«Жас Алаш» және «Комсомольская правда» газеттерінің төлтақырып қою үлгілері

Бұл «Жас Алаш», «Комсомольская правда» газеттерінің төлтақырып қою үлгілері ұқсас болып келеді. Тақырыптары газет оқырмандарының назарын аударып, елең еткізердей  екендігі газетті ерекшелендіреді. Мысалы «Жас Алаш» — өзінің шыншылдығымен, шынайы жазбаларымен, оппозициялық газет ретінде көпшілікке таныс. 24 желтоқсанда шыққан санындағы тақырыптарға назар аударар болсақ, «Алтынбек Сәрсенбайұлына жасалған қастандық – саяси террор!» , « Сот ашық әрі әділ өтсе президенттің өзіне деген күмән сейіледі», «Екі миллиардер текетіресі немен тынады», «Кәрім Кәрімді қойып кетті» деген сияқты тақырыптар оқырманды өзіне тартпай қоймайды. Бұл баспасөздің өзіне көпшіліктің назарын қамту барысында жүзеге асырылғандығының көрінісі.  Тек төлтақырып кана емес, суреттер де тақырыпқа сай орайластырып беріледі.

Бөлісу