Ява аралының батыс жағалауында апатқа ұшыраған ұшақ бөлшектерін іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Lion Air әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы құлаған жерден видео жария болды. Оны Индонезиядағы Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық кеңес төрағасы Сутопо Пурво Нугрохо жария етті.

Бұған дейін хабарланғандай ұшақ ұшқан сәттен 13 минут өткенде әуеде жоғалып кетті. Бортта жолаушылардан өзге 6 бортсерік пен 2 пилот болған.

Бұған дейін Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы әуеде жоғалып кеткенін хабарлаған едік. 

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...