Жалпы биология: Пассивті және активті транспорт. Фагоцитоз. Пиноцитоз

Загрузка...

Пассивті транспорт – энергия жұмсалынбай, заттардың концентрация градиенті бойынша орын ауыстыруы. Қарапайым диффузия немесе осмостық қысым арқылы жүзеге асады.

Активті транспорт – энергия жұмсалынып, заттардың концентрация градиентіне қарсы тасмалдануы. Мемрана құрамындағы нәруыздар (ақуыздар) арқылы жүзеге асады.

Фагоцитоз. 

Фагоцитоз (фаг және грек. kytos — клетка) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп клеткалы жануарлар клеткасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Организмдердің бұл қабілеті эволюция барысында фагоциттерге ауысқан. Сондай-ақ кейбір жануарлардың ооциттері, ұрық клеткалары, дененің жазылғыш қуыстары және көздің пигментті эпителийлері де нысан бөлшектерін белсенді түрде жұтып, қорыта алады. Фагоцитоз құбылысын және оның иммунол. маңызын И.И. Мечников ашқан (1882). Фагоцитоз осы процеске қатысатын нысандар мен фагоциттердің жақындасуы (хемотаксис) және аттракция (фагоцит бетіне микробтардың жабысуы), қармап алу, клетка ішінде қорытылу сатыларымен өтеді. Кейбір микробтар (мысалы, алапесті қоздырушылар) организмдегі фагоциттердің ішінде орналасқанда ғана әрекет ете алады. Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы мүмкін. Мысалы, кальций тұздары мен магний бар жерде Фагоцитоз процесінің күшейетіні анықталды. Фагоцитоз процесі кезінде клетка мембранасы белсенді рөл атқарады. Ол фагосома түзілу үшін қорытылатын нысандар бөлшектерін бүркеп алып, цитоплазманың түбіне қарай тартады. Лизосома клеткаларынан фагосомаға жұтып алған бөлшектерді қорытатын ферменттер түседі. Ал қорытылмаған бөлшектер клеткада ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Фагоцитоз қабыну, жараның жазылуы кезінде иммунитеттің арнайы емес түрінің факторы ретінде шешуші рөл атқарады.

Пиноцитоз (pinocytosis; лат. pinos — жұту, ішу, сіміру; kytos — жасуша) — жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған ортадан сұйық затты немесе ерітіндіні нәзік- микроскопиялық мөлшердегі көпіршіктер түрінде жұту процесі.

 

 

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: