Түркия қалаларының бірінде асфальт опырылып түсіп, екі әйел астында қалған.

Түркияның Диярбакыр қаласында бақылау камерасына екі әйелдің асфальт астына түсіп кеткен сәті жазылып қалған. Видео DHA ақпараттық агенттіктің YouTube арнасында жарияланды.

Кадрда әйелдер көшеде әңгімелесіп келе жатқанда, аяқ астынан асфальт опырылып, екеуі жер астына түсіп кетті. Зардап шеккендерге оқиға куәгерлері көмекке ұмтылған. БАҚ мәліметіне сүйенсек, екі әйел ауруханаға жеткізіліпті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...