Баланың көзін жой: Атыраулық дәрігердің телефонын тыңдағандар есеңгіреп қалды

-

Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы екі айда елуге жуық шақалақ шетінеп кеткен. Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері атышулы перзентхананың осындай статистикасын жариялады.

Осыған байланысты бала өлімі өршіп тұрған орталықтың босану бөлімшесі уақытша жабылатын болды, деп хабарлады КТК.

«Перинаталдық орталықтың желдеткіш жүйесі соңғы бір жарым жылдан бері жұмыс істемеген. Соның салдарынан ауада шаң мен инфекция жиналған. Ақылдаса келе, босандыру бөлімшесін уақытша жабу туралы келісімге келдік. Бұл перинаталдық орталық түгел жабылады деген сөз емес», – дейді Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Нығметжан Сапаров.

Аталмыш перзентханадағы төсек жапқыш пен жаялықтар арнайы орында емес, аулада жуылып кептірілген көрінеді. Қазір мамандар ол жерден сынама алып тексеруге кірісті.

Ең сорақысы, дәрігерлердің мас күйінде ота жасап, сәбилерге зақым келтіргені анықталған. Осы жайттардың бәрі бала мен ана өлімінің көбеюіне әсер еткен болуы мүмкін. Себебі, биыл 45 мың сәби дүниеге келсе, оның 442-сі өлі туған. 432-сі жарық дүниені көре салып шетінеген. Ал бұл былықтардың әшкереленуіне себепкер болған сәби қазасына қатысты деректі жемқорлықпен күрескерлер ойда жоқта анықтаған.

Жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген Қуаныш Нысанбаевтың телефонын тыңдау кезінде баланың көзін жою туралы бұйрығын естіп қалыпты.

«Біз әңгімені естіген бойда сәбиді құтқарып қалу үшін шұғыл жеттік, бірақ үлгермедік. Перинаталдық орталық қызметкерлері ұзақ уақыт бойы есікті ашпады. Ал Қуаныш Нысанбаевты сағаттап іздеп, қаладағы сауналардың бірінен ұстадық. Тергеу жұмыстарынан кейін сәбилердің жаппай өлімінің нақты себебі белгілі болады деп отырмыз», – дейді департамент бастығы.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...