Тренинг сабақ: «Ойнайық, ойлайық»

Сабақтың тақырыбы Тренинг сабақ  «Ойнайық, ойлайық»
Сабақтың мақсаты а) түзете-дамыту: ата-аналармен бала арасындағы мәдениетті қарым-қатынас орнату, қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Қарым-қатынасқа деген қажеттілікті және топтағы қарым-қатынас деңгейін, өзара түсінікті анықтау. Топта біріккен іс-әрекет машығын қалыптастыра отырып, олардың басқа балалармен эмоция негізінде жақсы қарым-қатынас орната білуіне үйрету.

б) дамытушылық: оқушыларға мәдениеттілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже Өз ойын ашық айту

Қарым-қатынасқа түсуі

Сабақта қолданылатын әдістер Жылулық шеңбері, сергіту сәті, жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Маман аралық байланыс Дефектолог мұғалімі, едт нұстаушысы.
Сабақтың басы

5 минут

Шаттық шеңбері

Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Қанебәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар?

Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылықпен жылулығымызды сыйлай аламыз. Міне сондықтанда шеңберді жылулық шеңбері деп те атаймыз. Енді аналалар балаларымызға жақсылық тілеп, шаттана күліп, күлкімізді сыйлайық.

Әр ата-ана өзінің баласының есімінің алғашқы әріпінен бастап сәйкес келетін еркелету, мадақтау сөздерін айтып таныстырады. Мыс: Әмір-әлемдегі әміршім, әлпештеген әлдиім, әдемім.

Сабақтың ортасы

25 минут

1.      «Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз»

Құрметті ата-аналар және оқушылар алдарынызға берілген түрлі-түстердегі дөңгелектерді таңдап алыңыздар. Түстер сырын сабақ соңында білетін боламыз

2.      «Өз отбасыныздың суретін табыңыз»

Ата-аналар өткен сабақта балаларыныз өз отбасының суретін салған болатын, енді осы алдарыңыздағы суреттерден өз баланыздың салған суретін тауып, неліктен сол сурет екенің әңгімелеп берсеңіздер.

 

3.      «Өтінем» ойыны

Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, бір – біріне көңіл бөлу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады, Құрметті ата – аналар, ,оқушылар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіңдер?Рахмет, өтінемін, т.б. Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.Секіріңдер, оң аяқтарыңды көтеріңде  өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар өтінемін, бір – біріңді құшақтаңдар, оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар.

 

4.«Біздің отбасымыздың суреті»

Суретті бір – бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастыру және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.

Талдау:

Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?

Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?

Бір – біріңізді қалай түсіндіңіз?

Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба?

Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі

4.      Ойын «Сиқырлы айна»

Бұл ойын өздеріне  сенімсіз балалар үшін өте пайдалы. Оқушының өзін ашық, еркін ұстауына, өзін басқа жағынан, яғни жанынан көруғе мүмкіндік береді. Бұл ойын жалғыз оқушымен де, топпен де ойналады. «Айна» таңдалады-бұл басқа оқушы немесе ересек адам болуы да мүмкін. Бала оның барлық қимылын, ым-ишарасын айнытпай қайталайтын «аннаға» қарайды.

5.      Ойын «Кім екенің тап»

ж\б: ата-аналардың балаларға байланып, балаларының қолдарынан сипап сезу арқылы өз баласын тауып алу керек.

6.      «Жаңа ертегі»

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мыс: кемпир, шал, арыстан, тышқан т.б атаған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады және берілген маскалармен ертегісі сомдап беру тапсырылады.

7.

3мин Сергіту сәті

Бейнеролик

Сабақтың соңы Рефлексия

Оқушылармен ата-аналарға түрлі-түсті дөңгелекшелер таңдатылады. Сабақ басында таңдаған түстермен салыстырып, сабақ соңында көңіл күйлері өзгергені салыстырылады.

Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді смайликтер арқылы бағалау

           Сабақты қорытындылау

           —Бүгінгі сабақ ұнадыма?

-Қандай әсер алдыңыздар?

-Сабақ несіменөзге болды?

Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы,
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті,
Педагог-психолог
Нұрпейсова Гүлзада Әлімжанқызы

Назар аударыңыз! Бұл сабаққа сайттың арнайы сертификаты табысталған (21.05.2018 /№2105201801-107). 

 

Загрузка...
Загрузка...
Бөлісу