Нарықтық қатынастар дегеніміз не? (Қазақстан тарихы)

Загрузка...

Нарықтық қатынастар

Нарықтық қатынастар– нарықтың жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар. Қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндірушілердің экономикалық оқшаулануы нәтижесінде бұдан бірнеше мыңдаған жыл бұрын пайда болған. Сырт көзге тауар иелерінің өзара іс-қимылы ретінде көрініс табады, осы іс-қимыл барысында тауарлар – сату үшін өндірілген өнімдер еркін, яғни тең құқықты негізде айырбасталады.

Өнім тауарға айналуы үшін онда мыналар болуға тиіс:

  1. Сатып алушы үшін тұтыну құны (пайдалылығы), яғни сатып алушының кейбір қажеттерін қанағаттандыруға жарамды болуы. Сондықтан сату үшін өндірілген әрбір өнімнің нақты тауарға айналуы екі талай: нарықта сұранысы жоқ өнімдер, шынын айтқанда, тауар емес;
  2. Айырбас құны болуға тиіс, яғни белгілі бір үйлесімде басқа тауарға теңестіруге жарамды болуға тиіс. Бұл теңдіктің материалдық негізі туралы көзқарас алуан түрлі.

Нарықтық қатынастардың қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін іс-тәжірибе дәлелдеді, әйтсе де жекелеген аяларда оларды заң шығару жолымен шектеу немесе оларға тән ішкі қайшылықтарды шешу мақсатымен реттеу талап етіледі. Жеке кәсіпкерлікеркіндігі мен мемлекеттік реттеудің оңтайлы ұштастырылуы қажеттігін іс жүзінде жалпы жұрт мойындап отыр. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап нарықтық қатынастар аясы айтарлықтай кеңейді. Дамушы елдерде, сондай-ақ бұрынғы социалистік мемлекеттерде ұлттық экономикалардың өзара іс-қимылы мен өзара тәуелділігі тереңдеп, ғаламдық сипат ала бастады. Алайда ұлттық экономиканы нарықтық қағидат негізінде қайта құру ұзақ әрі шетін үдеріс екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: