Қазақстандық боксшы 2019 жылдың көктемінде Риота Муратамен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған еді. Алайда жапониялық жуырда қарсыласынан жеңіліп, Головкиннің жоспарын бұзды

Орта салмақтағы WBC әлем чемпионының «уақытша» белбеуінің иегері Джермалл Чарло өзінің дивизионында болып жатқан жағдайларға тоқталып, әлі де Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Өткен демалыста жапониялық боксшы Риота Мурата күтпеген жерден америкалық қарсыласы Роб Бранттан жеңіліп, 2019 жылдың көктемінде Токиода табысты жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған Головкиннің жоспарын бұзды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Роб Брант Муратаны тоқтату арқылы көп нәрсені шатастырып жіберді. Бірақ бәрібір Головкин әлі де менің салмақ дәрежемдегі король. Сол себепті мен онымен жұдырықтасқым келеді», — деді Джермалл.

Естеріңізге сала кетсек, WBC ұйымы титулдың қазіргі иегері Сауль Альвареспен кім жекпе-жек өткізетінін анықтау үшін Чарло мен Головкиннің өзара жұдырықтасуы керек деп шешті. Америкалық 22 желтоқсан күні өзінің отандасы кіші Вилли Монромен жұдырықтаспақ.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...