Әріп Тәңірбергенов (Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп)

Загрузка...

Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, сонда) — ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі. 11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болды. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет сияқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі. Әріп шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы “Зияда-Шаїмұрат” дастаны 1884 жылы жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 жылдары немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қаласында баспадан шыққан. “Қисса-и Бәїрам” дастаны 1908, 1912 жылдары жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Таїир” дастандары —махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындылар. Әріп сонымен бірге, ислам дінін жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. Әріптің қиссашылдығын айыптаған Абайдың әділ сынынан кейін ол өз кезінің әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет бұрып, қарапайым халық жоқшысы болды. Өлеңдерінің тақырып аясы кеңейіп, ғылым, білім, еңбек туралы шабыттана жырлап, сараң байлар мен жебір би-болыстарды, өтірікші-өсекшілерді, халық есебінен күн көруші пайдакүнем алаяқтарды сын тезіне алды. Көптеген өлеңдерінде қалың мал сияқты ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеп, әйел теңдігі мәселесін батыл көтерді, өнер-ғылымды насихаттап, жастарды білім алуға шақырды. Әріп өз шығармашылығында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнады.Біржан — Сара айтысын көркемдік жағынан қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірді. Әріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды.А.С. Пушкиннің“Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды.

Дереккөздер

  1. Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Қазақстан энциклопедия 1-том


Әріп Тәңірбергенұлы

Қазақ ұғымында «ақын» деген атаудың неше түрлі мағынасы бар. Қолына домбыра алып өлең айтқанды, топ алдында өлеңмен айтысқа түскенді ақын деген. Қазақ тілінде «ақын» деген атаудың арғы тегі «ағын» мен «ағылу» деген зат есім мен етістіктен шыққан тұжырымдар бар. Еліміздегі танымал ақындардың бірі Әріп ақын жайлы білгеніммен бөлісейін.

Өкінішке орай, Әріптің шығармашылығы, оның өмірі нақты зерттелмеген. Сол кездегі әдебиет өкілдері оны діншіл, ескішіл деп бөлсе, енді бірі Абайға қарсы шыққан, ұстаз санамаған деп оны жаман қырынан ашады. Ал енді Семей Университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Еспенбетовтың редакциясын басқаруымен (кітап шыққан мезгілдегі атағы мен қызметі жазылды), Бауыржан Ердембековтың зерттеуімен «Әріп ақын» деген монография 2001 жылы жарық көрді. Ол кітапта Әріпті басқа қырынан танытады.

Әріп 1856 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Үшбиік теміржол бекетіне қарасты Жыланды айырығында (станциясы) дүниеге келген. Руы Сыбан. Көптеген тіл білген. Атап айтсақ: орыс, татар, араб, қытай, парсы тілдерін өз тілі қазақ тіліндей жетік меңгерген. Жарма ауданының сол кездегі оқу тілі орыс тілі болғандықтан бастауышты орысша оқыған, бастауыш мектебіне дейін ауыл медресесінде сауатын ашқан. Кішкентай кезінен дінді жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген.

Әрбір адамды ақын етіп қалыптастыратын оның туа біткен таланты мен өмір сүрген ортасы. Әріп Тәңірбергенұлы өлеңдерінің тақырыбы қоғамдағы келеңсіз жайттар мен адамдар бойындағы түрлі мінез-құлықтар.

Бауыржан Ердембеков бір сөйлеммен ақынға мынадай баға береді: «Әріп Тәңірбергенұлы қазақ әдебиеті бетінде ешкімге ұқсамайтын оқшау, өзіне ғана тән өрнек қалдырған күрделі тұлға».

Әріп ақындық биікке қармана жүріп көтерілген ақын емес, Байғарадай аталардан бергі қанға бөккен қасиет пен бойдағы дарын бұл асуға ақынды еш күштеусіз әуелете қондырды. «Зияда Шаһмұрат», «Баһрам» , «Қожа Ғафан», «Таһир» сияқты туындылары шығыс үлгілерінің ең таңдаулы туындыларына жатады. Бұл шығармаларын шығыстанушы ғылымдар өздерінің зертеу еңбектерінің өзегі етіп алған.

Ақындығымен қатар ұстаздық қызметін мінсіз атқарған, әр шәкіртін жеке зерттеп, оларды зерделеп ынталы талапты шәкірттерін өз тәрбиесіне алып, оқытып тәрбиелеген. Ақындық дарынымен қатар, ұстаздықты тең ұстаған. Әріпті айтқанда қазақтың ұлы ақыны Абайды айтпау мүмкін емес. Абайдың ізін басушы. Абай мен Әріптің арасындағы тылсым табиғи жақындықты орыстың Белинскийі былай деп нақтылай түсіпті: «Ақынның басқа ақындарға ықпал етуі оның поэзиясына басқа ақындар жырларында баттиып тұратындығында емес, олардың өз бойындағы күштерді қоздыратынында күн нұры жерге жарық түсіргенде оған өз күшін бермей, жердің өз бойындағы күшті қоздыратыны сияқты».

old.el.kz

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: