Әйелге айтуға болмайтын 10 сөз

Загрузка...

Әйелге айтуға болмайтын 10 сөз

Сырттай білдірмесе де әрбір қыз баласы өз азаматынан тосынсый күтеді.  Дегенмен, тосынсыйдан бөлек сіздің әрбір сөзіңіз олар үшін ең маңызды сыйлық екенін ұмытпаңыз. Айтқан сөздің қайтпайтынын білсеңіз мына сөздерді әйелдер қауымына айтуға болмайтынын ескере жүріңіз!

1. «Толып кетіпсің немесе қатты арып кетіпсің». Қыз баласы үшін салмақ туралы сөз өте шаншу тақырыптардың бірі. Себебі адамдар дене бітімінде болып жатқан өзгерістерді оңай қабылдай алмайды. Сол себепті бұл сөз жақын жаныңыздың көңіл-күйін қатты түсіруі мүмкін. Оның орнына «Құлпырып кетіпсің!» десеңіз, бір күнгі көңіл-күйін өзгертіп жібересіз.

2. «Өз жасыңыздан үлкен көрінеді екенсіз». Бұл фраза адамның жасын есіне түсіріп, сонымен қатар әйелдер үшін өзіне бір мін таққанмен тең. Сол үшін жай ғана: «Өте жақсы көрінесіз» десеңіз жетіп жатыр.

3. «Не киіп алғансың?». Жұмыстан күйеуін асығып күткен әйелдер мен кешкі той-жиынға деп күні бойы дайындалған әйелге бұл сөз өте ауыр. Тіпті мұны өзіне айтылған сын деп қарайды. Артық мін айтылмасын десеңіз, той-жиынға киімді бірге таңдағандарыңыз дұрыс.

4. «Қолыңнан түк келмейді». Әйелдің бір қателігі үшін бұл сөзді айтуға болмайды. Керісінше, «бұл жолы дұрыс шықпай қалыпты немесе  өткен жолы жасағаның әдемі болған еді» деген секілді сөздермен алмастырыңыз. Олай жасай алмасаңыз, жеке пікіріңізді өзіңізде қалдырып, сүйіктіңізді соңына дейін қолдаңыз.

5. «Өзге біреумен салыстырмаңыз». “Пәленшенің әйелімен салыстырғанда…” Әйелдер  өткеннің тәтті әңгімелеріне шыдай алмайды, салыстыруларға төзбейді. Сол себепті әрбір сөзіңізге абай болыңыз. Себебі бұл тұста жеке қарым-қатынастарыңыз зардап шегуі мүмкін.

6.  «Алдын-ала айтпадың ба, сенің не қалап тұрғаныңды қайдан білемін».  Кез келген әйел өзінің қалауын немесе қарапайым жегісі келген тәттісін, жүрек қалауын жолықтырған жұбы айтқызбай-ақ тауып, орындаса екен деп армандайды. Алайда бұл арманы жайында ерімен бөліскісі келмейді. Сол себепті түсініксіз мәселелер мен кикілжің орын алып, аяғы ерінен «Маған не қыл дейсің»  деген сөзді естуімен аяқталады. Алайда бұл әйелдер үшін төбеден суық су құйып жібергенмен бірдей әсер қалдырады.

7. Өтірік айтпаңыз.  Себебі әйелдер өтірікті алыстан сезіп қояды. Сондықтан әйел алдында өтірік айтып абыройға дақ түсіргенше, шыныңызды айтып, басқа түскен мәселені шешіп алғаныңыз жөн. Ал шындықты айтудан қорықпаған ерді кез келген әйел сыйлап-құрметтеп, оның ағат ісі болса, кешіреді. Тіпті бұл қылығыңызды құрбыларына айтып, мақтанып, шаттанады.

8. Кемшіліктерін бетіне баспаңыз. Нәзік жандылар сезімтал келеді. Олар үшін жақын жанынан жағымсыз сөзді есту оңайға тимейді. Кемшіліксіз адам болмайтынын ескерсеңіз, кемшілікті кешіре білу де, түсіне білу де керек.

9. «Өзіңе қарамайсың, күтінбейсің». Бұл сөз әйелдер үшін ғана емес, бүкіл адам баласына ауыр тиетін  жеке басқа айтылған дөрекі сын дерсіз. Сондықтан  осындай сын айтудан абай болыңыз!

10. «Тамағың дәмсіз болыпты». Сіз үшін барын салып дайындаған асына бұл пікіріңіз тіптен орынсыз. Ерінің жұмыстан оралуын асыға күтетін әйелдер үшін көңіл қалдырарлық бірден-бір сөз осы болмақ.

Әйелдер қауымын бірінен-бірін ерекшелендіретін олардың өзіндік еркелігі мен назы.  Ал оларға көптеген қарсы айтылған пікірлер мен сындар ұнай қоймайды екен.

Ал, сізге жігіттердің қандай сөзі ұнамайды?

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: