Қазақстанның даму болашағы (Қазақстан тарихы)

Загрузка...

Қазақстанның даму болашағы

Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.1993 жылғы 9 қазанда «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:
1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі.
2. Идеология — әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.
3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі.
4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.
Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.
1996 жылы » Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.
Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.
2003 жылы » Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
— Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.
— Оның ішінде әйелдер – 4.420.
— Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.
Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:
— Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.
— Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.
— Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.
Әлемдік деңгейдегі » Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:
— Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.
— Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.
— Каспий мәселесі қарастырылды.
Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.
4.»Қазақстан-2030 стратегиясы”.
1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. «Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық апатқа” ұшырайды.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:
1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.
2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.
3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.
4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.
5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.
6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.
7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.
Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан — өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: