Брюс Ли өмірінің бес жұмбағы және оның ұлының өлімі туралы

Загрузка...

1980 мен 1990 жылдары, тіпті одан кейінгі уақытта да буыны бекіп келе жатқан жастар Брюс Ли өнерін құрмет тұтты. Ерекше бағалады. Миллиондаған жасөспірімдер каратэ, кунг-фу және у-шу мектептерінің есігін қақты, еліктеді. Брюс Ли – қытайлық киноактерлардың ішінде өзін әлемге мойындатқан алғашқы тұлға. Бірақ, шығыс жекпе-жегі майталманының ғұмыры жұмбаққа толы болды.

Гонконгта өскен бала АҚШ-қа қалай жетті? Бұл сұрақ жауапсыз емес. Ип Ман ұстазынан тәрбие алған Ли Сяолун (кішкентай кезіндегі аты) өз есесін ешкімге жібере қоймаған. Бірде төбелестердің бірінде ол «Триада» басшысының ұлын ұрып кетеді. Ұлдары аман-есен өмір сүру үшін сол кезде Брюстің ата-анасы оны АҚШ-қа жөнелтуді жөн көреді. Сонда өзінің өнерін шәкірт тәрбиелеуге арнаған тұлға қытайлықтар тарапынан қысымға да ұшыраған. Өз өнерін өзгелердің үйренуіне қарсы болған қытайлықтар алдын алу үшін талай айла-шарғыға барған. Тіпті, Вонг Джек Ман есімді шығыс жекпе-жегінің шебері шарт қойып, жекпе-жек өткізген. Егер жеңсе, ісін доғаруға уәдесін алған. Бірақ, Брюс Лиді жеңу «бақыты» бұйырмаған. Кейіннен фильмдерге түсіп, әлем назарын өзіне аудара білді. Ли Чжэньфань (есейгендегі есімі) табиғатынан физикалық тұрғыдан мығым болып келген. Оның көз ілеспес шапшаңдығына жан баласы таңданбақ түгіл, байқамай да қалатын болған. Тіпті, секундына 24 кадр жасай алатын күшке ие камералар да Брюс Лидің жылдамдығын түсіріп үлгере алмайды екен. Брюс Ли үнемі қозғалыста, үнемі жаттығу жасаудан талмаған. Оның бір жұмбағы да – осында. Ол жүгіруге аптаның 6 алты күнінде 4 сағаттан арнаған. Жай жүргенде де жаттығу амалдарын жасап жүрген. Көптеген тұлғалар Брюс Лиді үлгі тұтуды үгіттегенмен, оның жаттығу жасау стилін, тамақтануын және өмірлік ұстанымын ұстануға қарсы. Кей медицина мамандары тұлғаның өлімін – өзіне артық физикалық жаттығу жасауынан деп те түсіндіреді.

Брюс Ли – «сегіз қырлы, бір сырлы» болған. Ол жалғыз шығыс жекпе-жегімен шектеліп қана қалмай, би, бокс және философия ғылымымен айналысқан. Оған тағы актерлық шеберлігін қосыңыз. 1958 жылы, 18 жасында Брюс Ли ча-ча-ча биінен Гонконгтың чемпионы атанған. Дәл сол жылы бокстан да қарсылас шақ келтірмей, топ жарған. Бір қызығы, Брюс Ли қаны таза қытай деп те есептелмейді. Оның атасының анасы неміс ұлтынан болған. Сол кезде қалыптасқан кей көзқарастар бойынша «жекпе-жекпен айналысатын адамдарда «ми» болмайды» деген түсінікті жоққа шығарды. Ол Вашингтон университетінде флософиядан дәріс алған. Кейіннен оқуды тастап, өзінің жеке мектебін ашқан. Бір қызығы, қанша қашықтықта болса да, сабақ уақытынан еш кешікпеген деген де деректер бар. Осыншама іспен шұғылдануға уақыт таба білу – Брюс Ли өмірінің бір жұмбақ тұсы. Брюс Ли үлкен жетістікті бағындыру үшін алдына мақсат қоя білген. Ол өзінің жеңіс шыңын бағындыру үшін, сан тәсілді пайдаланған. Тіпті, алға қойған мақсаттарын ұмытып қалмау үшін қойын дәптеріне түртіп алатын да болған. 1969 жылы ол өзінің кітапшасына төмендегідей жазба қалдырған екен. – Мен Брюс Лимін. Алдағы уақытта Америка Құрама Штаттарындағы ең көп табыс табатын «жұлдыз» атанамын. Фильмдерде басты рөлді сомдайтын боламын. 1970 жылдан бастап менің әлемге айтар «сөзім» болады. Ал 1980 жылға дейін менің еншіме 10 миллион доллар түседі. Одан кейін бақыт құшағында шалқып өмір сүретін боламын, – деген. Дегенмен, төрткүл дүние таныған тұлғаның ғұмыры бұл жоспарын толықтай орындауына мүмкіндік бермеді. Брюс Ли салауатты өмір салтын толық ұстанған. Темекі шегіп, арақ ішпеген. Ал әкесі Ли Хой Чуэнь темекіге өте құмар болған екен. Десе де Брюс Ли дүние салғаннан кейін, дәрігерлер оның асқазанынан есірткі «іздерін» анықтаған деген де жұмбақ деректер бар.

Брюс Ли 1973 жылы 20 шілде күні Гонконгта көз жұмды. Көп адамдар сене де қойған жоқ. Тіпті, малайзиялықтар соңғы түсіп жатқан «Өлім ойыны» фильмі алдындағы жарнама ретінде қарады. Бірақ, танымал тұлғаның дүние салғаны ақиқат еді. Ертесіне-ақ аз ғана таралыммен шығатын газеттер екі есе санын арттырып, шығыс жекпе-жегі шеберінің дүние салғанын жалпақ әлемге жария етті. Сол күннен бастап Брюс Ли өлімі жайлы «аңыз» дүниені кезіп кетті. Ал өлімі болса жұмбақ күйде қалды. Брюс Ли дүние салғаннан кейін өліміне байланысты түрлі сыбыстар шықты. Басты ақпарат бойынша, киноға түсу сәтінде дәрі (аспирин) ішкен тұлға кейіннен есінен танып, орнынан тұра алмай көз жұмған. Бірақ, бұл бір қорытынды ғана. Оны біреулер өзге бір шығыс жекпе-жегінің шеберінің қолынан қаза тапқан деп айтады. Брюс Ли өліміне қатысты тағы бір «аңыз» бар. Ол жай күндері мен киноға түсу кезінде бір ерекше жаттығуды орындауды еш іске асыра алмай жүреді. Сол күні киноға түсу кезінде таныс емес бір адам сол жаттығуды Брюс Лиге үйретпек болып, ортаға шақырады. Жұртшылық алдында оқыс қимыл жасаған бейтаныс адам Брюстың басынан соққы жасаған. Күтпеген соққыдан құлаған актер сол сәтте көз жұмған. Ал бейтаныс адам болса ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Ешкім де танымайтын болып шыққан. Тек бір ғана актерлардың бетін әрлеуші бейтаныс адамның түсірілім алдында «ол өлуге тиісті» деген сөзді қайталап жүргенін естіген. Жұртшылық оны «Триада» баскесерлер тобының мүшесі деп топшылаған. Бейтаныс адам қимылы кез келген адамды сол сәтте, бір айдан, тіпті бір жылдан кейін де өлімге әкелетін соққы болғанын айтушылар көп. Және сол соққы Брюс Ли өлімінің себепкері де саналды. Жылдар өтсе де Брюс Ли өліміне қатысты құпия толық ашылмады. Тек жұмбақ жағдайлар ғана аңыз болып айтылып қалды. Танымал тұлғаның өліміне қатысты бұл екі ел аузындағы дерек қана. Ал өзгелері қаншама?! Әрқайсысынан бір-бір кітап жазуға келеді. Ал үшінші бір аңыз бойынша Брюс Лидің өліміне қытайлық сиқыршы («қара көлеңке») дуасын себепкер ретінде қарайды. Өйткені, оның ұлы Брэндон Ли да фильмге түсу сәтінде көз жұмды. Шығыс жекпе-жегінің хас шебері, актер, режиссер, продюссер, сценарист, философ Брюс Ли ұлының маңдайына да әке өлімінің тағдыры жазылыпты. Кезекті бір фильмге түсіп жатқан Бренден Лиді қарақшылар ату керек болады. Түсірілім сәтінде тапаншаға адам өлтіретін күшке ие оқ салынған. Нәтижесінде жарақат алған Брэндон көп қан жоғалтып, бақилық болған. Ал тапаншаға оқтың кімнің салғаны сол күйінде құпия…

Расында да, Брюс Ли – ХХ ғасырдың ұмытылмас тұлғаларының бірі. Өзі негізі бес-ақ филмьде басты рөлді ойнағанмен, оған арналған 30-ға жуық фильм түсірілген.

Дайындаған Антон Антонов

Тарих сөйлейді парақшасынан

Загрузка...
Загрузка...
Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: