Мәтіндегі сентенция

Загрузка...

Мәтіндегі сентенция

Сентенция – ой-пікір, терең мағыналы сөздер. Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер. Афоризмдер. Прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиеді. Дидактикалық жағы басым түсетін түйінді, ойлы сөздер.

Сентенцияның да өзіне тән көркемдік табиғаты, стильдік қызметі юар тілдік құбылыс. Көркем әдебиет тілін талдау барысында байқалатыны: сентенция шығарманың оқушыға эстетикалық әсерін қоюлата түседі және танымдық ой дүниесін биіктететін және түйсікке қозғау салатын сөздер. Көркем мәтін құрамын ұйымдастыратын сентенциялардың түрлері мен стильдік қызметі мәтіннің лингвистикалық талдауында сырт қалмауы тиіс.

Ақын-жазушылар авторлық афоризмнің бір түрі ретінде сентенцияны жиі қолданады. Сентенция стильдік мақсатта жұмсалады. Әдетте сентенция контексте де, контекстен сырт та қолданыла береді.

Сентенция ақыл-уағыз айтатын , терең философиялық мазмұнды ой-тұжырымы бар сөздер болып есептеледі. Сентенция прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиетін тілдік фактор.

Сентенцияның жасалуы тілдік факторларға байланысты. Сентенция компоненттерінде тұлғалық бірлік, дыбыстық сәйкестік, мағыналық үйлесім болуы керек. Сентенциялар көбінесе екі бөлімнен тұрады. Құрылымдық ерекшелігі олардың қарама-қарсылық пен параллельге негізделуінде.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: