Ақысы төленетін 5 күндік демалыс беріледі: Министр қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

-

Бұл кодекстің жаңа редакциясында қарастырылған

Қазақстан азаматтарына скринингтен өту үшін ақысы төленетін қосымша 5 күнге дейін демалыс берілмек. Мұндай норма «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясында қарастырылған.

Кодексте жұмыс берушінің жауапкершілігі де қарастырылып отыр. Олар қызметкерлеріне скринингтен өту үшін 5 күнге дейін ақысы төленетін демалыс береді. Барлық азаматтардың белгілі бір скринингтен тегін өтуге мүмкіндіктері бар. Балаларды жыл сайын медициналық тексеруден өткізу де қарастырылған. Жұмыс беруші ақысы төленетін демалыс беруге міндетті. Оны орындамаған жағдайда жұмыс берушіге айыппұл салынады»,- деді Мәжілісте аталған кодекс жобасын таныстырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Осы орайда министр жұмыс беруші қызметкерін скринингтен өту үшін ақысы төленетін демалысқа жіберсе қайда шағымдануға болатындығын айтты.

«Заң бойынша осындай жауапкершілік енгізілгеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек құқықтарын қорғау, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау салаларындағы комитеттеріне шағымдануға болады», – деді министр.

inform.kz

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...