1,5 жасқа дейінгі баласы бар аналар жұмыс уақытында қандай үзілістер алуға құқылы?

Загрузка...

1,5 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы тамақтандыру үшін, жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:

1) бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде 30 минут;

2) екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.

Қызметкердің өтініші бойынша, баланы тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады. Үзілістерді жинап, жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе аяғында алуға болады.

Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Үзілістер уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы сақталады.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 82-бабының 3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: