Жалпы биология: Жасуша мембранасы

Загрузка...

Жасуша мембранасы– жасушада үлкен рөл ойнайтын органелла. Олар жасушаны сыртқы факторлардан қорғап, сыртқы орта мен жасуша арасында зат алмасады, яғни жасушаға қоректің кіріп, қажеті жоқ заттарды шығару. Кейбір химиялық реакциялар, мысалы хлоропласттағы фотосинтез процессі, жасуша мембранасының атсалысуымен жүреді.

Өткен ғасырдың соңынан бастап, жасуша мембранасының басқа мембраналар секілді, су мен кейбір кіші молекулаларды(мысалы: газ) өткізетін жартылай өткізгіштік қасиетінің жоқ екені белгілі болды. Жасуша мембраналары таңдалынып алынатын өткізгіштік қасиетке ие екені дәлелденді. Олар глюкоза, амин қышқылдары, май қышқылдары, глицерол және иондар секілді заттарды белсенді өткізіп, кейбір қажетсіз заттарды тазалап отырады.

Мембрананың өткізгіштігі бойынша жүргізілген алғашқы жұмыстар спирт, эфир, хлороформ секілді органикалық еріткіштердің суға қарағанда мембранадан тез өтетінін көрсетті. Соның арқасында мембранада полярлы емес заттың бар екенін анықтады, яғни липидтер. Келесі зерттеулерде мембрананың ақуыздар мен липидтерден тұратыны белгілі болды. Мембранада липидтер фосфолипидтерретінде кездеседі.

Дереккөздер

  1. Green кітабы
Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: