Ғұмар Қарашев

Загрузка...

Ғұмар Қарашев 1875 жылы қазіргі Орал облысы, Казталовка ауданының Құрқұдық деген жерінде туып өскен. Әкесі Қараштан жеті жасында жетім қалған ол ауқатты ағайын – туыстарының көмегімен ауыл молдасынан хат таниды, кезінде есімі алты алашқа мәшһүр болған Ғұбайдолла Ғалікеев қазіретке шәкірт аталады. Бұл оқу орнын 1902 жылы бітірген ол әуелі өзі туған еліне, одан кейін Тіленшісай деген жерде мешіт, медресе салдырады. Кейбір деректерге қарағанда Ғұмардың Шәңгерей Бөкеевпен осы тұста дос болғандығы айтылады. Болашақ ақынның Шәңгереймен таныстығы оның орысша сауатын ашып, саяси ой- өрісінің кеңеюіне бірден-бір сеп болады.

Сөйтіп, сергек те сезімтал Ғұмар 20- ғасырдың бас кезіндегі қазақша, арабша, түрікше, орысша, татарша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын аңғара бастайды. Әсіресе тарихи, философиялық ой айтылған еңбектерге ден қояды.

Осыдан кейін ислам қағидаларын жетік меңгеріп, ол медреседегі, ескіше «ислам», «шарт»оқуларын тоқтатып, шәкірттерін жәдитше (жаңаша) оқыта бастайды. Бұған тағы бір себеп болған нәрсе, осы кезге сай келген 1905 жығы бірінші орыс революциясы. Оның идеясын жетік түсінген ойшыл ақын, ұлттық ояну, ағартушылық қозғалыстардың толқуымен өзінің медресесіндегі жастарды ғылымға, өнер-білімге тарта бастайды. Өзі ұстаздық етіп жүрген қазақ балаларына орыс және қазақ тілін толық меңгеруді үйретеді. Медресеге орыс, татар мұғалімдерін шақыртатады. Бірақ, Ғұмардың бұл сияқты прогресс жолына мықтап берілген әрекеттеріне елдегі қожа, молдалар мен Уфадағы мұсылман муфтиінің басқармасы шу көтеріп, оны дінді бұзды, «кәпір» деп жариялап, ишандықтан, мешіт төңірегінен қуады.

Жоғарыда айтқанымыздай Ғ. Қарашевтің саяси көзқарасының өсіп- жетілуіне 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы мол әсер етеді. Өйткені, Орталық Ресейде болып жатқан ереуілдер ұлттық езгінің тепкісінде жүрген қазақ халқын да бей-жай қалдырмайды. Ол осы жылдары татар тіліңде шығып тұрған «Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді басылымда өзінің алғашқы мақалаларын жариялады.

Ал, 1910 жылы Уфа қаласында Ғұмардың «Ойға келген пікірлерім» атты еңбегі жарық көреді. Бұл кітабында сөз еткен мәселелері оқырман қауымының жүрегіне жол тауып, тез арада библиографиялық сирек кездесетін басылым қатарына қосылады.

Сондай-ақ, 1911-1913 жыддарын оның «Қазақстан» газетінде түрлі тақырыптарға жазылған көптеген мақала, очерк, фельетон, өлеңдері жарияланады. Мысалы «Қазақстан» газетінің 1911 жылғы 15 қараша күнгі нөмірінде басылған «Бұл қай заман?» атты бас мақаласында тарихтың даму процессіне қысқаша шолу жасай келе, қазақ жастары ғылымның әр саласын жетік меңгерсе деген ниет, өсиет айтады. Онда ол : «Бізде бір қалыптасқан қате пікірдің барлығын, ол біз ғылымды орыстікі деп бөлеміз, мейлі, солай – ақ болсын, онда басқа дін, жағрапия, тарих, т.б, ғылымдарды басқа тілде оқыған күннің өзіңде, мамандығын жақсы біліп, халқына жақсы пайда келтірсе, болды емес пе? «- деген ой, тұжырымын айтады.

Екінші бір «Газет деген не зат?» атты мақаласыңда баспасөздің қажеттілігі жайыңда оқырман қауымға : «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет! Сол себепгі газет біздің басшымыз! Газет біздің достар аддыңдағы – көркіміз! Дұшппаңдарға қарсы құралымыз! Газет біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!»- деп түсіндіреді.

Ғ. Қарашевтің шығармашылық жолы өте күрделі. Ескішілікке кетпей үнемі ілгерілеп отырады. Ол өз дәуірінің ең жақсы, жаңашылдық армаңдарын мықтап қамти білген және оны өзінің шығармаларына арқау етіп, халыққа жеткізіп айта білген ақын.

Ғұмардың 1905 жылғы дейінгі және содан кейінгі шығармаларының басты тақырыбы-патша үкіметінің отаршылдық қысымына қарсылық, қазақ халқының жақсы жер, ата қонысынан айырылғанын, саяси бостандықты аңсау, халықты ғылым – өнер жолына үндеушілік, елді билеу жүйесіндегі әділетсіздікті әшкерелеп, батыл сынау, әйел теңдігі меселелері болып келеді.

Осыған орай оның қаламынан туған еңбектер саны да мол. Бәрі де халық мүддесін көксеп, қазақтың елдігін, ерлігін паш етуге арналған. Мәселен, ол :
Білімсіз қазақ күнің жоқ,

Күн көретін түрің жоқ.

Өзіңді – өзің зор көріп,

Мен қазақ деп жүрсең де,

Білімсіз қазақ болған соң

Бір тиыңдық құның жоқ,

Білімсіз халық ел болмас,

Болғанменен тең болмас,

Қулықтан басы арылмас,
– деп қазақ еліне сол дәуірдегі ең қажеті басты нәрсе – оқу, өнер білу екеңдігін айтады.

Ақын «Замана жайында» деген жырында туған жер туралы :

Еділ, Жайық суынан,

Жем сағыздың бойынан,

Қысырақтап жаз жайлап,

Көше, қона жүргенің,

Алатаудан өткенше,

Ыстықкөлге жеткенше,

Кіңдік кесіп кір жуып,

Мекен еткенжерлерің,

– дей келе, бүл жерлердің бүгінгі күнін :
Көкше бұйра белдерің,

Белдерге енген елдерің…

Күңдердің күн болғаңда,

Мұндайда болар дер ме едің?

– деп күйзеле де, күңірене жырлайды.

Ғұмардың еңдігі бір топ өлеңдері ел билеу тәртібіне арналған.

Ол :

Ел ішінде осы күн,

Алымнан басқа ақы жоқ.

Жұрт жайыңда қамы жоқ,

Сыңарық бұқа пішінді,

Әкімге қалған күн құрсын,

– дей отырып, обыр байлардың, залым, парақор ұлықтардың, болыс билердің озбырлығын Абай, Жармағамбет т.б. сияқты Ғұмар да айнытпай әшкерелеп, осылай қатты сынға алады.

Ғұмар өз өлеңдерін тарихты шолу, тарихқа көз жіберу әдісімен жазады. Оның басты кейіпкері өткен ғасырда патша үкіметінің езгісіне, жергілікті байлардың қысымына қарсы азаттық туын көтеріп, халыққа бостандық әперуді көксеген Сырым Датов сияқты ерлер.

Ақын оңдай жаужүрек ерлердің халық үшін ауадай қажеттілігін әбден езіліп, жаншылған оқырман атынан :
Ойдағыға жете алмай,

Ешбір лаж ете алмай,

Екі көзден жас парлап,

Налып тұрған көзіміз.

Бізге дағы күн туып,

Қанды жүрек ұл туып,

Жігерленіп бел буып,

Ашылар ма екен көзіміз,

– деген жолдарыңда нақты түрде көрсете білген.

Ғ. Қарашев – ағартушы. Қулық – сұмдықты білмейтін, жаны жас баладай жайсаң ақын. Соңдықтан ол елдің көзін ашса, өз-өзінен әділетсіздік жойылады деп біледі. Осы мақсатты жүзеге асыру ниетімен бар талантын, асыл сөздерін жыр тізбегін тек ғылым, білім, өнер үйренем деген жастарға арнап, оларды :

Бәрін айт та, бірін айт,

Өнерменен білім жоқ.

Білімсіз қазақ күнің жоқ,

Бәрінен де тілеймін,

Ғылымның жүзін бері қыл,

Надандықтың сүр түсін

Жақындатпа әрі қыл,
– деп, оқуға шақырады.

Ал, еңді Ғ. Қарашевтің публицистикалық еңбектеріне келетін болсақ, онда ең алдымен «Ойға келген пікірлерім» деген мақаласына тоқталамыз. Мұны автор Луфти деген кісіге жауап хат ретіңде жазған : «Қымбатты Луфти мырза! Сіз жіберген хатыңызда : – Бұл заманда сопы атты біреулер өте көп болса да, қарапайым халқымызға олардан тиген пайда көрінбейді, яғни қай жақта сопы мен мүрид аттылар көп болса, сол жақтағы халқымыз арасындағы ұрлық, қиянат, арақ ішу сияқты келісімсіз мінездер көп?», – деп сұрапсыз.

Мырзам! Мұндайлық жаман әдеттердің түп – тамырымен құрымауы ғылым мен ағартушылардың ықпал тигізбеуінен болады. Бұл жолда надан сопылардың таспиқтарын сыртылдатып, түймелерін жылтыратуынан ешқандай пайда жоқ» деп жауап береді ол. Ғұмар Луфти мырзаға осындай жауап беру арқылы сол заманның сопы, молдаларының халықтың барын жеп, өтірік күліп, ағайынды бір – бірімен шағыстырып таспиғын сартылдатқаннан басқа білгені жоқ, арамдық, қулықты ойлайтынын әшкерелей отырып, олардың сана – сезімдеріне әлі күнге ғылым – білімнің айналасыңда болып жатқан өзгерістердің аз да болса әсер етпегенін айтады.

Ал, адамның бір-біріне қамқоршы болып, жақсылық көрсету қасиетін ол : «жақсылық дегеніміз екі тарауға бөлінеді. Мұның бірі заттық, тағы бірі – моральдық. Заттық жақсылық – мұқтаж адамдарға мал беру, ішкізіп – жегізу, киіңдіру. Моральдық жақсылық әр адамның мұқтаж болған уақытында ғылым мен ағарту және тәрбиелеуге керек қажетін өтеу»…, – деп түсіндіреді.

Сөйтіп, жақсылықтың қай түрін болса да жазушы қоғам өмірінен бөліп әкетпейді. Көпшілік болып тәлім – тәрбие жұмысына ат салысудың мақсатын «моральдық мұқтаждықта қалған туысқандарын құтқару», – деп санайтын ол, әрбір адам баласы қоғамның білім тұрғысынан көзін ашып, көкірегін оятса санасына өзі білетінін жеткізсе, онда ол моральдық жақсылық жасап, басқаның ғұмырын ұзарта түсетінін дәлелдейді.

Ғ. Қарашев нақ соңдай-ақ, жас ұрпақ туралы оған үйрететін тәлім -тәрбие хақыңда, оңдағы мұғалімнің өзіндік орны жөніңде сөз қозғайды. Осы орайда ұстазға қойылатын талаптың да күшті екенін, оның оқыту, ұқтыру ісіне жеңіл қарамай, жауаптылық, тиянақтылық қажет екендігін ескертеді.

«Жансыз түсіңдіру», – дейді ол «…тыңдауға тартымсыз және естуге ауыр болудың үстіне тез ұмытылатын болады… Мұғалім болған адамның шәкірттері риза боларлықтай мінезі, оларды толық қанағаттандырарлық білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ педагогтан шәкірт пайда көре алмайды. Соны есте ұстау керек. Шәкірт өзі сүйген мұғалімнен ғана білім ала алады»…

Бұған керісінше Ғ.Қарашев сол қиын – қыстау кезеңнің өзінде ақ мансапқорлыққа салынып, адамгершілік қасиеттен айырылып бара жатқаңдар туралы : «Біздің қазақ халқыңда орта және жоғары мектептерде оқып шыққан жігіттер көп. Бұны ойлағанда келешектен біраз үміт туғызады. Енді бұл жігіттердің халыққа қызмет ету жағына келсек, әкімшілік дәрежесіне белгіленіп, тағайындалса баяғы айлық алу, сансыз дау – жанжалдардан табыс тауып, арақ ішіп, мас болу, күн -түн қарт ойнап, есіл өмірін еш қылу» немесе «Оқымыстылар қанша көбейсе, халықтың сезімі соншалық артып, мектептер салынып, газет – журналдар басылып, дау – жанжалдар азайып, жалпы халық жақсы болуы керек еді. Жоқ… бұлардың біреуі де жоқ. Күн сайын тіршілік батпағына батуда. Оқымыстылар бұл жағынан қайғырмайды да, халықтың махаббатын тартып, ағарту – өнер жолына жетектемейді. Мұның соңы қайда барып тірелетіңдігі әркімге белгілі… Міне, осылардың барлығына да негізгі себеп, баяғы «дүниеде ішіп – жеу үшін ғана жасау» делінген хайуаңдық бір пікірде тәрбиеленгендіктен деп ойлаймыз» деп жазды.

Келесі, Ғ. Қарашевтың «Тіршілік таласы» еңбегіне тоқталсақ… Бұл шығармасында ол патшалық заман кезіңде ешбір зұлымдық – зұлматпен ісі жоқ, бейқам жатқан өзгерістерге көзіңді ашып, көкірегіңді оят дегісі келеді. Одан әрі дүниенің өзі талас – тартыстан тұрады, адам баласы сен де қарап жатпай болашақ үшін, ертеңгі көретін күнің үшін күресуің керек дегенді меңзейді. Сондай-ақ, қазақ даласындағы болып жатқан түрлі жаңалықтар, оларға деген елдің көзқарасы жайлы : «Дүниедегі жан-жануарлардың тіршілігінен ілтипат салып қарасаң талассыз, тәртіпсіз тұрған заман көрінбейді, даладағы аңдар, ауадағы құстар, судағы балықтар бірін-бірі жеуде, бірін-бірі тонауда, адам баласының тіршілігіне қарасақ талас – тартыстан бұлар да құр емес» дей келе бұл тартыстарға сипттама бере отырып, олардың мән-мағынасын : «жан-жануарлар бір-біріне тырнағын батырса, адамдар көкіреқ, ақыл қаруын жұмсайды», деп тағы бір сырын ашады.

Қазақ халқьның мұңдай халге түскені, жоғарыда айтылған тірішілік таласына әзірленбей, наданшылық торында жатқанында. Егер ұйқымыздан бас көтермей бұрынғыша жата берсек, шексіз тез заманнан, дүниежүзіне көшпекпіз. Сол себепті дүниежүзінде қалғымыз келсе, адам баласын, ғайырым жан иесінен, бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым, өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап етуге тиістіміз».

Бұл жерде Ғұмардың айтып отырған ой-пікір, мақсат -мүддесінің барлығы да бір-ақ нәрсеге келіп тіреледі. Қалың ұйқыда жатпаса да, қалғып – мүлгіп жүрген, ескі өмірдің бір қалыпта өтіп жатқан тыныс-тіршілігіне бейімделіп кеткен қазақ жастарын қайткен күнде де білімге, өнерге қарай сүйрелеу, жетектеу. Елде болып жатқан өзгеріске елең еткенмен неден, қайдан, қайтіп бастарын білмей жүрген ауыл жастарына жол көрсету.

