Осыдан біраз уақыт бұрын Астанада ота жасатқан халық артисі енді өзін өлді деп жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермекші.

Композитор Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Алайда, біраз уақыттан кейін әнші өзінің тірі, аман-есен екенін жеткізді. Ендігіде Ескендір Хасанғалиев өзін қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқан басылымды сотқа бермек.

«Құрметті Халқым! Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат – өтірік!!! Мен Оқжетпесте демалысымды өткізіп жатырмын. Жалған ақпаратты таратқан газетті сотқа береміз», – деді Есекендір Хасанғалиев өз Instagram-парақшасында.

Бөлісу:


Загрузка...
Загрузка...