Қазақстанда пәтер бағалары қымбаттай бастады

-

Жалпы алғанда, Қазақстандағы пәтерлердің бағасы бір айдың ішінде 1,2% өскен. Ал бір жылдың ішінде пәтер бағасы 7,2% қымбаттаған.

Қазақстандағы қалалардың пәтер бағасына талдау жасап шыққан Крыша порталы тамыз айында да пәтер бағасының көтерілгенін анықтап отыр, деп хабарлайды finance.bugin.kz.

Әсіресе, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Алматы қалаларында баға әжептәуір көтерілген. Павлодарда бір айдың ішінде пәтер бағасы 3,5% (пәтердің бір шаршы метрі – 185 мың теңге), Талдықорғанда 2,8% (189 мың теңге), Өскеменде 2,3% (196 мың теңге) қымбаттаған.

Петропавлдың пәтерлері де 2 пайызға дейін қымбаттап, бір шаршы метрі 215 мыңға жетті, ал Қарағандының пәтерлері 1,6% қымбаттап, 207 мың теңгеге тірелді.

Алайда, Алматыда жағдай біршама қалыпты. Пәтер бағасы 1,4 пайыз қымбаттаған, бір шаршы метрі 389 мың теңгеден саудалануда.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы пәтерлердің бағасы бір айдың ішінде 1,2% өскен. Ал бір жылдың ішінде пәтер бағасы 7,2% қымбаттаған. Бір жылдың ішінде Петропавлдың пәтерлері 16%-ға дейін, Өскеменде 15%-ға, Шымкентте 14%-ға, Алматыда 13%-ға, Талдықорғанда 12%-ға қымбаттаған.

Загрузка...
Загрузка...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Мұз астына түсіп қайтыс болған балалардың ата-аналары қылмыстық жауапқа тыртылмақ (ВИДЕО)

Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап. Балалар ойнап...

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан...

2020 жылы Еуразияға қауіп төндіруі мүмкін топ-10 жағдай

Нұр-Сұлтанда “Астана клубы” саяси форумының мерейтойлық отырысы кезінде “2020 жылы Еуразияға төнетін 10 негізгі сын-қатер” рейтингісінің екінші басылымы таныстырылды....

Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен...

Көп оқылды

Нұр-Сұлтанда тағы да жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп...