«Атақты адамнан бала туып алғаным артық»: Көпен Әмірбек өзінен 35 жас кіші әйелімен қалай қосылғанын айтты

-

Бірақ, бәйбішем ренжігені рас. Біз ұрысып таласқан жоқпыз.

Белгілі сықақшы әрі журналист Көпен Әмірбек өзінен 35 жас кіші екінші келіншегі туралы айтып берді. Ол жас қызбен қалай танысқаны мен оның жүрегін қалай жаулап алғанын баяндап берді деп жазады «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көпен Әмірбек екінші әйел алуға бәйбішесі басында рұқсат бермей, оған ренжігенін айтты. Алайда, қазіргі уақытта сықақшы екі отбасымен де жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді. Оған қоса, екі некесіндегі балалары өзара араласып тұрады екен.

«Бірінші әйелімнен бір ұл, бір қызым бар. Мынау екінші. Анау алтын келін болса, екіншісін күміс келін деп атаймын. Оны бергеніне де шүкір. Неге? Өйткені, артымда ұрпақ қалды. Алайда, бірінші жарым рұқсат бермеді. Бірақ, бұл маңдайға жазылған жазу ғой, пешене.

Ешкім ешқайда кеткен жоқ. Араласып тұрамыз. Бірақ, бәйбішем ренжігені рас. Біз ұрысып таласқан жоқпыз. Ол солай болды енді. Бұл тағдыр. Оған мен ешқашан да өкінбеймін. Екінші жарым мектепте музыкадан сабақ береді. Баян аккордеон шебері, өнер адамы.

«Атақты адамнан бала туып алғаным артық»: Көпен Әмірбек өзінен 35 жас кіші әйелімен қалай қосылғанын айтты

Ол маған «аға жасым отызда, мектептегі мұғалімдердің барлығы үйленіп не ажырасып үлгерген. Мен болсам, сіздей ел білетін тұлғадан ештене керек емес, ұрпақ сүйгім келеді» деді. Ол «жас жігітке шыққанша, атақты адамнан туып алғаным артық» деді. Сосын мен жарайды дедім. Сөйтсем, оның ар-жағы дұрыс, діні таза, ниеті таза қыз екен. Оны қалай далаға тастаймын? Қазір енді керемет күнде баламызбен ойнаймыз» , – деді ол.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...