Автор осы арада егер өз билігіміз өзімізде болып, өнер ғылым үйренсек, басқа халықпен тереземіз тең болып, өзіміздің қадір – қасиетімізді, ұлттығымызды, елдігімізді, салт – санамызды сақтап қалар едік деп алыста тек сағым боп елестейтін тәтті қиялға беріледі.

Сөйтіп, болашаққа үмітпен қараған қаламгер білім мен өнерді жан -жақты насихаттаудан бір талмайды. Бұл тұрғыда ол өз шығармасында : «жоғарыдағы тіршілік таласы хақыңда бір-екі ауыз сөз жазғанымның себебі біздің қара халық түгел ғылым иесі, жастарымыздың да көбісі төрт жағы құбыла болып, заманымыздың түбінен бихабар ғұмырын ойын – күлкімен өткізіп жүр. Басшылардан үлгі көрмеген соң қара халық бағытынан адасулы.

Құйрықсыз, желкенсіз тіршілік теңізінде бағытсыз жел айдап жүрген кемемізді жұрт кетіп жатқан ғылым, өнер жолына қарай жүргізуді кемешілерімізге де, мінушілерімізге де міндет деп білеміз, қазіргі бағытта жүрумен тасқа соғылып, су түбіне кетуімізге де шек-шүбө жоқ», деп бейқам жатқан қазақ даласындағы қазақтың бас көтерер ұлдары тек арзан күлкіге беріліп, уақытгарын босқа өткізіп жүргендіктерін өткір сынға салады.

Осылайша, заманның ащы шындығың толғана, тебірене жазған Ғұмар, қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздейді. Тіршілік етудің оңай еместігін айта келіп, оны теңіз бен кемешіге теңейді. Мұңдағы ойы теңіз – өмір, сол өмірдегі аз ғана ғұмырымызды бостан – босқа өткізбей, өнер – білімге қарай бұрайық дегені. Ол туған жер топырағында болып жатқан қоғамдық өзгерістерді көлденең көзбен көріп, бейтарап суреттеп қоя салмаған. Жазушылық, халықтық көзбен көріп, алға апарар өз ойын ұсынды. Міне, осылайша өз дәуірінің жыршысы, келешек заманның жыршысы ұрпағына өлмес мұра, ұмытылмас қазына қалдырып кетті.

Оның осындай шығармасының тағы бірі «Өрнек» кітабы. Бұл еңбегіңде ол қала халқы мен ауыл адамдарын салыстырады. Жазушының : «Қалада әркім өз ісінің соңында жүр. Енді мұны біздің қазақ халқының әдет – ғұрыптарымен салыстырып қарасақ, біздегі көптеген жігіттер алты ай қыс ғұмырын босқа өткізіп тек жүреді. – Дүниеде не арзан? – деп сұраушыларға – Біздің қазақ жігітгерінің ғұмыры-деп жауап берілсе дұрыс болар еді. Сол бос жүруден көп залалды бұзықтық туады, сөз тасиды» деп налиды.

Бұған керісінше «Қазақстан» газетіңде жарияланған «Тәнсіз жан жоқ» атты екінші бір мақаласында ол адам баласының тіршілік есігін ашқаннан кейінгі өмірі күреспен, тартыспен өтетіндегі жайлы : «Ғажап бала ананың құрсағында әуелі қан болады. Анадан соң тән болады. Анадан соң барып жан болады… Қан мен тән жанның болушылығына себепкер болып тұр. Адам баласына жаннан тәтті не зат бар? Осы тәтті жанымыздың, яғни ғұмырымыздың болуына себеп болып тұрған қан, тәнімізді біз қайдан алдық? Әлбетте халықтан алдық. Сөйтіп, халық біздің дүниеге келуімізге себеп болды. Ғылым да тәрбие алды. Бұны бізге кім берді? Әлбетте халық, оған берді» – деп толғанады.

Ғ. Қарашевтың келесі бір ауызға аларлық «Педагогика» атты еңбегі 1918 жылы «Мұғалім» журналында жарияланған. Мұнда автор «өзіме келсем мешіт, діни медреселер салғаннан гөрі мұғалімдердің міңдетін күшейгу үшін ғылыми кітаптарды өз тілімізге аударуға, кітаптар сатып алып бастырып тұратын фирмалар ашуға, газет жөне журналдардың басылып тұруына көмектескен болар едім», дей келе «кімде-кім өзінің мінезі және істейтін жұмысы туралы ойланбай тұра алмайды. Бұл жолда баланың ақылы бірте-бірте өспекші, міне осы мезгілде балаға жолбасшылық ету тәрбиенің басты бір шарты. Үйренудің жол көрсетудің қай орында тұрғандығы бұдан көрінсе керек», – деп жас ұрпақты тәрбиелеудің қыр – сырына тоқталады. Одан әрі бала тәрбиесіне, оның айналасындағы адамдарға, мінез – құлығына толық мән беріп, жолын әдісін үйретіп отырған публицист – психолог жас жеткіншекке тәрбиені кімдер, қалай беру керектігін : «Ата – аналар, мұғалімдер баланың көзіне көрсетіп, бұдан соң мүмкін болғанша басқа да түсіндіру жолдарын қолданулары керек. Әсіресе, ата – аналар бәрінен бұрын балалардың мінезін жақсы жолға салуға бейім келеді, олар әр нәрсені тексеріп, балаға себебін түсіндіріп, ерте бастан, мынау жақсы, мынау жаман, мынаны істеуге болмайды деп ұғындырады. Бұған балалардың көз алдындағы нәрселерден мысал келтіріп, жақсы – жамандығын түсіндіріп, істеуге тиіс деп көрсеткен істің қарсы жағын да баяндап береді», – деп түсіндіреді.

Ғ. Қарашевтың публицистикасындағы тағы бір басты тақырып – тіл мәселесі. Өйткені, оның осындай көрегенді көкірегі мен өз еліндегі болып жатқан небір жан түршігерлік жайларға немқұрайлы қарап, бейхабар отыра алмағандығы белгілі. Ақынның мұндай кеселмен білек сыбана күресуіге әлі жетпесе де, оған уытты тілінің найзасын қадап қалуға дәрмені жеткен. Мәселен, ол бұл тұрғыда өзінің «Ұлт һәм туған тіл» мақаласында : «Патша үкіметінің ұлттар тұрмысын көріп, соларды көгертіп, көркейтумен ісі болмайды. Ол әрдайым да халыққа көтере алмайтын, оларды өзінің мейрімсіз тырнағында тәлегенше жаншумен болды һәм миллиондаған халықты, әсіресе шет ұлттарды қалайша қараңғылықпен меңгеру надандықты өз пайдаларын білместей, керектерін сұрай алмастай мылқау етіп ұстау қамында болып, сонымен ғана шұғылданды», – деп жазды.

Жалпы, Ғ. Қарашевтың творчестволық еңбек жолын қорыта келе айтарымыз, ол өзінен кейінгі ұрпаққа көп жақсылық әкелетіндей, елеулі мұра қалдырып кеткен. Тағы бір ескерілмей жүрген жәйт, ақын көптеген өлең, мақалалар жазумен қатар, аударма ісімен де шұғылданға ұқсайды. Оның дәлелі Некрасовтың атақты «Ана жыры». Ол бұл өлеңді баласы Бәсерге беріп тұрып : «Маған бата оқи келгенде құран шығартпа, орнына ғиндаш мақамымен осы өлеңді оқы», – деп тапсырыпты.

Загрузка...
Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: