Hollywood Fim Festival жобасында қазақстандық фильмі «Әмре»-нің жоғарғы орынға ие болғаны туралы актер Санжар Мәдиев өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар, Hollywood Fim Festival ұйымдастырушылары да өз парақшаларында жеңімпазды атап, құттықтауларын жазған.

Айта кетсек, аталған фильм қазақтың жарқын жұлдызы Әмре Қашаубаев туралы. Әмренің өзі 1925 жылы Парижде өткен Эскпо тұсындағы байқауда еуропалық жұртқа қазақ халқының ән өнері мен ұлттық аспабы домбыраны паш еткен еді. Сонда барлығын таң қалдырып күміс жүлдені иеленген болатын.

Туындыда әншінің саяси қайраткер Мүстафа Шоқаймен, джаздық пианист Джордж Гершвинмен кездескені жайлы айтылған.
Кинода басты рөлді сомдаған Санжар Мәдиевті желіде құттықтап, қуанышымен бөлісіп жатқандар көпшілік.

https://www.instagram.com/p/BpbJI6WBiT0/

Олардың басым саны актерге шығармашылық табыс тілеп, биіктен көрінуіне тілектес екендерін айтып, мақтан тұтты. «Жарайсңдар! Қазағымды әлемге паш еткен Қазақ жігіттеріінің өнері өрлей берсін!» деп жазған екен желі қолданушылардың бірі.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...