Жаңылтпаш

Загрузка...

Жаңылтпаш  қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.

  1. Алашаларды
    Таба алса, алар.
    Үміт түбіт түтті,
    Түбітті түтіп бітті.
  2. Қапыда ит қапты,
    Қатты қапты,
    Қапты қатты.
  3. Ғарышкер ұшты ғарышқа.
    Ғарышқа ұшты ғарышкер.
    Айтшы, ғарыш алыс па?
  4. Қырқада қырық арқар бар.
    Қырық арқарда ақ арқар бар.
    Алты арқарда марқа арқар бар.
  5. Жаға жай,
    Жағажайда – Қамажай.
  6.  Гүлім гүлге қарап күлімдеді,Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
  7. Инелік илеуде иленбейді.

Итбалық итмұрынды иіскемейді.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: