Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Загрузка...

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама.

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді…”

Еңбектері

10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.

1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.

Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Май­лықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы

Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.

Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгі­лерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фоль­клорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған.

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жол­дан тұ­рады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жи­наған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қол­жаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.

Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.

Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтел­дер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.

Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа ай­тысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жан­кел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.

Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс­тың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыс­танбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жа­нақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” ай­тысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғ­жан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дере­гімен де бірге берген.

Ақын қол­жаз­ба­ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ­жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қам­бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор­танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын­дыларын қағазға түсірген.

Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б.

Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін тү­гел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қыс­қартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмай­тын­дығы, диалектілік ерек­шеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жө­ніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығар­маны кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім.

Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольк­лор­дың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ерте­гі­лерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жыр­лардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жыр­ларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгі­ме­лердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; ма­қал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топ­тамасы, т.б. нұс­қалары бар. Мұндай үлгілерді жи­нағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фоль­клордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақт­ы жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көп­теген ғалым-фольклоршы­лардың шарты.

Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгіле­рінің кө­лемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым бі­лімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей оты­рып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әң­гімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұ­рады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді.

Бұлардан басқа қолжазбаларда мы­надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай­ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сары­арқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са­ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша­ныш­қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі­мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара­кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал­алары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа­сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би­лер хақында, жыл басы туралы, Ор­ман­шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.

Қолжазбадағы кейбір материал­дардың жа­зылған жылдары да көрсе­тілген. Мәселен, “Тө­бет ішіндегі Жан­келді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар.

Жалпы ауыз әдебиеті мен фоль­клорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экс­педициялық әдіс екені белгілі. Бұл экс­педиция сапар­ларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалым­дар көптеген ауыз әде­биетін жинай­тын тіл­шілер мен өз елінің мә­дениеті мен фоль­клорына жанашыр көз­қараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фоль­клорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.

Жинаушылықтың осы формасын “экс­пе­­дициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ға­лымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйен­бе­ген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете мең­гергендігі, бір жағынан, оның жи­нау­шылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрын­­бауын негіздесе, оның жинау жұ­мыс­та­­рының тез қарқынды жүруіне де, фоль­клор­­лық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті.

В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фоль­клорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір ха­лық­тың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі кел­се, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыз­да­рына зе­йін сала­тыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың тү­сінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мә­де­ниетін, т.б. түсінеді. Мәш­һүр Жүсіп болса, халыққа сол кезең­де “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ау­қымды жұ­мыстар атқарған. Сонымен жи­нау­шылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізіл­ген­діктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айнал­ған Асан қайғы мен Жи­ренше ше­шен тә­різді бабалар дәуірі ме, қай­сы­сында кейін­гілер тағылым аларлық қан­ша­лық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қы­зықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұ­дан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік кон­цепциясы оның демо­кратиялық, ағар­ту­шылық көзқарасынан туын­дағанын кө­ре­міз.

Қазақ халық әдебиетінің жиналу тари­хын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уә­ли­ханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қара­ғанда, со­ларға үндес ететін ортақ си­пат­тарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерек­­шеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, ба­тыс мәдениетін, қазақ тілін жетік мең­герумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі жә­не ХІХ ғасырдың соң­ғы ширегі мен XX ға­сырдың бас ке­зінде қазақ даласын көп аралауы нә­ти­жесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз заман­дастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп ма­те­риалдарды шолып қарай отырып, оның жи­наушылық еңбектерін саралауға бас­тай­тын мынадай ерекше­ліктерін жинақ­тап айтуға болады.

  • Бірін­шіден, Мәшһүр Жүсіп ерте­гінің, не аңыз­дың қысқартылған сұл­басын, шы­ғарма фабу­ласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы ай­тылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.
  • Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуез­ділігіне, өзара үнде­суіне көп көңіл бөлі­нетінін, дыбысталу сапа­сының сөз мағы­насына, сол арқылы шы­ғар­ма көр­кем­ділігіне пәрменді ықпал жасап оты­ратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тілін­­дегі сөздер фонетикасы тарихын жа­сау­да да елеулі рөл атқара­тынын дәйек­теуге бо­лады.
  • Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай ма­териалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этно­гра­фия­лық, т.б. мәні айрықша бола­тыны күмәнсіз.
  • Төртіншіден, ел тари­хын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқау­ла­рын қоса жа­зып отырған. Соңғы айтыл­ғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жа­зып алу­мен ғана емес, оларды сара­лап, белгілі бір тарихи жағ­дай, ел ахуа­лымен са­лыс­ты­рып отыр­ған зерт­­теушілік ең­бегін көрсетеді.

Мәшһүр Жүсіптің фоль­­клорист ғалым ретінде қалып­тасуының үш қай­нар көзі бар.

  • Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фоль­клор үлгі­лерінен тұ­ратын бай мұра­сын қабылдауы;
  • Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;
  • Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялы­ла­рының әсері.

Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгі­лерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демо­кратиялық көз­қарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фоль­клор­ды өзгер­туге, түзетуге жат­пайтын асыл мұра деп біл­ген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шар­тын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған.

Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бір­неше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шө­ме­кейге қараның ханы бол­ғанын тілге тиек еткен.

Мұндай мысалдар ақын қолжаз­ба­сында көптеп кездеседі. Екіншіден, фоль­клорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сон­дықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағ­да­йын, қалай та­ра­ғанын анықтап отырған. Мә­се­лен, Мәшһүр Жү­сіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың ба­ласы Алтай деген жігіттің Піс­пекбайдың жыл­қысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығар­май аман алып шығуы баян­далады. Жылқышының таза көңіліне, адал­дығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жо­ғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады.

Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарай­тын­дығы баяндалады. Міне, көріп отыр­ға­ны­мыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады.

Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Ав­тор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топ­шы­лауларын да бірге беруге ты­рысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинау­шылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фоль­клор­ды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге бо­лады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс бол­­ғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жал­пы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, да­налығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бас­тысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, тату­лығы, ынтымақ­тығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жет­кендігі айтылады.

Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филология­лық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклор­дың ел арасында ерек­ше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастер­лейтінін ба­рынша айқын көрсетуге ты­рысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық ара­сында ең алды­мен ақын-жазушы ретінде таныл­ғанын ескерсек, онда оның фоль­клорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл бай­лы­ғының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есеп­ті бағалағаны анық.

Мәселен, ел аузындағы “Жиренше ше­шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр­кінін білемін деп ізлегендіктен қа­лыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха­нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола­сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгіме­сі­нің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғаны­мыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фоль­клор үлгі­лерін көбінесе тарихи адам­дар есім­дерімен ұштастырған. Фоль­клор үл­гілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, ай­насы екендігіне көңіл бөлгені бай­қалады.

Жинаушылықтың бесінші ұста­нымы – Мәшһүр Жүсіп фоль­клорды этно­графиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халық­тардың шығу тегіне, рулық құ­рамына, қоныс аударуына, қалып­та­суына, тіпті олардың тұрмыс-тірші­лігіне, қор­шаған табиғи орта­сына, киетін киім­дері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәсе­лен, “Бұл қазақ қай уа­қыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтыл­ғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шық­қандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрын­ғы заманда қазақтың Жүз деген де ата­ла­рының аты болса керек. “Жүз” деген ат­ты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қо­йып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қы­лысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Ала­ша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұра­нымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген.

ИМАН

Исламның бес парызы біреуі – иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған.

“Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың…”

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.


Заман болжауы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Ен жайлап еркін өскен қазақ халқының басына үлкен қасірет  туады. Николай паташа құлап, Совет үкіметі келеді. Бұл үкіметті комунистер басқарады,-дейді. Ол комунистер қазақтың малын алады, баларды әскерге алады, меншік өзімдікі деген болмайды, барлығын орталыққа алып, ақы жоқ, пұл жоқ. Құл қылады деген лақап тарап, көзі ашық молдалар, білікті ақсақалдар өліспей беріспейміз, -деп Ақбеттау жасағын құрады. Бірақ, бұларда шиті мылтық пен сойылдан басқа, ешқандай соғыс құралы болмайды. Орыстан атаман Өске қапар бастаниясын құрайды, бірақ бір түс қарсыласуға шамасы келмеген. Ресейден винтовка, гранатпен қаруланса да, санан қазақтар шамалары келмейтінін түсініп, үлкен біреуі; «Қой, біз мұны Мәшүр Жүсіппен ақылдасайық. Ол кісі көрген Әулие ғой»,-деп, молдалар бас болып келеді. Тақсыр Машеке, біз сізге келіп тұрмыз. Мына заман ақыр, не масқара, мал да, жана да, бала-шаға, әйел бәрі мемлекетікі болады,-дейді. Коммунист деген тажалы бар көрніеді, бәрін солар жиып алмақ. Сонда қазақ не болады, тақсыр? Мәшһүр Жүсіп айтыпты;

«Е, ағайын, бұл заман бір қалыпта тұрмайды, бірақ қазақ құрымайды, жақсылық-жамандық егіз, бірде жақсы, бірде жайсыз болса да, ақры бір қайырлы болып отырады, әрқайсысның арасында заман туралы мынандай әңгіме бар емес пе»

Қаракесек Бекболатың заманы қасықыр заман, деген еді. Жмандықпен бұзықтықыт басқа ұр, деген заман еді. Айдабол Тагелтірдің заманы түлкі заман, деген еді. Ойын мен күлкі заман деген еді. Қаракесек Алшынбайдың заманы біреудің бір нәрсесін алдап, арбап алсақ, деген заман еді. Заман осылай кезек-кезек өзгере береді. Коммунист дегеннің мағынасы тажал емес. Періште деген, періште немесе, тажал ма, дұрыс түсіну керек молдалар. Бұл заман кедей мен бай теңеледі, деген заман. Әйедерің де, қорықпаңдар еркектер, дәрежесі өзіңмен бірдей болады, тіпті асып та кетер.

ХХ –ғасыр, Оған барда асыл,

Әуелі келетін заманды біл,

Діні мен тілін біл,

Күш атасы қалған,

Күшке сену жалған.

Бұл заман ғылым, білім заманы.

Ал, бұларға қарсы жасақ жиып, соғысыу дегендерің,

Молдалар, жастарды қырып, қара сорпасын ішу жолы.

Тағы бір сөз: қытайды Шүршіт темір қақпан, -дейді екен.

Егер де қытайға бағынған болсақ,

Өазақ деген ұлт болу неғбайыл екен.

Ал кәпір орысты кендір арқан, дейді екен.

Кедір арқан 70 жылда бір шириді , деген.

Сонда қазағым бірга шіріп, дініңнен, тіліңнен безіп, азып, өшпей-өспей, әйтеуір қазақ атқа ие болып жүресіңдер.

Азарсың жұртым, азарсың,

Азағандықтың белгісі,

Тайпақ-тайрап көлдерден балық шығар,-деп еді.

Қылмысы жаққан пенделер алып шығар,- деп еді.

Қылмысы жақпаған пенденің екі етегі су болып,

Бір жартақан тәңірге налып шығар,-деп еді.

Ауылдардың шу басқан, жаулықтарын ту қылған

Салтың шығар, -деп еді.

Оқшантайы жоқ, кісе жоқ,

Белбеу шығар,-деп еді.

Жүгініс жоқ, малдас жоқ,

Көлбеу шығар,-деп еді.

Заман ақыр адамымен шығар,-деп еді.

Үй басына тоқ өткен, желі шығар,-деп еді.

Енсімен керіскен келін шығар,-деп еді.

Келіні айғыр, енесі саяқ шығар,-деп еді.

Бір уысқа толмайтын, аяқ шығар,-деп еді.

Қай жер болса қонысың, сол жақ болар,-деп еді.

Бұзай тайшаға жүк артылар,-деп еді.

Қарап тұрған жігітке, қыз артылар,-деп еді.

Көкек айы болғанда, кемпір күйлер,-деп еді.

Егіншінің қатыны байын билер, -деп еді.

Тоғай басы құраұ боп, арық шығыр,-деп еді.

Сол арықтың ішінде ыңғайы жоқ,

Жаманының пышағы мен, шақпағы жоқ,

Қалып шығар,-деп еді.

Бес қойға алған өгізді, тегін дерсің,-деп еді.

Егін егіп тарының, сөгін жерсің,-деп еді.

Жалаңаяқ қартарды, бегім дерсің,-деп еді.

Заман ақыр адамы мен меншілік болғанда

Ат қояндай, ер құмандай болады,-деп еді.

Садағың кергеге іліп тұрар,-деп еді.

Өлеңтіні жағалап тал шығады,-дер еді.

Тал шыбықтай бұралған, сал шығады,-деп еді.

Соққан бейіт секілді,

Отынға деген қамыстан үй шығар,-деп еді.

Қырықан серек бұтындай бит шығар, -деп еді.

Бар құмары арақ боп,-көрінгенге мазақ боп,

Последний штанын салып шығар, деп еді.

Кері кеткен елдің кеңесшісі кеш болады.

Кедей елдің көш басшысы көп болады.

Төлеңгіт билеген төре оңбас.

Тау белгісі тас болады,

Бай белгісі ас болады.

Төренің жаманы төлеңгітімен қас болады.

Баланың жаманы әкесін өлтіргенмен дос болады.

Бұзылар елдің белгісі-бұртанасы бас болады.

Оңар елдің ақсақалы елінің үлгісі болады.

Оңбас елдің ақсақалы елінің күлкісі болады.

Ақбетау бастанияларыңда қарсы оққа шығып, қырылып, досқа күлкі, дұшпанға таба, Құдайға күнәкәр болып жүрмеңдер қожа-молдалар. Нелер келешектерің алдарыңда.

(Жалғасы бар)

                     Заман болжауы

              Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

II-бөлім

Әуелгі атым еді Адам Жүсіп,

Сүйген халқым кетті Мәшһүр десіп.

Петербург, Лондонға аты мәлім,

Айтайын мен сендерге көңлім түсіп.

Шешендер шыға алмайды тұйығына,

Баса алмаймын батпақтап ұйығымнан.

Баяғыңды ойлама енді қазақ,

Бақытыңды тайдырған иығыңнан.

Жақсы болсаң жау болар өз аулың,

Жаман болсаң жат болар өз бауырың.

Әр түрлі сөзге еріп пәле жауып,

Шірітер түрмесінде мұжық бауырың.

Тұрарда таң намыщына кер боларсың,

Шығырда шыбан жаның тер боларсың.

Кеудеңе алабота, жусан шығып,

Бір кезде аяқ басар жер боларсың.

Қалған жоқ Сарыарқа сенде қызық,

Сандалтып Сарыарқаны алды мұжық.

Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ,

Баласы сорлы қазақ қалдың мыжып.

Таптадың Сарыарқаны қаншама жыл,

Байың жоқ, батырың жоқ, қалғаның тұл.

Ерініп еңбек етіп, егін салмай,

Мұжыққа өала салып, болғаның құл.

Отыз екнші жыл болар сондай ауыр,

Адамдар аш-жалаңаш болып жакыр.

Кетеді айдалаға есі шығып,

Ағайын туған-туыс, суып бауыр.

Адыра тұл қалады қурап шаңырақ,

Кетеді айдалға иесі аңырап.

Тірі кісі табысар бір заманда,

Қойдай маңырап, қозыдай жамырасып.

Дүниеге жарасады күн менен ай,

Бұл заман да тұра бермес мәңгі осылай.

Мысалы, бұл дүниені мен айтайын,

Теңелер сол заманда кедей мен бай.

Өзгеріп одан кейін заман болар,

Жолына шариғатың күмән болар.

Қызығы кәрі-жастан ұят кетіп,

Тәртіпсі, ар жойылып тәмам болар.

Күншілдер көрінгенге қуғын сатып,

Ақыры кінісізге жала болар.

Үлгілі, өнегелі салты құрып,

Қаптаған айналасы қала болар.

Кедейлік болар ма, мұндай қиын,

Ойын-күлкі, ас пен қалар жиын.

Еститінің жаман сөз, суық хабар,

Жұмыртқадай шайқалар күнде миың.

Сайтан мен ел, Құдаймен жат болды ғой,

Сол себепті жұрт біткен ғад болды ғой.

Жер мен көктің кеңдігінен не пайда,

Жақсылық, тыныштық деген қат болды ғой.

Жұрт көреді Құдай ісін оңайлығын,

Қысы –жазы тығын жоқ, ыңғай шығын.

Пәнде асығып жеткенше тарығады,

Құдай өзі көрсетпесе Құдайлығын.

Мәңгі бақи бұл дүние тұрмақ емес,

Қалжыртып, қажытып бәрін тегіс.

Өлмеген құл көреді, асықпаңдар,

Бұл дүние де таусылып, болад көмес.

Өлмегенге бұл дәуір кезек тимек,

Пәнде асығып, аптығып пісіп –күймек.

Ұрған құдай пәндесін қан-қақсатып,

Құшырланып құшақтап аяп сүймек.

Жылан жылы өткізер жазды-қысты,

Жылқы жылы сапырылысып, жұр жүрісті.

Құлағың естігенді көзің көрмек,

Көрерсің өлмегенің қай бір дұрысты.

Мың тоғыз жүз қырық бесінші жыл,

Жылқы шығып, қой кірер, оны да біл.

Қойдан қоңыр замнды бір көрерсің,

Қой анасы бестен деп бусайшы бел.

Деп жүрміз, Құдай бар, деп күшті,

Сол сөзде болып кетті ау екі ұшты.

Анық көңіл бекиді қайран қалып,

Құдайлық таң қалғандай көрсетсе іст.

Ертегі емес, шын сөз ғой Құдай қауымы,

Қайда барсаң жұрт болған ғад қауымы.

Құдай жұп қылып жартқан екі түрлі,

Үшеуі ара табылмақ Һұдтың қауымы.

Бақталасты Құдай мен басты малды,

Соларға боп пәленің нақ қарсы алды.

Кейінгіге қыса ғып былшылдауға,

Аман-есен қалдырған ғой осы Мәшһүр шалды.

Үлкен тау төбе болар, тас кеткен соң,

Жақсы ауыл ұры болар, бас кеткен соң.

Ақсақал төрде отырып не болады,

Келіннен тиыш отыр, деп сөз жеткен соң.

Ер жігіт мырза болып не болады,

Қолдан дәулет, басынан бақ кеткен соң.

Ханның да қара тілін ала бермес,

Бастан тәж, астынан тақ кеткен соң.

Әкеден бала безетін күн болады,

Қуат кеміп сексен жас жеткен соң.

Үлгісіз Ата мен Ана болар,

Еркекті әйел билеп дана болар.

Ұлы арсыз, қызы ұятсыз болып,

Бала емес, пәле баққан жайы болар.

Сарыарқа сары жайлау, жер тарылып,

Өрісі жоқ жырық-жырық дала болар.

Сары қымыз сапрулы қолдан кетіп,

Сарғайтып ішетұғын шайы болар.

Қоян жылы заман тараң болар,

Ел аштық жоқшылққа тап болар.

Қоғамның жиған малы топтай түсіп,

Қысы жұт, азық қымбат, нарық болар.

Бұл сөзім өтрік емес шын расы,

Мұнан соң ұрлық қылар кәрі-жасы.

Кедейліктің исі қазақта тұр,

Оңдырар ма сәулесіз өңкей масы.

Сол заманың бір талай ұлықтары,

Ұры-қары сұмдардың жан жолдасы.

Қазақ қайтіп ел болады қарғым-ау,

Ойлайтыны ұлығының өз пайдасы.

Ұлықтардың нәсібі ұры болар,

Қолдайтын періштесі пірі болар.

Зекетсіз кедейлердің жиған малы,

Жең ішінде пармен құрып болар.

Ол заман, қай заман, ыққан заман,

Жақсы жаман келіп жыққан заман.

Ұры-қары көбейген тақыр заман,

Сол заманның адамы көп білем,-деп Дана болар.

Надандығы халыққа мәлім болар.

Шариғат пен хадиспен жұмысы жоқ,

Құранды қате оқып, күнә болар.

Оқыған ғұламалар таусылған соң,

Ақыры сол ұры-қары молда болар.

(жалғасы бар…)

****   ****

 

                     Заман болжауы

              Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

III-бөлім

 

Бұл бір болжама,

Үрлемей от жана ма.

Көре жатар өлмеген,

Көзбен көрмей нанар ма.

Ғаділ биі таусылып,

Ғаділетсіз би шығар ма.

Өтірікпен күнелткен,

Елге тұлға бола ма.

Жарлының ұрлап жалғызын,

Жылатады ұл-қызын.

Әділетсіз әкімің,

Тентекке тиым салар ма,

Алдамшы бұзық елде көп.

Бір нәрсені алдап жеп,

Айтқан сертте тұра ма.

Денсаулық бар болса,

Жаратушы жар болса,

Залымнан жәрдем сұрама.

Жоқтан бар ғып жаратқан,

Кең дүниеге таратқан,

Мың рахмет айтыңдар,

Атаң менен анаңа,

Жаратушы Аллаға.

Қазақ деген халықтың,

Сөйлеген сөзі жалғанда,

Зекетсіз малы харамды.

Кім мұсмылман, кім кәпір,

Бір Құдайға аянды.

Қолыңда тұр ұрлығы,

Көңілде тұр зорлығы.

Баласын беріп молдаға,

Берілген болып Аллаға.

Дүниеге көңіл бұрылды,

Қожа, молда көбейді.

Өлімнен қайыр тілейді,

Арамдығы ішінде.

Елде күнә көбейді,

Темір қазық жағынан,

Балгер бақсы көбейді,

Ғайып болып сағымнан.

Ауруларды сағынған,

Ауру қатын көрінсе,

Көтін сипап емдейді.

Бұл не деген қағынған,

Қожа-молда балгерің.

Алдауын да қоймайды,

Алуын да қоймайды,

Бұл не деген жырынды.

Кешірмейді Құдайым,

Кісі ақсын жегенді.

Қиямет Машһар күнінде,

Құрт-құмырсқа қаптатып.

Шырылдатып, шыңғыртып,

Сонда денесін талайды.

Е, қара тауық, қара тауық,

Жүрген жерің сондай қауіп.

Жеті дұшпан балғыңда,

Әлде кімге болар қауіп.

Талай жас қыздарың,

Ұяттан безіп буаз болады.

Сиынған пірің молда мүшкірік,

Бір Құдайға шет болады.

Мұсылмандыққа жеткенше,

Адамдар бір-бірімен,

Өштесіп қас болады.

Мұсылмандыққа жеткен соң,

Сонда ғана барып-барып ел болады.

2013 жыл болады.

Қойдан қоңыр заман болады,

Көрген де арманда,

Көрмеген де арманда сол болады.

2015-16 жылдары дін басына имам Мұхаммед әл Мағди келіп бүкіл дүние жүзіне Ислам дінін күшейтіп, елді бейбітшілікке жеткізеді.

(Ескерту; Мәшһүр Жүсіп атамыз, ата жолының әулиелерге зияратауға барып-барып ел болатынын болжағанмен, ел билікпен діншілердің, зиялы қауымының өз дәстүріне, ата баба рухына, аруағына сатқындық,аманатқа опасыздық жасап, ата жолын сотап 10-шақты жылға халықтың рухани өркениетін кейін шегеретінін ескермеген. Сондықтан 2013 жыл беркелі болғанымен қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын заманға жету үшін ата жолына ашық қарсы болғандардың құдайдың азабына түсіп, өз бауырлармыздың өлімі, азабы арқылы ғана, бұл жолда көлденең жатқандарды аттап өтумен ғана мүмкін болмақ. Сондықтан енді 7-жылдың маңында ғана тыныштық заман келетінін ескерген жөн. Т.Б.К)

(жалғасы бар…)

 

 

                     Заман болжауы

              Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

IV-бөлім

 

Түзету осы үшінші ғасырдың басынан басталады. Соңы екінші ғасырдың қой жылы баршылық, молшылық болса да, таршылық болады, қилы-қилы заман болады. Ақша құнсыз қағаз болады. Мешін жылы басшы өзгердеі. Ол елді аздырып, бір-бірмен қас қылады. 2014 жылы қатал тәртіп болады. Тәртіп болған соң берке-қайыры болады. 2015 жылы ақпан айында сапарға шығу қауіпті болады. Сонан әрі қырық жыл дәуірлейді. Міне осындай заман өзгерісі болмақ. Ақыр заман екі рет болады. Ал, қиямет-қайым бір рет болады. Ақырзаман-сол адамдардың азуы. Орыстың дініне кіріп (гүлге шоқынып), харам асын , азығын ішіп, салтына түсіп, өз дінінен, салтынан, тілінен, әдер-ғұрпынан айрылып, адамдар бір-бірмен өш, қас, аяусыз дұшпан болады. Тіпті бірге туған туыста тату-тәтті боп тұрмайды.

Бұндай заманды қиямет дейді,

Бір заманда адам адамды жейді.

Адастың ғылым іздеп ақылменен,

Сөзіңнің жалғаны көп мақұлынан.

Ер жігіттің дұшпаны он болады,

Қайын-жұрт, туған туыс жақынынан.

Жуыма бұл ағайынға сырын білмес,

Зиянды ол бір ағаш жеміс бермес.

Бар болсаң еркелейді ит секілді,

Жоқ болып, өлдім десең қолын бермес.

***    ***

Ер жігітің үш жұрты болады; қайын жұрт, туған жұрт, нағашы жұрт. Қайын жұрты сынаумен болады, туған жұрты күндеумен болады, нағашы жұрты, болсын, толсын деумен болады.

Үйдің жақсысы ағашынан, туыстың жақсысы нағашыдан деген, баланың тегін сұрмайды, қазақ нағашы жұртын сұрайды. Алып андан туады. Нағашысы жақсы болса, баланы да жақсы екен, деп риза болады. Бірақ заман азған соң, осы нағашы да азады. Осы азу барып-барып 2013 жылдан бастап түзеле бастайды. Ол қанша жыль дәуірлейді, бір Алла өзі біледі. Бірақ одан кейін екінші азу бар. Ол қанша мың жылдан кейін боларын тағы да бір Алла біледі. Үшінші, мұны қиямет-қайым. Бұл уақытта жер дүниеде тіршілік болмайды. Заман кезегі осындай өзгерістермен аяқталамақ. Бірақ байлық пен кедейлік, жамндық пен бұзықтық, бірлікі пен тіршілікті бұзып замнды өзгертетін Алла емес, пәнденің өзі-залымдары мен зұлымдары, қожалары мен молдалары.

 

Дүние үшін, жанын бәрі қайғы жеген,

Мен кімді, кінәлаймын текке неден.

Кісі тап та, айт маған жаным құрбан,

Анық көңіл, шын пейіл мен құдай деген.

Дүние үшін оқу оқып болған молда,

Болғанда баста сәлде, кітап қолда.

Білгені өз басына пайда етпесе,

Масқара ел алдында болар сонда.

Бұлар сол оқу оқып ұқпай қалаған,

Шын болмай айтқан сөзі болып жалған.

Жұртқа айтып шариғатты сөзі тұтпай,

Қазақтың қой мен тайын алап алған.

Сиқырын он қашырға сайтан артқан,

Мұның бәрін қожа-молда сатып алған.

Кедейді қанап, аңқауды алдап,

Сайтанның сиқырымен пайда тапқан.

Молдалардың мақсаты пайда таппақ,

Ұжмақтың кілтіне ие болмақ.

Құдайы садақа беріңдер деп,

Аңқау елді алдап ақымақ қылмақ.

Таудың түгі кетіп, тасы қалды,

Құранда минәл жәннәт әннес қалды.

Ағұзыны қиғаштап аузын созып,

Бұл күнде я аю әннес қалды.

Мың ғалымнан ғаин миым ләм артық,

Оқиды аттан үшін наһу мантық.

Айрылып қой-қозыдан қалайықпа,

Халыққа шариғат жөнін түзу айтып.

Дін қайда, осы күнде, білім қайда,

Тұрған жоқ, анық көңіл бір Құдайда.

Лақ, тоқты аламын, деп жүрген жаннан,

Айласың тиеді, деп кімге пайда.

Шариғат кітап сөзі қалды тозып,

Бел асты шылғый өтрік шыннан озып.

Дүние үшін молдалардың пейлі азып,

Бұлар жүр быт-шыт қылып дінді бұзып.

Осылай жүріп жатыр сарсаңда,

Көбейіп қожа-молда бұл қарсаңда.

Жалғанда кісі ақысынан құтылмайсың,

Қажыға жылап жаяу жүз барсаңда.

Тамухтың түбі терең кеткен деймін,

Ішіне бір тас түсіп кеткен деймін.

Түбінің тереңдігін сонан байқа,

Екі жүз елу жылда жеткен деймін.

Ішінде сол құдықтың сандығы бар,

Әрбір жандыға айтылған ұраны бар.

Жанды адам дозаққа жанбас деген,

Алланың айтып кеткен жарлығы бар.

Ішінде сол сандықтың жыланы бар,

Имансызға айтылыған бұрығы бар.

Алдымен сол дозаққа молда жанар,

Қанайтын кедейлерді пиғылы тар.

Өлім барды шашады,

Жоқтың артын ашады.

Қосылып сенде тонама,

Жылап-сықтап жатқанда.

Олжадан ойың барларың,

Қараң өшсін жолама.

Құран оқып күңреніп,

Сары уайымға саларсың.

Берсе қағып аласың,

Соларың дұрыс бола ма?

Тәңір алдына барғанда.

Айналайын шариғат,

Атың барда затың жоқ.

Айтушы бір өзгертіп,

Жазушы екі өзгертіп,

Өртеп жіберер кітап көп.

Құран шықтым, деп бірі алып,

Жаназа шықтым, деп екі алып,

Ғарып садақасын екі алып.

Суық қолды сұм алаяқ,

Асып өлтірер молда көп.

***

Жанза намазы сол елдегі мұсылмандарға парыз. Алланың ризалғы үшін қабырын қазу, жуындырыу, жанза оқу, қабырға қоб. Мұсылмандардың орындалған парызы үшін өткен адамнан, мүлкінен ақы алынсын,-деп Құранда жазылмаған.

Шариғат төрт иман тұрар жері,

Түгелдеуге келмейтін ердің ері.

Құран кәрім жолын тұтпағандар,

Түбінде сол тамұқта шырылдап, жан өзің молда.

Мәшүрді бар екен деп есіне алсын,

Аяғын аңдамаған қия салсын.

Жасыңда қожа кесіп сүндетелген,

Жақтырмаса қалғанын қожа-мода кесіп алсын.

Ескертулерден

Бір кезед қытай шүршіт Ташкентті алады, ұлы ғайбат болса керекті. Шүршіт шығып жүріс қылып, Шаһзаңда шайтан шығып, шүршітердің бәрін қырып, опат қылса керекті. 2021 жылы тауық жылы қаптаған шүршіт Самарқантқа жеткен соң опат болады. Самарқанда шүршіт түгел қырылып біткен соң, Ислам діні күшейіп, қырық жыл дәуәр сүрсе керекті…..ақпан айында сапарға шығу қауіпті болады. Қыс пен Жаз ауысып Күз есе есе толтырады. Мемлекет басындағы басқарушы әйел болғаннан сақ болыңдар, бірақ түбі қайыр болады. …

***  ***

Сонда боларсың, қазақ сенде боларсың,

Дін, тіліңмен табысып,

Толарсың қазақ сенде толарсың.

Егін мен малға жарсып,

Жасарсың қазақ, сенде жасарсың.

Топ тобыңмен табысып,

Туар әлі сондай күн.

Гүлденіп өсіп қаусып,

Өткен азап ұмыт боп,

Жүректе қалар алсып.

Барға жоққа бұл дүние кезек тимек,

Жеткенше пенде асығып,

Аптығып пісіп-күймек.

Сынаған құдай пәндесін қан-қақсатып,

Құшырланып, құшақтап аяп-сүймек.

Мәңгі бақи бір заман тұрмақ емес,

Қалжыратып, қалғытып бәрін тегіс.

Өлмеген құл көреді асықпаңдар,

Сол азаптар да таусылып, болад көмес.

****    ****

Аман бол ағайын,

Тату бол қимасым.

Араздықты қойайық,

Арамзалық мінезді,

Тіпті енді жойайық.

Дінімізбен тілімізді қуатап,

Күншілдіктің көзін жойайық.

Өлген соң белгілі,

Қайтып кеп тұрмасың.

Ел анау мен мынау,

Қайтейін бір басым.

Аман бол ағайын,

Тату бол қимасым.

Асқынды боп, арқа жауыр-жарларым,

Тіпті жоқ, түскен істі ауруларым.

Бірлік қыл, басыңды қос пайдаңды біл,

Қазағым қайран, халқым бауырларым.

Дүниенің базарында арзан нарқым,

Нарқым арзан бола да, қысбат даңқым.

Дүниенің тіршілігінде қадырым жоқ,

Өлген соң әтеген-ай, дерсің халқым.

***  ***

(Жазып алған шәкірті Мәненұлы Иманғали )


Жындарға дастарқан жайғызған – Мәшһүр Жүсіп әулие

  • Жындарға дастарқан жайғызған - Мәшһүр Жүсіп әулиеЖындарға дастарқан жайғызған – Мәшһүр Жүсіп әулие


“Мәшһүр Жүсiп бiр күнi Баянауылға бармақ болып, жанына баласы Шарафиден мен сүйiктi немересi Төлеубайды ертiп, ат-арбасына атын жегiп жолға шығады. Бозбай деген жерден аса бергенде немересі:

– Шөлдедім, – десе керек. Сонда Мәшһүр Жүсiп:

– Алдымызда тұрған бір үйге барайық, сонда сендердi бiр ауқаттандырып алайын, – деп өзi бастап бiр иесiз үйге алып келедi. Үйге тақай бергенде 12-13 жасар немересi Төлеубай:

– Ата, бiздiң алып шыққан тамағымыз жоқ қой, – дейдi.

– Қазiр не көрсеңдер де үндемеңдер, ештеңе сұрамаңдар, асықпай әлденiп алып сапарымызды жалғастырармыз, – деп, Мәшһүр Жүсiп төбесі құлаған екі бөлмелі үйге алып келеді. Өзі бірінші кiрiп, жерге жайғасып отырады. Атын байлап, соңынан балалары да кiредi. Сол уақытта атамыз бiр дұғаны оқи бастайды. Кенет өзiнен-өзi алдарына дастарқан жайылады. Ұстап келе жатқан тiрi жан көрiнбесе де ет салынған табақ, түрлi-түстi тағамдарға толы ыдыстар келiп дастарқанға қойылды. Атамыз жақсы көретiн өрiк-мейiз де бар. Шай құйылған кеселер келiп, босаған ыдыстар жоғары көтерiлiп, ауамен қалқып есiктен шығып кете бердi. Олардың қайдан келiп, қайда кетiп жатқанын түсiнбеген Төлебайдың қорқып, дұрыс тамақтана алмай отырғанын сезген Мәшһүр Жүсiп:

– Қорықпай, iшiп-жеп, тойып алыңдар, – деп көңiлi қалағанын жеп отыра бердi.

Тамақтанып алған соң Мәшһүр Жүсiп тағы бір қысқа дұғаны оқығанда, алдарында жаюлы тұрған дастарқан көзден ғайып болады.

Мәшһүр Жүсiп балаларын ертiп жолға шығады. Жолшыбай:

– Жаңа ештеңе ұқпаған боларсыңдар, бiздi тамақтандырған жын-перiлер ғой, – дейдi.

Мәшһүр Жүсiптiң жын-перiлердi өз ырқына көндiрiп, өзi қалаған тағамдарды алдырып, дастарқан жайдыруы – әрине, адам нанғысыз ғажайып iс. Мәшһүр Жүсіп жын-періні өз ырзығына бағындыратындай әулиелік қасиетке білімнің арқасында қол жеткізді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Періштелер нұрдан жаратылған, жындар от жалынынан жаратылған, ал адам болса өздеріңе (Құранда) түсіндірілген нәрседен жаратылған» – деген.

Мәшһүр Жүсiптің өмірбаяны қызыққа толы болған. Бұхарда Мәшһүр Жүсіп шығыс медицинасымен және адамзаттың санасы жете бермейтін тылсым күштердің ілімімен әуестенеді. Оған мына екі уақиға куә болса керек:

• Біріншісі – белгісіз бір ақсақалдың моншаға түсіруі. Бiрде монша iздеп көшеге шықса, алдынан бiр ақсақал адам кез болып: – Жүр, балам, мына жерде монша бар, – деп бастай жөнеледi. Сәл жүрген соң шағындау, көзге қораш бiр моншаға әкелiп кiргiзiп, Мәшһүр Жүсіпті шешiндiрiп, арқа-басын ысып, кәдiмгiдей жуындырады. «Е, осындайды кәсiп етiп жүрген бiр мүсәпiр екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр атамыз қызметi үшiн деп шалға ақша ұсынса, ол алмайды. Iшiнен: «Апырмай, шайхы адам екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр Жүсіп рақметiн айтып, сәл былай ұзай бере артына қараса, монша да, жаңағы шал да жоқ. Бұның не керемет екенiн түсiне алмаған ол ертеңiнде медреседегi ұстазына баян етедi. Ол қуана тыңдап: «Балам, құдай жарылқаған екен, сенiң барғаның Қожа Бахауеддиннiң моншасының орны едi. Саған назары түсiп, шомылдырған өзi болар, сiрә. Ендi саған қасиет қонды, аузыңнан шыққан сөздiң бәрi лепес, қабыл болады!» – деп, қолын жайып батасын берiптi.

• Екіншісі – жұма күні намаз уақытында сол ақсақалдың жерге «Жетпіс үш, жетпіс үш» – деп жазып, көзден ғайып болуы. Бұхарда оқып жүрген Мәшһүр Жүсіп бiрде жұма намазынан келе жатса, үстiнде қара шапаны, қолында аса таяғы бар ақсақал адам алдын кес-кестей бередi. Үлкен кiсi ғой, жолын кеспейiн деп, Мәшһүр Жүсіп бөгелiп, қол қусырып сәлем бередi. Әлгi ақсақал сәлем аларда қолындағы аса таяғын жерге шанша салады. Басында темiрi жоқ жаңағы таяқ жерге қадала кiрiп, дiрiлдеп тұра қалса керек. Кенет таяғын қайтадан қолға алған қария Мәшһүр Жүсіпті үш айналып, о жер, бұ жерiнен таяғымен түрткiлеп, «жетпiс екi, жетпiс үш» деп керi айналып жүре бередi. Аң-таң болған Мәшһүр Жүсіп мына кiсi маған 72-73 сағатта өлесiң деп кеттi ме деп айран-асыр болады. Үйге келiп ұйқыға жатқан соң түсiне аруақтар кiрiп, мазасын алып шығады. Сөйтiп, шалдың айтқан 72-73 сағатынан аман-сау өтедi. Ендi 72-73 күнде дәмiм таусыла ма деп, күн санауға айналады. Бұдан да сау-саламат өткесiн, ғұмырының 73 жыл боларына сенедi. Аталмыш оқиғалардан кейін Мәшһүр Жүсіп ақ десе алғыс, қара десе қарғыс болып, айтқан сөзі лепес болады екен.

Ұлы ойшыл өзінің өлер сәтін болжап, сол сәтке үлкен дайындық жұмыстарын да жүргізгені де баршамызға аян. Ал енді Мәшһүр Жүсіптің денесінің 21 жыл ашық жатуы – әлі күнге дейін жұмбақ. Мәшһүр Жүсіп үлкен баласы Шәрәпиденге: «Мен өлгеннен кейін қырық бір жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етем. Тек жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады»,- деп өсиет етеді. Біреулер денесін шірітпейтін арнайы дәрілік шөптер ішкенін айтады. Ондай дәрі болса басқа әулиелер не болмаса бақсылар, тіпті байлар неге қолданбады екен… Тіпті топырақтың құнарлылығын да алға тартанындар бар. Қалай болғанда да күн сәулесінің қаншалықты көлемде түсетіні мен зиратының басынан шығатын, биіктігі бір жарым, ені бір кезге таяу, қалыңдығы 20-30 сантиметр жалпақ ақ тасты қабырғаға ілгізуі жұмбақ күйінде қалмақ. Қалай дегенмен де бұл – Алланың әмірімен болған жағдай. Д.Әбілев өз естелігінде: «Біз барғанда Мәшекең болашақ мавзолей-зиратының астыңғы қабатынан лайықталатын бөлме – өзі жататын орнын қазып жатқандардың қасында тұр екен.

– Қазыңдар! Терең қазыңдар. Мәшһүр қашып кете алмайтындай етіп қазыңдар! – деп сылқ-сылқ күледі де, – және кең қазыңдар. Он-он бес адам сыятындай кең болсын. Кірпіштері берік қалансын, – деді. – Тірлігінде ұры-қарылардың, озбыр, қиянатшыл, аю мінез әкімдердің қара халыққа жасаған қиянатын қызыл тілмен қылыштаған Мәшһүрдің шатағы аз боп па? Тірімде тістері батпаған сол сойқандар мен көз жұмғансын өш алуға үстімнен арыз жаудырып, мұңкір-нәңкірге тергеттірмей қоймас. Сонда менің мұндағы дұрыстығымды қорғауға бірнеше періштелер келер… Кең қазыңдар, – деп Мәшекең сылқ-сылқ күлді. Қазушылар да күлді», – деп жазады.

1927 жылы дүние келген Қалиұлы Қаратай Ескелдіде Мұхаммед Фазылды көргенін баяндап берген болатын. «Мен және 1926 жылы дүниеге келген Ермек, Қанапия деген екі бала жаяу Ескелдіге келдік. Келсек, мұғалім /Мұхаммед Фазыл/ күрең биесін жегіп келіп, енді кіріп жатыр екен. Есіктен кіргенде бұрышта пеш тұр. Оның бойында насыбай үккіш тұрды, қалғандары есімде жоқ. Мұғалім құран оқыды. Берген ақшамызды алмады.

– Біз әдейі келдік қой, атамыздың жатқан жерін, түрін көрейікші – деп өтіндік.

Сонда мұғалім:

– Әй, болмадыңдар ғой, көңілдерің қалмасын, – деп, адам бойы қазылған төменгі жаққа сатымен түсіп, шам жақты. Ешқандай да қақпақ көрмедік, шаммен төмен түсетін жер, ортада тұрса керек», – деп Қаратай ақсақал сыр шерткен болатын. Ал 1921 жылы дүниеге келген Серік Аманжарұлы «…Қасенғали …төмен түсіп, шамның жарығымен атаның үстіне ақ жаптық. Мен көрейінші деп өтіндім… Содан бірінің үстіне бірін жаба берген ақ маталарды дененің ортан беліне дейін көтердік. Сонда алғашқы жабылған ақ маталардың қурап жерге түсіп жатқанын көрген Мухаммед Фазыл «күнә болар, жерден жинап алайық», – деді. Біз солай істедік. Жарықтық, атамыздың бет-бейнесі сол қалпы жатыр. Бейне ұйықтап жатқан жан тәрізді…» – деп сөзін аяқтаған болатын. Сөзіміз дәлелді болу үшін Мәшһүр Жүсіптің немересі Қуандық Пазылұлының әңгімесіне құлақ түрелік. «Бала кезден есімде, 1947-1948 жылдар болар, бейіт ауыз үйден, төр үйден тұратын. Төр үйінің есігі қылуеттің қақпағындай. Қақпақты көтеріп ашып, сатымен түсетін. Қараңғы. Екі қария дәретін алып түсіп, денесіне ақ жабады. Мен баламын. Алдын ала жағып, дайындап қойған шамды маған «алып бер» дейді. Апарып берем. Бала болсам да құлағымда мына сөз қалып қойыпты. Уәли деген ауылдық кеңестің төрағасы бар еді, сол қарын тұсын саусағымен басып көріп, «былпылдап, жұмсақ жатыр», – деді. «Тек бақайының тырнақтары түсіп қалған екен», – дейді. Мәшһүр Жүсіптің немересі Сүйiндiк Көпеев марқұм да өз естелігінде: «1946 жылы Сәбит Мұқанов келiп, қабiрдiң iшiне түскен едi. 1950 жылы өзiм де түсiп, денесiн сипаған едiм, сонда жадағай жерде жатса да, бiртүрлi хош иiс шығып тұрды. Ешбiр құрт-құмырсқа, көрдi жайлап алатын сасық күзен, тышқанның iзi бiлiнбедi», – деп жазған болатын. 1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт, аштық жайлағаны мәлім. Осы аштықтың салдарын болжай білген Мәшһүр Жүсіп өлерінен бір жыл бұрын өзінің асын бергізіп, жаназасын оқытып, жоқтау айтқызған.

Иманғали Мәненұлы Құрмандомалақ деген жерде қыстап отырған Мәшһүр Жүсіпке сәлем беруге келе жатып, жолда сәл жылынып алайын деп бір малшының үйіне соғады. Амандық-саулық сұрасып болған соң малшы:

– Кеше Әбжалап диуана Мәшһүр Жүсіп Көпеевті тосып отырып үсіп қалыпты. Тірі ме, өлі ме, соны білмей дал болып отырмыз – депті.

– Ойбай, Әбжалап диуана дегенің Қаржас руының ішіндегі Жәдігерден тараған Жұматай Тышқанбайұлы емес пе? – деп Иманғали орнынан асығыс тұра бергенде, малшы:

– Келгенің жаңа ғана еді, асығып қайда кеттіңіз? – дейді.

– Әбжалап диуана үйінен жеті қадам шығып, асасын “Алла хақ” деп жерге соққанда қара құсқа айналып ұшып кететін құдіретті күш иесі ғой, Мәшһүр атамның отырған жеріне кеш батпай жетейін, – деп отырған Иманғали аттанып кетеді.

Көп ұзамай Мәшһүр Жүсіп Көпеев түскен шаңыраққа келіп, отырған адамдарға сәлем беріп кіріп келеді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев ештеңе болмағандай сәлемін алып:

– Төрге шық, шаршаған шығарсың, деміңді ал, – деп өзінің күнделікті орнына отырады.

Иманғали шымылдықтың артынан шығып жатқан дауысты естіп, құлағын түрсе:

– Я, Алла, бар екенсің ғой. Намазымды Мәшекең шығаратын болды, ризамын, – деп қарқ-қарқ күліп жатқан Әбжалап диуана екен.

– Бүгін сен осында қон, ертең азаннан қалмай Әбжалап та жан берер, жерлеп бір-ақ қайт. Ол да бір Алланың еркесі ғой, – деген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сөзінен кейін іштей екі-үш күн кешігермін деп жоспарлап отырған Иманғали:

– Сіздің айтқаныңыз болады, – деді.

Бөлмедегі тыныштықты сырттан естілген ащы дауыстар бөліп жіберді. Бұлар Әбжалап диуананың туыстары болатын.

– Хабар келісімен тұра шаптық – деп көздеріндегі жастарын жеңдерімен сүртіп, ішке енді.

Ертеңінде азан уақытында Әбжалап диуана көз жұмды. Мәшһүр Жүсіп Көпеев:

– Ал, жігіттер, қайла, күрек алып жер қазыңдар, – деген соң лажы бар ма. Иманғали және Қаржастың екі-үш жігіті бар бет қаратпайтын аязда Мәшһүр Жүсіп Көпеев көрсеткен жерді қаза бастады. Қыстың аяғында жер борпылдақ кұм сияқты қазылар деп кім ойлаған. Ештеңеге түсінбеген жігіттер бір-біріне қарап тұрып қалса керек. Мәшһүр Жүсіп Көпеев:

– Кілемді әкеліңдер – деп, ортаға кілемге оралған Әбжалап диуананың денесін көтеріп, төрт жігіт те жетті. Құран оқылып болған соң жігіттер кілемді ашса, масқара, кілемде құр кебіні ғана жатыр.

– Астафыралла, – деп тұрғандар ештеңеге түсінбей, бәрі Мәшһүр Жүсіп Көпеевке қарап қалыпты. Сонда қабір басында тұрған ақсақалдардың бірі:

– Ойбай-ау, жаңа ғана болған мәйіт қайда кетуі мүмкін? – деп, кілемге жақындай бергенде бірнеше ақ шағала құс ұшып келіп, жұрттың мазасын алса керек. Қыстың қақаған аязында өз-өздерімен құс қуып, әуре-сарсаңға түскен жұртқа қарап, Мәшһүр Жүсіп:

– Е, Әбжалаптың денесі қабірде жатпас, Мәшһүрдің денесі қырық бір жыл бүлінбес, – деп басын шайқаса керек.

Автор: Жанаргүл Қадырова, Баянауыл

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: