Декреттен декретке шығуға бола ма?

Загрузка...

Декреттік демалыста жүріп, екінші балаға жүкті болатын жағдайлар жиі кездеседі.

Мұндай кезде, декреттегі қызметкер бала күтіміне байланысты тағы да демалыс сұрап, өтініш жазады. Сол арқылы бұйрық шығарылады. Жұмыс орнын сақтау үшін, жұмыс берушіге қызметкер өзінің жүктілігін растайтын тиісті құжаттарды беруі тиіс.

Декреттік демалыстың бүкіл кезеңі еңбек өтіліне қосылады.

Екінші декреттік демалыстан шыққан қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқылы.

Айта кетейік, жұмыс беруші декреттегі қызметкердің міндетін уақытша атқарып жүрген қызметкерге еңбек қатынастарының өзгергені туралы (жұмыстан босату немесе басқа лауазымға ауыстыру) дереу хабарлау керек. Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 48-бабында көрсетілген.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: