-жануарлар жайында жазылған өлеңдер-жырлар болып табылады.

Осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылуыымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармаларымен қатар, Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтан,и И. И. Дмитриевтен, Ушинский хрестоматиясынан балаларға лайықты көптеген өлеңдер, әңгімелер аударып, өз хрестоматиясына енгізді. Ыбырай мен Абайдың орыс әдебиетінен аударған шығармалары қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізді.

Қазақ балалар әдебиеті мен балалар фольклорына жататын обай мұраларды жинап, іріктеп алу, бір жүйеге келтіру, бастыру жағы да осы ХІХ ғасырдан бастап қолға алынған еді. Осыған орай қазақ балалар әдебиеті педагогикалық принциптерді қолдануға тиіс өрелі ойлар өріс ала бастады. Осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылуыымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармаларымен қатар, Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтан,и И. И. Дмитриевтен, Ушинский хрестоматиясынан балаларға лайықты көптеген өлеңдер, әңгімелер аударып, өз хрестоматиясына енгізді. Ыбырай мен Абайдың орыс әдебиетінен аударған шығармалары қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізді. [3]

Қазақта балалар фольклорын бірінші жинаған және құрастырып, «Қазақ хрестоматиясы» деген атпен 1879 жылы бастырып шығарған Ы.Алтынсарин еді. Төрт бөлімнен тұратын осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізген. Ы.Алтынсарин тек балалар фольклорын жинаушы ғана болып қалған жоқ, сонымен қатар «Ол – қазақтың әдебиет тарихында бірінші балалар жазушысы болды» [4] ,- деп тарих ғылымының кандидаты Б.Сүлейменов орынды айтқан.

ХХ ғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті. Осы кездегі ақын-жазушылар ХІХ ғасыр қаламгерлерінің ой-топшылауынан әлде қайда оздырып әкетті.  М . Сералин, С. Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаевтер күрделі мәселелер көтерді Ана тілінде оқу құралдарын жазуды және балаларға орысша білім берудің қажеттігін жақтады. Дәл осы тұста Абайдың немересі Әубәкір ақынның сол кездегі жеке дыбыстармен байланыссыз, жеке-жеке сөздерді жаттатып оқыту әдісін сынап жазған өлеңдерінің мысалға алайық.

Сөз берсең, берсең еді мағыналы,

Ондай сөз осы ауылдан табылады.

«Абай», «ата», «таға» мен «өгіз», «сегіз»,

Жаттай беріп бала оны не қылады,

Қайтер еді әуелі «ата» десе,

Атын жазып тағы да «апа» десе,

Орыстадың үйрен де азбукасын, —

Ыбырай айтпап па еді күні кеше.

Демократияшыл интеллигенция мұндай түрлеріне, діни медреселер оқуына қарсы шықты. Өздері құрастырып, өздері жазған оқулықтар мен хрестоматияларға орыс әдебиетінен аударылған шығармалары енгізілді. Мысалы, С. Көбеев 1910 жылы жарияланған «Үлгілі тәжірибе», 1912 жылы шығарылған «Үлгілі бала» деген оқулық хрестоматияларына орыс классиктерінен 40-тан астам өлең, әңгімелер аударып енгізген. 1912 жылы Тайыр Жомартбаевтың «балаларға жеміс» , 1911 ж Орынборда Мұхамедораз Нұрбаевтың «Көргенді бала», «Үлгілі ана» оқу кітабы шықты. 1912 жылы Уфада шыққан М. Малдбаевтың « Қазақ исаең жаңа әліппе» және  1911 жылы Уфада қазақ-қырғыз балалары үшін «әліппе яки төте оқу» деген оқулықтар жарық көрді. Бұларда ай, күн, жыл аттары, санамақтар да қамтылған.

1926 жылы Қызылордада «Балаларға тарту» деген атпен мектептерде әліппеден соң оқылатын оқу құралы бастырылды. Осы кітапта тек қана балалар фольклорына байланысты халықтық шығармалар басылған. Бұдан соң, 1927 жылы І.Жансүгіров «Ел әдебиетінен жинақ» деп балаларға арнап «Өтірік» деген кітап бастырып шығарды. С.Сейфуллин құрастырып, 1932 жылы шығарған «Қазақ әдебиеті» [6] атты оқу құралында бесік жырларынан бастап, балалар фольклорына жататын көптеген халықтық шығармалар енгізілген.

Бастауыш мектептер мен орта мектеп оқушыларына оқулық-хрестоматиялардың қай кездежазылғандарын алсақ та, қамтылған материалдарды балалар әдебиетіне тән, балалар қабілетіне жақын сұрыпталған шығармалар болатын. Мұның үстіне Ыбырай, Абай негіщін салған қазақ балалар әдебиетінің дамуына, оның өріс алуына С. Торайғыровтың , С. Шымкенттің Бадам савхозында 1930 жылға дейін өмір сүрген Нұралы ақын оның «Сауда Ишан» атты қисса-дастаны арналған.

«Сауда Ишан» дастаны лиро-эпостық жырлар қатарына жататын шығарма. Жас өспрімдерді атеистік тәрбиеге баулуда бұл дастанның тәрбиелік рөлі зор.

Мешітте мен көне қабырларды, әулие орнындар, «киелі жер» деп оқымаған қараңғы халықты соларға табындырып, алдап келген молдалар мен ишандардың құпия сырларын, жқрт шошырлық масқара істерін бастан-аяқ жүйелі түрде әшкере ететін халықтық шығармалар ішіндегі ең ұзақ айтылып, жырланатыны – «Сауда Ишан» дастанының оқиға желісі дін құпиясын бетке ұстап, қалың бұқараның арасында әр алуан зұлымдық, опасыздық, жиіренішті істер жүргізген дін басыларын әшкере етуге, олардың зұлымдық әрекеттерінің бет пердесін ашуға, әйпелдердің бас бостандығц үшін күресін, дін бұғауынан құтылу әрекетін жырлауға арналған. Өкінішке орай қазіргі кезеңде балалар әдебиетінің кенжелеу қалып бара жатқаны жасырын емес. Әрине, бұл балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген авторлардың жоқтығын білдірмесе керек. Техниканың дамыған ғасырында қолына кітап алып, оның қызығына батып отырған балаларды кездестіру қиын. Кітатың орнына олар ұялы  телефон, компьютерге шұқшиғанды жөн санайды. Балалардың әдебиеттен алшақтап кетуіне әсте оларды кінәлауға болмайды. Қазір балаларға арналып көптеген сүбелі дүниелер жазылып, жаңадан кітаптар шығуда. Бірақ, солардың көпшілігі балғын оқырмандарға жетпей жатқаны өкінішті.

Қазіргі таңда кітаптардың таралымы өте аз. Таралымның аздығынан кітапхана сөресіне кітаптың бір-екі данасы ғана бұйырады. Бүгінгі таңда елемізде 18 мыңға жуық кітапхана бар екен. Ал соңғы жылдары шығып жатқан кез келген кітаптың таралымы небәрі екі мың данадан аспайды.

Қазіргі ғалымдарымыз балалар әдебиетінің төмендеуіне баспа, таралым ғана себепші емес дейді. Мәселе кітаптың сапасына, мазмұнына да қатысты. Бүгінгі балалардың ой-өрісіне сай, еліктіріп әкететін, рухани азық болатындай, оларды тәрбиелейтін құралға айналар дүниелер жоқтың қасы. Кезінде Альберт Эйнштейн «Бала ақылды болуы үшін не істеу керек?» деген сұраққа қарапайым ғана жауап беріпті. «Егер де балам ақылды болсын десеңдер, оларға ертегі оқып беріңдер. Егер олардың одан да ақылды болғанын қаласаңдар, одан да көп ертегі оқыңдар» деген.

Қазіргі таңда қазақ тілді балалар әдебиеті әлі де мол ізденісті талап етеді. Әр жастағы балалар түйсігінің қабылдау ерекшелігін ескеру керек.  Сәбидің санасына ауыр дүниелерлен гөрі, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» шығарманың қатары көп болса екен. Мысалы, біздің әдебиетте бертіндегі ертегішілердің Машқар Гумеров қана бар. Жоғарыда атап өткен Эйнштейннің талабын ескерсек, бүгінде қазақ балалар әдебиеті заманауи ертегілерге қатты шөліркеп отыр деуге болады. Тың дүниелердің өте аз болуымен қатар оның үстіне кітаптардың және олардың авторларының елге насихатталуы, жарнамалануы әлсіз. Газет беттерінде,теледидардан жаңа шығарманың тұсаукесерін көрсетіп, оның мазмұнын қысқаша  баяндап, авторларын сөйлетсе, балалардың сол кітапқа деген ынталары оянар еді.

Қазіргі жазушылардың шығармаларының танылмауы, балалар әдебиетінің ақсап қалуының тағы бір себебі балалар арасында қызығушылықтың жоқтығынан, балаларды кітап оқуға қызықтыра алмай келуімізде. Мектеп оқушылары керекті ақпараттарын ғаламтордан алып отырғандықтан кітапты қажетсінбей қалды. Ақпараттық технологияны жақсы жағынан пайдамызға жарата біліп, балалар әдебиетінің ғаламторда дамуын қамтамасыз етуіміз керек. Ақын, жазушыларымыз заман ағымына ілесіп өз туындыларын электронды нұсқада да шығарып отырса нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш», — деп атап өткен еді. [5]

ХХІ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетіне жаңашырлық танытып жүрген азаматтар оны дамытудың мынадай жолдарын ұсынып отыр.

Кітаптардың таралымын көбейтіп, оларды БАҚ-та насихаттауды күшейту, шетелден келетін кітаптарға қандай да бір шектеу қою. Оқу бағдарламасына қазіргі ақын-жазушыларымыздың еңбектерін енгізу, балаларға арналған кітаптардан қосымша салық құнын алып тастау, балалар кітаптарының шетелдерге тарауын, танылуын жолға қою, балалар жазушыларының шығармаларына қомақты қаламақы төлеу мәселесін шешу.

Сөз соңында жоғарыдағы айтылған бүлдіршіңршіндерге арналған шығармаларды қолдай келе балалар әдебиетінің дамуына көп үлес қосуымыз керек деп ойлаймыз, ылайм, біздер қызыға оқитын балаларға арналған шығармалар көп болғай…

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

  1. Ш. Ахметов, Қазақ совет балалар әдебиеті, Алматы, 1976 ж.
  2. Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 1997
  3. https://baribar.kz/student/13049/khikh-ghasyrdaghy-qazaq-balalar-adebietininh-qalyptasuy/
  4. М. Әуезов, Әдебиет тарихы, Алматы, 1991 ж.
  5. Балалар әдебиетінің бүгінгі мәселелері кітапханашы көзімен , Үркер №12(112) желтоқсан, 2017

 

 

 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу