Логикалық сұрақтар, жауабымен

Загрузка...

Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

Жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)

Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?

Жауабы: “Мені атып өлтірткізесің” депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді.

2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

Жауабы: 2 сағат ойнайды

Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.

Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.

 Жауабы: Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.

Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.

Жауабы: 34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12

Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?

Жауабы: Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.

3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?

Жауабы: Алдындағы екеуі бірдей түсті баскиім кигенін көрген адам өзінің басындағының басқа түс екенін түсініп айтады. Онан соң қалған екеуі де өзінің баскиімінің қай түс екенін біледі. 

Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба?

Жауабы: Шәугімнің ішіндегі судың алдымен астыңғы бөлігі қызады. Ыстық жоғары көтерілгенде түбінде бу көпіршіктері (ауа көпіршіктері емес) пайда болады. Судан жеңіл болғаны үшін жоғары қарай көтерілген бұл көпіршіктер жоғарыдағы салқындау болған су қабаттарымен кездескен кезде сөнеді. Қаншама көпіршіктің сөнуін біз ызыңдаған дыбыс ретінде естиміз. Қайнау температурасына дейін ысытылғанда, суық қабат қалмайтыны үшін ызыңдаған дыбыс естілмейді.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: