Әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.21 жастағы Сұлтан Зауырбектің алғашқы жекпе-жегі Лондондағы York Hall кешенінде өтті. Ол екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде тәжірибелі никарагуандық боксшы Хосе Агилармен (16-52-4, 6 КО) жұдырықтасты. Кездесуде қазақстандық боксшы ұпаймен жеңді — 40-34. Төрт раундқа созылған жекпе-жек барысында Агилар екі рет нокдаунға түсті.

Сұлтан үшін бұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңіс болды, ал 34 жастағы қарсыласы 53-ші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Айта кетсек, Сұлтан Зауырбек — 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Биыл боксшы MTK Global промоутерлік компаниясымен жұмыс істей бастады.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...