Қазақстан өз жемқорларын өзіне қайтаруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды

-

Қазақстан ұйым құрамына кірген 50-ші мемлекет.

Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (GRECO) кіру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды  24.kz

Қол қою рәсімі Страсбургте өтті. ГРЕКО 20 жыл бұрын Еуропа кеңесінің бастамасымен құрылған. Негізгі міндеттері – сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мен анықтау бойынша тәжірибе алмасу және оған қарсы күрес әдістерін жақсарту. Қазақстан ұйым құрамына кірген 50-ші мемлекет. Мүшелік ету арқасында еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ең үздік еуропалық тәжірибелерді енгізе алады.

Алик Шпекбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

– Біріншіден, енді біз осы келісімді ратификация жасауға тиістіміз. Мүмкіндік болса, жылдың аяғына дейін. Одан кейін ендігі жылы біз енді мына Еуропа кеңесінің конвенциялары бар – қылмыстық жауапкершілік сыбайлас жемқорлық үшін. Соған кіргеннен кейін біздің одан да жоғары мүмкіндіктеріміз болады. Ең біріншіден, бізге мүмкіндік болады құқықтық қолдау көрсету, көмек көрсету дегендей. Екіншіден, мына қылмыскерлерді қайтару және мына жымқырған қаражаттарды тағы орнына, мемлекетке қайтару дегендей.

Джанлука Эспозито, GRECO атқарушы хатшысы:

– Мен Қазақстанның ГРЕКО келісіміне қол қоюын қолдаймын. Соның нәтижесінде елдеріңіз ұйымның толыққанды мүшесі ретінде тағы бір қадам алға басты. Тәжірибе алмасу тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін арттыруға өз септігін тигізеді. Бұл Қазақстан үшін де, Еуропа кеңесі үшін де тиімді.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...