Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» сайысы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жетістіктері жайлы мағлұмат беру.Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың сүреттері, таратпалар,тапсырмалар, интерактивті тақта,  плакаттар және суреттер т.б.

Барысы: (5 минут)

Мұғалім:

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Желтоқсан оқиғасы әркімнің жадында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгілік жазылып қалды. Өйткені ол дүниені дүр сілкіндірді. Еркіндікпен теңдікті талап еткен ел ұландарының, жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді.

Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далаға жылап келіп қуанғам –

деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші?!
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді.
Тарих ертегі емес, бұрмалап – бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал – сауабы өте ауыр ақиқат

— 1986 жылғы 16 – желтоқсан — Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өте қысқа пленумы болды. 18 минут қана өткен пленум қазақ халқының тағдырын тас – талқан етті.
— Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткер Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты орнынан алып, оның орнына Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы, республикаға мүлдем бейтаныс Колбин тағайындалды. Желтоқсанның 17 – сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталды.

 Мен ауызша түсіндіргеннен көрі балалар сіздерге бейне ролик арқылы көрген жақсы ендеше балалар назарымызды интерактивті тақтаға аударайық.

Бейнеролик «Желтоқсан көтерілісінен үзінді» көрейік.

Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл. Осы 26 жыл ішінде Қазақ елі биік асулардан, қиын –кыстау кезеңдерді басынан өткерді. Жас мемлекет қазіргі таңда нық аяққа тұрып, экономикасы мен саясаты дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосылды. Ол біздің Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының, көрегендігінің арқасы екені баршамызға аян. 1986 жылы 16 желтоқсанда болған көтерілісті барлығымыз білеміз. Қайрат, Сабира, Ләззат, Ербол ағаларымыздың батырлығын білеміз. Сондықтан да бүгінгі біздің сыныптан тыс «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты сайыс түрінде өткелі отырған сабағымызды осы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арнайық.Ойынымызға қатысуға келіп отырғандарыңызға қуаныштымын және сіздерге бүгінгі сайыста тек сәттілік тілеймін.

Ән: «Мереке», орындайтын: Тлекқабылова Тұрсынгүл
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

 I.«Сиқырлы ұяшықтар», әр ұяшықтарда сұрақтар бар, ұяшықты таңдап сұрақтарға жауап беру қажет.

 II.«Жасырын қалалар»  кезеңінде қала суреті немесе қала туралы сұрақ қойылады әр топқа  2 сұрақтан

 III.«Желтоқсан сұрақтары» кезеңінде желтоқсан оқиғасы туралы сұрақтар қойылады.

IY.«Тәуелсіздік бейнесі – бала көзімен» тәуелсіздік туралы және желтоқсан оқиғасы туралы әртүрлі суреттер беріледі сол суреттерді плакатқа әдемі етіп жапсырып, оған сәйкес тақырып қойылады.

  1. «Топ басшылар сайысы» кезеңінде әр топ басшысына 3 сұрақ қойылады.

YI.Қортынды.

Құрметті қатысушылар ең алдымен сіздер команданың атын, капитанын, таңдап алған жөн.

I кезең «Бәйге сұрақтары».

Мұғалім:Бұл турда мен сіздерге сұрақтар қоямын. Қолдарыңыздағы белгіні көтеріп қана жауап бере аласыздар және жауап дұрыс болған жағдайда 1 балл қоржындарыңызға саласыздар. Егер жауаптарыңыз дұрыс болмаған жағдайда қарсылас топтағы оқушыларға жауап беру мүмкіндігі беріледі. Тек бір ғана жауап қабылданады.

Бәйге сұрақтары:                                                                                                      1.Қазақстан Республикасында 16 желтоқсан күні қандай мемлекеттік мереке аталып өтеді? (Тәуелсіздік күнін)

  1. 1 желтоқсанда Қазақстанда қандай мереке өткізіледі?(ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні)
  2. Ұлттық ақшамыз қалай аталады? (теңге)
  3. ҚР-да қай тілді мемлекеттік тіл (қазақ тілі)
  4. Қазастан Республикасының ата заңы? (Конституция)
  5. Қазақстанның астанасы Астана қаласынан бұрын қай қала болды? (Алматы)
  6. Еліміздің Астанасы, Астана қай өзеннің бойында? (Есіл)
  7. ҚР –ның мемлекеттік рәміздері (Герб, ту, әнұран)

 

Би: «Сайқымазақтар биі», кіші топ балалары.

2 кезең «Жасырын қалалар» 

Дұрыс жауап 2 баллдық жүйеде есептеледі.

I — Топ сұрақтары:

1.Бұл қалада 1996 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне  5 жыл толуына байланысты тәуелсіздік монументі салынды,   Бұл қай қала?

  1. Суретке назар аударып қарап қай қала екендігін анықтаңыз?

II- Топ сұрақтары:     

1.Бұл қалада 2009 жылы жаңа алаңында «Қазақ елі» монументі бой көтерді. Ол – Қазақстанның тәуелсіздік рәміздерінің бірі. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 91 метр. Бұл еліміз егемендік алған 1991 жылды меңзейді.

2. Суретке назар аударып қарап қай қала екендігін анықтаңыз?                                   Ән: «Ауылым», орындайтын: Қуандық Бекмұрат

3 кезең Желтоқсан сұрақтары

Бұл турда да дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

І топ сұрақтары:

1.Ел тағдырында мәңгі есте қалған Желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? (1986 жылы)

  1. Желтоқсан батырлардың атын атаңдар. (Қайрат, Ербол, Сабира, Ләззат)

3.Тәуелсіздікті алған жыл? (1991 жыл)

ІI топ сұрақтары:

1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? 1986 ж

2.Желтоқсан оқиғасы болған қала? Алматы

  1. Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

4 — кезең «Тәуелсіздік бейнесі – бала көзімен»

Ән: «Топ – топ балапан», орындайтын: кіші топ балалары.

5 — кезең «Топ басшылар сайысы»

Әр дұрыс жауап 1 балл. Ал басшыларға көмек беруге болмайды.

1 – топ басшысына

1.Астана қаласының символы (Бәйтерек)

2.Біздің туымызда қандай құстың бейнесі белгіленген? (Қыран)

2 – топ басшысына                                                                                            1.Елтаңбаның ортасында қандай сурет бейнеленген?

2.Медеу мұз айдыны, көктөбе орналасқан қала?

Би: «Қазақстан», орындайтындар: «Шұғыла би тобы»

Ән: «Еліммен мақтанамын», Орындайтын: саз – ырғақ пәнінің мұғалімі: Хасанов Жеңіс Ниеткалиұлы

Қорытынды: (5 минут)

Мұғалім: Осымен барлық турлар аяқталды.

  • Сабақ несімен ұнады және қандай мағлұматтар алдыңдар?

сайысымыздың қалай өткендігі жайлы пікір жазасыңдар. Оны жабыстырып орталарыңыздан біреуіңіз толық мағынасын ашасыздар. Содан кейін қазылар алқасы сендерге бүгінгі күнгі сайыстың қорытындысын айтады. Жеңімпаз топты анықтаймыз.

Сайысты бақылап отырған ұстаздарға сөз беріледі.

Мұғалім: 

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз! Ал, Біздің жас Отанымызға Тәуелсіздік тұғырында көк туымыз желбіреп, мәртебеміз асқақтай берсін. Қазақстан бұданда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп көркейе берсін. Қош, сау болыңдар!

 

Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы.
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті.
Тәрбиеші
Адилова Гүлдана Қанатқызы.

Назар аударыңыз! Бұл сабаққа сайттың арнайы сертификаты табысталған (21.05.2018 /№2105201802-116). 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу